Ағаш шеберханасы

ағаш шеберханасы Қалаға арналған бизнес жоспарлар

Үй бизнесі ретінде ағаш шеберханасын ашуға болады. Ағаш – әрдайым сұранысқа ие бағалы материал. Тіпті қаржылық дағдарыс кезінде де, адамдар жиһазсыз, терезе мен есіксіз өмір сүре алмайды.

Қазіргі кезде ағаш шеберлері өте аз, сондықтан бәсекелестіктен қорықпауға да болады. Фабрикалар ешуақытта сіздің бәсекелестеріңіз бола алмайды. Олардың нарықта өмір сүруі үшін өнімнің үлкен көлемдегі айналымы керек, ал үйдегі ағаш шеберханасы ондайды талап етпейді.

Балаларға арналған ағаштан жасалған ойыншықтар жасау бағыты ең тиімді болып табылады. Ойыншық жасаудың ешқандай қиындығы жоқ, ал өнімнің бағасы әр уақытта қымбат.

Төменде келтірілген ойыншықтарды жасай білсеңіз, ол қазіргі нарықты жаулап алған қытай ойыншықтарынан әлдеқайда артық.

Мұның бірнеше артықшылықтары бар:

Біріншіден, өнімнің табиғилығы, ағаш пен бояулар ғана қолданылатын болғандықтан зиянсыз (экологиялық таза бояу табу қиын емес).

Екіншіден, мұндай ойыншықтар балаларды ойландыруға бағыттап, олардың ой-өрісінің өсуіне септігін тигізеді. Кез келген ата-ана ағаш ойыншықтарды алуға тырысады.

Әр бизнес үшін міндетті түрде жасалатын шаралардан (заңды тұлға ретінде тіркелу, жалға алу, т.б.) бөлек ағаш ойыншықтарды өндіру үшін алдын ала мынадай жоспар құрып алыңыз:

1) нарықты зерттеу.

2) өнімге сертификат алудың тәртібін білу.

3) өнім түрлерін жасау мен әр өнімнің техникалық құжатын реттеу.

4) құрал-жабдықтарды сатып алу.

5) сынақ үшін ойыншықтар партиясын жасау.

6) қораптар  мен нұсқауларды, жарнамалық буклеттерді жасату.

7) тауарды сертификаттау.

8) сатуды жолға қою, өнімді өткізу.

Ағаш ойыншықтары өндірісін ашу үшін осындай қадамдар жасау керек. Уақыт өте келе, өндірісті кеңейтіп, жаңартып, толықтыру, сату арналарын дамыту қажет.

Жеке кәсіпкерлікті жүргізу үшін санитарлық-эпидемиологиялық шешім алу қажет болады.

Ғимарат. Бұл бизнес түрін жүзеге асыру үшін сізге алдымен жұмыс істейтін орын керек. Ең ыңғайлысы — 40-50 м² жер. Шеберхана бояу мен тегістеуді жүзеге асыру үшін жарықтанған болуы тиіс.  Жылуының да дұрыс жолға қойылғаны маңызды. Әр өнімді жасау кезіндегі температура оны болашақта пайдаланудағы температура мен ылғалдылыққа сай болуы керек. Әйтпесе, өнімдегі кейбір бөлшектердің бұзылуы, тілімдердің пайда болуы, ағаш блоктарындағы жұқа тақтай мен жиһаздың маңдайалды кебуі сияқты мәселелер туындайтын болады.

Құрал-жабдықтар. Ресейде өндірілген жабдықтардың бағасы:

  • жұқа тақтай –  50 000 теңге.
  • рейсмус (параллельді бет, яғни өнімнің керекті қалыңдығын жасайды) – 65 000 теңге.
  • циркулярлық станок (керекті қалыңдық пен көлемді кеседі) – 60 000 теңге.
  • фрезерлік станок – 35 000 теңге.
  • компрессор (бірақ егер де Сіз бастапқы кезде тек ойыншықтар жасаумен айналыссаңыз бұл құралдың қажеті жоқ, кейін, мысалы, асүй жиһазын бояу үшін оны алуға болады) – 60 000 теңге.
  • сызықтық тегістейтін машина, – 45 000 теңге.
  • тербелістік тегістейтін машина  – 15 000 теңге.
  • тік қоюға арналған станок – 30 000 теңге.

Болжамды есептеулер.

1. Шығыстар:

  • жабдықтарды сатып алу – 360 000 теңге.
  • ғимаратты жалға алу – ай сайын 60 000 теңге.
  • қораптар мен нұсқауларға тапсырыс беру – 100 000 теңге.

Бастапқы кезеңде барлығы: 520 000 теңге.

2.Табыс:

Ағаштан жасалған ойыншықтардың кішігірім жиынтығы (бірнеше элементтерден құралған қарапайым ойыншық)  2 000 теңге,  ал оның өз бағасы  800 — 900 теңге. Күрделі және үлкен ойыншық  4 000 — 15 000 теңге тұрады.

Тумбасыз қарапайым ағаш үстел — 12 000 теңге, тумбамен 20 000 теңге тұрады. А4 форматты 4 сөресі бар кеңсе шкафы  – 20 000 теңге.

Бұл бизнес өзін-өзі 5-6 айда ақтайды.

Оцените автора
Пікір қалдырыңыз