Қалалық қызмет көрсету

қалалық қызмет Қалаға арналған бизнес жоспарлар

Қалалық қызмет көрсету дегеніміз – тапсырыс берушілер мен тұрмыстың қызмет ұсынатын мамандар арасында делдалдық қызмет атқаратын бір адам не компания.

Қалалық қызмет көрсетудің негізі – «барлық шеберлер мен қызметтер – бір телефонда» деген қағида. Адамға қандай да бір тұрмыстық қызмет түрі  (жүк тасу, кішігірім жөндеу жасау, сантехниканы, электр шамын ауыстыру, т.б) керек болса, онда ол бір ғана қалалық қызмет көрсету орталығының телефон нөміріне хабарласып, қысқа уақыт ішінде үйіне керекті маманды шақырта алады. Қалалық қызмет көрсету орталығы екі жолмен табыс таба алады:  шеберлерден белгілі бір үлес алады немесе телефон қоңырауын ақылы етеді.

Орын. Аталған бизнес түрі үшін арнайы бір орынды жалға алудың қажеті жоқ. Бұл жұмысты үйде отырып-ақ жүзеге асыруға болады.

Құрал-жабдықтар. Арнайы жабдықтардың да қажеті жоқ. Сізге керегі тек мыналар:

  • мамандар базасы мен есеп жүргізу үшін бір компьютер
  • тапсырыстар алу үшін басты құрал — телефон аппараты.

Технология. Мамандардан үлес алу бизнестің негізі болып табылады. Алдымен өз қызметін ұсынатын адамдардың тізімін жасау керек. Ол үшін жарнамалық газет жарайды. Мамандарға хабарласып шығамыз – жұмыс күнін белгілейміз, қызметтің түрін, бағасын анықтаймыз. Оларды қалалық анықтама базасына тегін түрде енгізуге келісімін аламыз. Олар сізге  түскен табыстың белгілі бір үлесін беріп отыруға келіседі. Әр қызмет  түрінен екі маман табылса, онда өзіңіздің телефоныңызды жарнамаға беруге кірісіңіз.

Сонымен аталған бизнес түрін бастау үшін қандай қадамдар жасау керек:

1) қызмет түрін жүзеге асыруға арналған орын табу – алғашқы уақытта өз үйіңіздегі бір үстел де жеткілікті. Әзірше оператор алудың қажеті жоқ, жұмысты өзіңіз де атқара аласыз. Қоңырауларды ұялы телефонға алсаңыз жақсы болады, себебі бұл тапсырыстар аз кезде үйден шығып, басқа істерді жасауға кедергі келтірмейді.

2) мамандармен (шеберлермен) келісім-шартқа тұру.

3) өз нөміріңізді «Қалалық қызмет көрсету» телефоны деп жарнамалау.

Бизнес біраз жолға қойылғаннан кейін ай сайын шеберлерден анықтама базасында тұрғаны үшін ақы алуға болады. Егер сіз бәрін дұрыс жасасаңыз, сіздің базаңызға тұруға ниетті адамдар саны көбейе түседі.

Болжамды есептеулер.

1. Шығыстар:

  • компьютер сатып алу – 60 000 теңге.
  • есте сақтауға оңай телефон нөмірі үшін («Алтын нөмір») төлем  – 23 000 теңге.
  • сауатты келісім-шарт құрастыру үшін заң қызметі – 5 000 теңге.
  • жарнама үшін төлем:

1) газетке жарнама  – 750 теңге, аптасына бір рет (20 сөз) x 4 апта = 3 000 теңге;

2) анықтама қызметі  – айына 2 900 теңге (келісім-шарт кемінде 3 айға жасалады).

Барлығы: 93 900 теңге.

2.Табыс:

Мұндай бизнеспен айналысып жүрген адамдардың тәжірибесіне сүйенсек, аймақ пен ондағы тұрғындар санына байланысты айына 100 000-нан 750 000 теңгеге дейін табыс табуға болады.

Оцените автора
Пікір қалдырыңыз