Бал арасын өсіру

бал ара өсіру Ауылға арналған бизнес жоспарлар

Ара өсіруге негізделген бизнес – бұл негізінде балара  ұясын және омартаны ұстауға жататын бизнес. Бұл бизнеспен айналысу арқылы балара балы, балауыз, ара желімі, тозаңы және басқа да балара өнімдерін алуға болады. Табиғи жас балара өнімі азық–түлік саласында да, медицина саласында да әрқашан үлкен сұранысқа ие.

Түрлері. Араның түрлері шамамен 25 мыңға жуық. Араның бал жинау мен гүлденген дақылдардың өнімділігін арттыру үшін ең көп тараған ортаресейлік, карпаттық және қиыр шығыстық іспетті түрлерін өсірген дұрыс.

Ортаресейлік аралар. Ірі болады, салмағы 110 мг жетеді. Тұмсығы қысқа -6,35 мм. Түсі қара-сұр. Араның бұл түрі өте долы болып келеді. Қысқа өте төзімді. Аналығының өнім беруі 2 000 жұмыртқаға дейін жетеді. Карпат аралары таза сұр реңді. Олардың мөлшері ортаресейліктен кіші, бірақ кавказдықтан үлкен. Салмағы 100 мг дейін. Тұмсығым6,7 мм. Аралар бейбітсүйгіш, тыныш. Қысқа төзімділігі орташа. Өнімділігі 1 800 жұмыртқаға дейін. Қиыр шығыстық аралар. Сұр түсті. Салмағы 105 мг. Тұмсығының ұзындығы 6,7 ммдейін. Бұл аралар да бейбітсүйгіш, тыныш. Қысқа төзімділігі орташа. Аналығының өнімділігі 1 800 жұмыртқаға дейін.

Неден бастау керек? Омарта орналастыратын жерді таңдаудан (ара ұясымен бірге бірнеше омарталар) және қажетті құрал‑жабдық алудан бастау керек. Омартаны ұйымдастыру үшін құрғақ жерде орналасқан, желден жақсы қорғалған шағын жер учаскесі қажет, сонымен қатар оның маңында орман, бақша, балды өсімдіктер өсетін шалғындар мен алаңдар болуы керек. Омарталар конструкциясы да үлкен мәнге ие, оның сапасы күшті, жұмысқа қабілетті аралардың тобын құруға және омарташының еңбек өнімділігінің артуына тікелей әсер етеді.

Құрылғылар мен технология. Ең  алдымен сізге омарта алу қажет. Әрине, тәжірибесі мол омарташылардың өздерінің ағаш өңдейтін құралдары бар және олар омартаны өздері жонып жасай алады. Сіздің қолыңыздан омарта жасау келмейді, сондықтан сатып алуға тура келеді. Омартаның бұрын қолданылғанын әрі онша тозбағанын алу керек. Бұл олардың  кемшіліксіз болатынын білдіреді, және сізге де оны түзету үшін қолыңызға балға алудың қажеті болмайды. Бірақ бұндай жағдайда баға мен сапаның үйлесімдігі өте қолайлы болып табылады. Ондай омарталарды 1 500 – 2 000 теңгеге сатып алуға болады.

Бірақ бір ғана ара отбасын асырау – «бұл бизнес емес». Күзде өнімді сату үшін ең жоқ дегенде 5 омарта сатып алып, ең кемі 5 ара отбасын асырау керек (бұдан да көп болса болады, бірақ тәжірибе болмағандықтан сіз үлкен омартаға қарау барысында проблемаларға ұрынуыңыз мүмкін). Сондықтан да 5 омарта сатып алсаңыз, барлығы шамамен 10 000 теңге болады.

Енді аралар. Оларды омартамен бірге сатып алуға болады, бұл өте қарапайым, бірақ есесіне ең қымбат тәсіл болып шығады. Аралар отбасының құны орта есеппен 11 000-13 000 теңге.

Құрал‑жабдықтар. Сізге бетжақ перде, мұржа және ең керегі омарташы қашауын алу керек, онсыз омартаға жақындай алмайсыз. Сонымен қатар, ашық түсті, түксіз киім керек, араларды ұйпау үшін щетка (қаздың қанаты) және қажеттілікке қарай басқа да жабдықтар керек.

Жем. Аралар үшін негізгі тамақтану көзі – гүл шырыны  (гүлдің арнайы мүшелерінен бөлінетін тәтті сұйықтық). Аралар өздері жемін тауып, қысқы азық қорларын өздері әзірлейді. Олар жемді өңдейді, өсімдік шырынын балға, ал гүл тозаңдарын балтозаңға, яғни ұзақ мерзімге сақтауға болатын және ара ағзасымен жақсы игерілетін өнімге  айналдырады.

