Клининг: кеңселерді, үйлер мен пәтерлерді тазалау

Клининг, үйді, кеңсені тазалау Қалаға арналған бизнес жоспарлар

Тұрғын үйлер, пәтерлер мен кіреберістерді жинау шектеулі қаржылық ресурсы бар, тазалықты ұнататын және талапшыл кәсіпкерлер үшін таптырмас бизнес. Бұл бизнес түрін өзіңіз тұрып жатқан ауданда бастағаныңыз жөн. Алғашқы кездері өзіңіздің үй техникаңызды қолдансаңыз, бірінші күннен бастап-ақ табыс таба аласыз.

Ғимарат. Аталған бизнес түрін жүзеге асыру үшін арнайы орынды жалға алудың қажеті жоқ. Жабдықтарды (сыпыртқы, қалақ, күрек, шалғы, т.б), қажетті материалдарды (шүберек, шаруашылық тауарлар) өз үйіңізде сақтай аласыз.

Құрал-жабдықтар. Тазалау мен жууға арналған шүберектер, швабра, пластик шелектер, қыста қар жинауға арналған күрек, тырма. Аталған қажетті заттарды жаппай сатып алу керек.

Технология. Сіз жергілікті ПИК-пен келісім-шартқа тұрып, кіреберістерді, аулаларды жинай аласыз. Немесе тікелей тұрғындармен, мысалы, коттедж иелерімен келісім-шартқа тұрып жұмыс істей аласыз. Сонымен қатар, сіз бірінші қабатта орналасқан кеңселерге де өз қызметіңізді ұсына аласыз.

Тазалау жұмыстарын сапалы жасау керек. Жалпы тазалаудың мынадай түрлері бар: күнделікті тазалау, бір реттік тазалау, сонымен қатар, тұрақты тазалау мен кешенді тазалау.

  • Күн сайынғы тазалау – орын-жайды (тұрғын үй, кеңсе, өндірістік, медициналық орын-жайлар)  күнделікті тазалықта ұстауға мүмкіндік береді. Тазалаудың осы түрін жүзеге асыру үшін тазалаушылар күнде кешке, не күні бойы орын-жайда болып, жұмыспен айналысады. Мұндай қызмет түрін көбінесе кеңселер, дүкендер, емханалар мен сауда орталықтары пайдаланады. Ондай орындарда адам көп болатындықтан,  тазалаудың мұндай түрі оларға өте қажет. Таза сауда орны немесе кеңсе – кез келген мекеменің келбеті. Жақсы имидждің сақталуына күнделікті тазалау жұмыстары септігін тигізеді.
  • Кешенді тазалау дегеніміз мынадай қызмет түрлерінің жиынтығы: терезе жуу, кілемдер мен жұмсақ жиһазды тазалау, еденді жуу, сантораптар мен асүйді жуу, дақтарды кетіру, өсімдіктерді күту және т.б. Кеңселер мен коттедждер үшін мұндай тазалаудың маңызы зор. Оны 2-3 айда бір жасап тұру керек. Мұндай тазалау жұмыстары нәтижесінде кеңселер, коттедждер таза, жарқын және жайлы болады.
  • Жөндеуден кейінгі тазалау – кез-келген орын-жайда жүргізілетін қажетті тазалау жұмыстарының жиынтығы. Жөндеуден кейінгі тазалау жұмыстары төбе, еден, қабырғадағы құрылыс шаңы мен кірді тазалауды, терезелерді жууды, ванна плиткасын құрылыс материалдары қалдықтарынан тазалауды қамтамасыз етеді. Байқаусызда жаңадан жасалған қымбат интерьерді бүлдіріп алмау үшін жұмысты білікті мамандар жасауы тиіс.
  • Құрылыстан кейінгі тазалаудың жөндеуден кейінгі тазалаудан айырмашылығы жоқ, бірақ мұнда тазалау процесі қиынырақ, тазалаудың бұл түріне, мысалы, қосымша мына жұмыстар кіреді: үй фасадын тазалау, үй ауласын жинау.

Қызметкерлер. Қызметкерлердің арнайы біліктілігі болу керек, яғни олар жууға арналған химиямен жұмыс жасауда тәжірибесі бар, мамандандырылған жабдықтарды қолдана білетін мамандар болуы тиіс. Сіз өзіңіз де бұл іспен айналыса аласыз немесе жұмыстың көлеміне қарай қызметкерлер жалдауға да болады.

Болжамды есептеулер.

1. Шығыстар:

  • бастапқы кезеңде сіз 4 адам аласыз делік. Қызметкерлердің жалақысы – 30 000 теңге х 4 қызметкер = 120 000 теңге.
  • шаруашылық тауарларды сатып алу  – 10 000 теңге.

2. Табыс:

Кіреберістерді жинау -1 м²=100 теңге. Бес қабатты үйдің бір кіреберісі 50-60 м² х 100 теңге = бір кіреберіс үшін 5 000 теңге. Бір үй 5 кіреберістен тұрады х 5 000 теңге = бір үйден айына 25 000 теңге. Ал егер ПИК-пен келісіп, бірнеше үйлерге қызмет көрсетсеңіз, онда табысыңыз да жоғары болады.

Оцените автора
Пікір қалдырыңыз