Полимерлік сазбалшықтан әшекейлер мен кәдесыйлар жасау

Полимерлік сазбалшықтан әшекейлер мен кәдесыйлар Қалаға арналған бизнес жоспарлар

Көбіміз нешетүрлі ерекше авторлық алқалар мен әшекейлердің дүкендерде сатылып жатқанын көрдік. Мұндай бұйымдарға деген сұраныс күннен күнге өсіп келеді. Бұл заттарды,  негізінен,  «полимерлік сазбалшықтан» жасайды.

Полимерлік сазбалшық (сонымен қатар, пластик) – жабыстыруға арналған поливинилхлорид негізіндегі (кішігірім өнімдер, әшекейлер, қуыршақтар) ауада немесе жылытқанда қататын  икемді материал.

Авторлық жұмыстарыңызды сатуға негізделген бизнесті ұйымдастыру үшін сізге керегі – полимерлік сазбалшық (пластик). Оны сатып алу еш қиындық тудырмайды, полимерлік сазбалшық қолөнершілерге арналған дүкендерде немесе кеңсе заттары дүкендерінде сатылады.

Жабыстыру. Полимерлік сазбалшықпен жұмыс ұқыптылық пен арнайы әдістерді меңгеруді талап етеді. Оның көмегімен көптеген көркемсурет эффектілері мен беттерді имитация жасауға болады: шыны, ағаш, мата, табиғи сазбалшық, фарфор, піл сүйегі, кез келген жасанды тастар. Материалдан пластификатор алынған кезде, пластик екі негізгі бөлікке бөлінеді – пісірілетін және өзі қатқан.

Полимерлік сазбалшықты пайдалану алдында, оны жақсылап  езу керек, қолдың жылуынан ол өте икемді болады.

Жас шеберлерге бұйым жасауды қарапайым моншақтардан бастаған дұрыс. Ол үшін пластикті жайып, бірдей бөліктерге бөледі, сосын домалақтап,  моншақтар жасайды. Осылайша олардың көлемі бірдей болады. Моншақтарды пісіруді ыңғайлы ету үшін оларды тістазалағыштарға қадайды. Моншақтар ерекше болып көріну үшін, жұмыс алдында түрлі екі түсті пластикті араластыруға болады.

Күрделі бұйымды «caning» (кэнинг – ағылш. «cane» (таяқ)) техникасымен жасауға болады, кейде оны миллефиори деп те атайды. Оның көмегімен шеберлер сазбалшықтан нешетүрлі шедеврлер жасап шығарады. Сурет салу үшін пластик орама түрінде оралады, суретті жинап, ұзындығы бойынша тартады. Осылайша әдемі сурет пайда болады. Одан кейін бөліктерге кесесіз де, моншақтар жасайсыз.

Сазбалшықпен жұмыс жасауда таңбалау әдісін де қолдануға болады.  Ол үшін формалар мен таңбалар жасауға арналған арнайы икемді пластик керек. Пластиктен қажетті белгі жасайды (моншақ, жаңғақ, сүйек, ұлу қабыршағы), одан кейін оны пісіріп, болашақта түрлі фактуралық бұйымдар жасау үшін форма ретінде қолданады. Егер сіз ұзын әрі жұқа бұйым жасаймын десеңіз, онда жұқа сымнан жасалған каркаста жапсырған жөн.

Термикалық өңдеу. Өнім жапсырылып болғаннан кейін, оны кептіріп, термикалық өңдеу керек. Термикалық өңдеу кезінде пештегі температураны 175º-тан жоғары көтерсе, пластик түтін шығарып, жана бастайды. Сондықтан да, қажетті температура тәртібін сақтау керек, әсіресе, температураны бірден жоғарылатуға мүлдем болмайды.

Күйдірілгеннен кейін бұйым толық кебу керек, одан кейін ғана басқа шаралар жасауға болады: сазбалшықты жуу, кесу, тесу, бөліктерге бөлу, т.б. Бояу үшін темперді, акрил бояуларын, гуашьті  пайдалануға болады (одан кейін суға төзімді лак қолданылады). Өнімді нитроэмальмен бояуға да болады (алдын-ала эпосид желімінің жұқа қабатымен жабыстырғаннан кейін). Бұдан кейін ғана фарфор сынды декоративті бет пайда болады.

Өткізу. Алғашқы кезеңде жарнаманың рөлі өте зор, БАҚ-қа берілген жарнама, түрлі түсті хабарландырулар тарату – мұның барлығы клиенттер тартуға көмектеседі. Бизнесті ұйымдастырмас бұрын сіздің өніміңізді өткізуге болатын сауда нүктелеріне хабарласып шығыңыз. Ондай сауда нүктелеріне әшекей, кәдесый, интерьер жабдықтарын сататын дүкендер жатады. Сонымен қатар, жеке тапсырыстар бойынша жұмыс жасауға да болады. Клиенттермен жұмыс істеу барысында өте қажет болатын сіздің жасаған заттарыңыздың фотоальбомын не каталогын әзірлеп қойған дұрыс.

Болжамды есептеулер.

1. Шығыстар:

Қаржыңыз, негізінен, полимерлік сазбалшыққа жұмсалады. Бір қаптамасы орта есеппен алғанда, 520-900 теңге тұрады. (бір қаптамадан шамамен, кішірек өлшемдегі 25-35 әшекей шығады). Жарнама шығыстары – 3 000 теңге. Барлығы: орта есеппен 4 000 теңге.

2. Табыс:

Полимерлік сазбалшықтан әшекей жасаудың еш қиындығы жоқ екендігіне көз жеткіздіңіз. Ал одан не жасау, қандай зат жасау тек қана сіздің шабытыңыз бен қиялыңызға байланысты. Мұндай шығармашылық жұмыспен айналыса жүріп айтарлықтай табыс табуға әбден болады. Мысалы: бірегей данадағы авторлық алқа шамамен,  2 500 – 4 500 теңге тұрады. Бір айда сіз 15-40 алқа, сырға, білезік жасай аласыз. Шығыстар, тіпті жоқ деп айтуға болатынын есепке ала отырып, мұндай кәсіпкерлікті табысты деп қорықпай айтуға болады.

Оцените автора
Пікір қалдырыңыз