Шағын қалада бизнесті қалай ашуға болады? «Додо Пиццаның» негізін қалаушының 5 ережесі

Бизнесхақ

Федор Овчинников азғантай ақшамен шағын қалада бизнес ашуды бастаған. Бүгінгі күні «Додо Пицца» халықаралық компанияға айналды, ал Федор табысты кәсіпкер болып қалыптасты. Бұл материалда оның пікірінше жас кәсіпкерлерге шағын қалада бизнес ашу үшін маңызды 5 қағида берілген.

ҚАҒИДА №1

Қалаңыздағы нарыққа қараңыз — қай бизнес түрі нашар дамыған? Жаңа кәсіп ашу маңызды емес, жұмыс жасап тұрған бизнес түрін алып, жақсарту жеткілікті.

ҚАҒИДА №2

Ақырын бастаңыз. Бірінші азғантай ақша тауып, нәтижеге қол жеткізіңіз, сосын барып инвестор тартыңыз. Оның бірінші кезекте қарайтыны — қандай табысқа кеңелдіңіз.

ҚАҒИДА №3

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдағанда сынды жеңіл қабылдау, ашықтық, дамуға құштарлық сияқты жеке қасиеттеріне көңіл бөліңіздер. Қалғандарын үйретуге болады.

ҚАҒИДА №4

Жаңа бизнестен реалити-шоу жасаңыз. Әлеуметтік желілерде әр қадамыңызды, жеңістеріңіз бен жеңілістеріңізді жариялап тұрыңыз. Осылай алғашқы клиенттеріңізді тартасыз.

ҚАҒИДА №5

Тамаша өнім жасаңыз және міндетті түрде оны тұтынып көруге беріңіз. Мысалы, пиццалар күні өнімді үлкен жеңілдікпен сатуға, балалар үшін тегін мастер-класстар өткізуге болар еді.

Оцените автора
Пікір қалдырыңыз