Араларды сонымен қатар қосымша қант шәрбатымен (жүзім тұнбасы қышқылы қосылған суға араласқан құрақ қант) азықтандыру қажет;

Көбейту. Бал аралардың көбеюі екі түрлі жолмен болады: шағылысу және аралардың үйірлену жолымен (бұл ара отбасыларын жеке жайғастыру жолымен аналық отбасын аралардың жартысынан бөлу – роя болып табылады).

Үрдіс. Аналық – бір өзі үлкен отбасының жалғыз анасы. Шағылысудан кейін  3-4 күн өткен соң аналық ара жұмыртқа сала бастайды. Жұмыртқалау кезеңінде ол тәулігіне 2-3 мыңға дейін жұмыртқа салады. Аналығы 30 күн бойы шағылысу қабілетін сақтайды.

Үйірлесуге дайындалу барысында аралардың отбасы кәріздер құрылысын тоқтатады, бірден шырын мен тозаң жинауды төмендетеді. Аналықтың алмасуы отбасының үйірлесуі үшін ынталандыру бола алады. Бұл жаздың ортасында, бал өсімдіктері гүлдеуі азайғанда байқалуы мүмкін. Үйірлесу 2-ден 6 аптаға дейін жалғасады. Жаңадан жарып шыққан араның жұмсақ хитинді сүйегі болады, денесін жүн жауып тұрады, сондықтан түрі ұлпаға ұқсайды. Алғашқы үш тәулікте барлық личинкалар ақуыз жемімен – аналық сүтімен тамақтанады. Үш тәулік өткеннен кейін асыраушы аралар жұмыс істейтін және жалқау аралардың личинкаларын көмірқышқыл жемімен – бал мен балтозаңның араласқан түрімен қоректендіреді. Нәтижесінде үш тәуліктің ішінде  ( 3-күннен 5 күндік жасқа дейін) аналық личинканың таза салмағы 26 есеге дейін өседі (жұмысшы аранікі —  6 есе, жалқаудікі -3 есе).

Сату. Балдан басқа жанама өнімдерді сатумен де айналысуға болады: аналық сүтті, балауызды, тозаңды. Дегенмен, омарта шаруашылығының негізгі табыс көзі (шамамен 80%) – бал сату.

Сіз балды өз туыстарыңызға, достарыңызға сата аласыз, базарға, дүкенге өткізуге де болады және т.б.

Болжамды есептеулер.

1. Шығыстар:

  • бұрын пайдаланылған омарталар сатып алу (5 тал) – 10 000 теңге.
  • аралар сатып алу,  5 отбасы * 11 000 теңге = 55 000 теңге.
  • жабдықтар сатып алу – 15 000-16 000 теңге.
  • Барлығы: 88 000 теңге.

2. Табыс:

Енді кірістер туралы. Бүгінгі күні балдың литрі 1 000-1 200 теңге (өңіріне сәйкес) тұрады. Орта есеппен алғанда бір ара отбасынан шамамен бір маусымда 30 кг сатуға арналған бал алуға болады, бұны қарапайым есепке салу үшін литрге айналдырайық, шамамен – 20 л. Сонымен, 20 л x 1 000 теңге x 5 отбасы = 100 000 теңге.

Балдан басқа балауызды, ара желімін, гүл тозаңын, ара уын сатуға болады, яғни кірістер бұдан да жоғары болуы мүмкін.

Айта кететін бір жайт, бұл шығыстарды бір реттік төлем деп те атауға болады. Егер сіз омартаны кеңейтуді көздемесеңіз, жыл сайын құрал-жабдықтар мен ара омарталарды сатып алудың қажеті болмайды.

Тағы айта кетерлігі, омарташылықпен әуесқойлық тұрғыдан айналысу, яғни тағы басқа жерде жұмыс істей жүріп айналысуға болады, омарташылар 30 және одан да көп ара отбасыларын ұстай алады. Бұны бал бағасына көбейтсеңіз, жалақыңызға қосымша жап‑жақсы табысты қоса аласыз.

Ал кім омарташылықпен кәсіби айналысса, оларда 60 және одан да көп ара отбасылары болады, онда кәсіппен айналысушы өзін осы тамаша жәндіктер есебінен толық қамтамасыз ете алады.

Қаражатты қайдан алуға болады?

Бал арасын асырау кәсібімен айналысу үшін қаражатты Бастау бизнес жобасын оқып, қайтарымсыз грант алуға болады.

Оцените автора
Пікір қалдырыңыз