Жасанды тас – қаптаушы тас ретінде қолданылатын ерекше өңделген құрал. Декоративті тасты бүгінгі күні шебер-көркемдеушілер кеңінен қолданады. Сыртқы және ішкі қаптау жұмыстарға жасанды тасты пайдаланатын шеберлердің саны күннен күнге өсіп келеді.
Жасанды декоративті тас өндірісімен айналысудың бір артықшылығы арнайы орын-жайды жалға алудың қажеті жоқ, өзіңіздің саяжайдағы үйіңіз ыңғайлы орын бола алады. Сізге керегі — өлшеу құралы, дрель мен форма. Бұл заттарды құрылыс материалдарын сататын дүкендерден таба аласыз.
Жасанды тас өндіру үшін виброүстел керек. Өндірістің мұндай әдісі «виброқұйма» деп аталады. Алдын ала дайындалған қоспа аппараттағы формаға салынады, содан кейін одан әрі дайындау үдерісі жүреді. Декоративті тас түрлі-түсті болып шығу үшін бояғыш ұнтақ қосу жеткілікті.
Құрал-жабдықтар. Аталған бизнес идеяны жүзеге асыру үшін сізге мынадай құрал-жабдықтар керек: виброүстел, виброелеуіш, бетонараластырғыш, декоративті тас өндіруге арналған формалар.
Өндіріс технологиясы. Технологиясы мүлдем қиын емес: бетон қоспа пластик формаларға салынады. Форма виброүстелге қойылады (үстіңгі қабаты үнемі қозғалып тұратын арнайы үстел), сол жерде біраз тұрады. Бетон қоспасы формада біраз тұрғаннан кейін, форма үстелден алынып, 48 сағатқа жылы жерге қойылады. Содан кейін ішінен дайын өнім шығады.
Дайын декоративті тасты жақсылап кептіру керек. Өнім деформацияланбас үшін оны жалпақ қатты жерге қою керек.
Виброқұйма барысында сұйық бетон қолданылады, оған пластик қосымшалар қосылады. Бұл арқылы бетон өнімдері өте мықты болады – виброқұйма әдісі арқылы төзімділігі жоғары жаяужол плиткалары, басқа да бетон өнімдері жасалады. Өндіру барысында «виброқұйма» әдісін қолдану декоративті эффект алу үшін қажет. Технология вибрацияға негізделген, ал бұл технология нәтижесінде бетон қатты тығыздалады. Аталған әдіс арқылы мықтылығы жоғары күрделі бетон құрылыстарын жасауға болады.
Өткізу. Клиенттерді жергілікті газеттерге жарнама беру немесе түрлі жерлерге хабарландырулар іліп қою арқылы табуға болады. Адамдармен жұмыс жасау барысында түрлі-түсті буклеттер таратқан дұрыс. Клиенттермен жұмыс жасау үшін жұмыстарыңыздың үлгілері бар фотоальбом, каталог жасаған жөн.
Декоративті қапталған тас өндірісін осы салаға қатысы бар компаниялармен бірігіп, тапсырыс бойынша жолға қоюға болады. Олар қажетті материалдарды жеңілдікпен ұсынады, кейіннен сол затты өздері сізден сатып алады.
Болжамды есептеулер.
1. Шығыстар:
- виброүстел – 90 000 теңгеден жоғары.
- виброелеуіш – 20 000 теңге.
- бетонараластырғыш – 30 000 теңгеден жоғары.
- декоративті тас өндіруге арналған формалар – 8 000 теңге.
- цемент –1 кг x 300-400 теңге x 100 кг= 30 000-40 000 теңге.
- құм –14 кг x 110-120 теңге x 100 кг= 11 000-12 000 теңге.
Барлығы: 189 000 теңге.
2. Табыс:
1 м² декоративті тастың өз бағасы — 30-45 теңге, нарықтағы бағасы – 250-300 теңге. Осылайша, күніне20 м² жасасаңыз x 250 теңге x 30 күн = айына 150 000 теңге табыс таба аласыз.