Кілт жасау, құлып жөндеу

кілт жасау құлып жөндеу Қалаға арналған бизнес жоспарлар

Кілт жоғалту – өте кең тараған құбылыс. Адамдар оларды жиі жоғалтады және де көбіне таппайды. Сәйкесінше, кілт жасау бизнесінің қызметі әрдайым біршама сұранысқа ие. Мұндай қызметті жиі қажетсінетін клиенттер тұрақты тапсырыс берушілерге айналатыны әбден мүмкін.

Потенциалды клиенттер ретінде кабинеттері көп, сәйкесінше кілттері де көп әртүрлі мекемелерді атауға болады. Олар – ауруханалар, мектептер, қонақ үйлер, балабақшалар, салық ұйымдары және т.б. Клиенттердің біраз бөлігін қарапайым адамдар да құрайды.

Ғимарат. Кілт дайындау ісімен айналысу үшін көлемі 4 м²-дей шағын ғимарат жеткілікті. Ол кез келген адам көп өтетін, тіршілігі қызу орында орналасуы мүмкін. Ондай жерлерге автобекеттер, теміржол вокзалдары, сауда орындар, базарлар, супермаркеттер, дүкендер, көлік базарлары және т.б. жатады. Сондай-ақ бұл бизнеске орын таңдаған кезде сол маңайда бәсекелестердің болмауын ескеру керек.

Құрал-жабдықтар. Кілттер жасау және оларды кодтау үшін арнайы құрал-жабдық қажет. Мұндай жоғары сапалы құрал-жабдықтарды итальяндық өндірушілер ұсынады, бір станоктың бағасы 150 000 теңгеден кем емес. Қытай өндірушілерінің станоктары 75 000 теңгеден 120 000 теңгеге дейін тұрады, бірақ олардың сапасы төмен болып, қызмет көрсету мерзімі бір жылдан аспауы мүмкін. Тағы бір бағасы сапасына сай құрал – жабдықтың түрі – ресейлік өндірушілердікі, оны алу біршама қолайлы. Сонымен, үш станоктан тұратын жиынтық 140 000 теңгеден де асып кетуі мүмкін. Ресейлік станоктарды пайдаланудың бірнеше артықшылығы бар. Солардың бірі ретінде ауыстыруға қажет бөлшектерге деген қол жетімділікті атап өтуге болады. Қажет болған жағдайда оларды алып келу аса бір қиындық тудырмайды.

Технология. Бір кілтті дайындаудың өзіндік құны бар болғаны шамамен 50 теңгені құрайды. Дайын кілт бағасына әдетте 600%-дан кем емес үстеме ақы қосады. Оның үстіне, бір кілтті жасау үшін оның күрделілігіне қарай 1- 3 минуттай ғана уақыт кетеді.

Атап өтетіні, кілт жасаумен қатар тағы бірнеше қызмет түрлерін көрсетуге болады, мысалы, түрлі құлыптарды жөндеу мен сату, оларды орнату, пышақтар мен қайшыларды қайрау.

Кілттерді жасау үшін қажетті материалдарды станок жасайтын фирмалардан сатып алуға болады. Әдетте оларды қамтамасыз етуші бір фирма сатады.

Болжамды есептеулер.

1. Шығыстар:

  • станок – 140 000-150 000 теңге.
  • 4 м²ғимаратты жалға алу– 6 000 теңге.
  • кілт жасау үшін қажетті материалдар – данасына 30-150 теңге.

Барлығы: шамамен 180 000 теңге.

2. Табыс:

Мысалы, егер Сіз сағатына 10 кілт жасайтын болсаңыз, онда 6 сағаттық жұмыс күні ішінде 300 теңгеден 60 кілт дайындай аласыз, ал бұл күніне 18 000 теңге болады.

Оцените автора
Пікір қалдырыңыз

  1. Мерxат

    Oрал кaлаcында. кiлт cтанoгы cатылама?

    Ответить
  2. Мерхат

    Станок куралы кайда сатыладыекен?

    Ответить
  3. Мерxат

    Кiлт cтанoгы кайда cатылады?

    Ответить