Сонғы кездері танымал болып келе жатқан сабынды қолдан жасау– көп ғасырлардан бері белгілі кәсіп. Бұрынғы кезде сабынды қолдан қажеттілік үшін ғана жасаған болса, қазір бұл адамдарға қуаныш әкелетін өнерге айналған. Қолдан сабын дайындау бизнесінің идеясы өте қарапайым және де бастаушы кәсіпкерге сай.
Қолдан жасалған сабын несімен тартады?
— бұл экологиялық таза өнім. Оның негізі — табиғи балаларға арналған сабын, глицерин, эфир майы, шөптер.
— тазартудан бөлек (негізінен сол үшін қолданылады) ол косметикалық тұрғыдан да әсер етеді. Ал бұл әр адам үшін өте маңызды.
— қолдан жасалған сабынның сыртқы пішіні де тартымды. Бұл дүкендегі ұсқынсыз, химиялық хош иісті сабын кесегі емес, оның әр шығарылымы өздігінен қызықты әрі ерекше.
— сабынды қолдан жасау барысында клиенттің қалауы мен қажеттіліктері ескеріледі. Құрамы, түсі, көлемі, пішіні- барлығы да арнайы тапсырыс бойынша жасалына алады.
— қолдан жасалған сабын жас балаларға да, жасы үлкендерге де ерекше сыйлық бола алады.
Дайындау технологиясы. Қолдан сабын жасау бизнесін ұйымдастыру үшін көп қаражат қажет емес. Ғимаратты жалға алудың және арнайы құрал-жабдықтар сатып алудың қажеті жоқ. Сабынды үй жағдайында жасаймыз. Сабынды қолдан жасаудың жеңіл тәсілдеріні бірі манадай:
Дайындау үшін не қажет?
— сабын (мүмкіндігінше балаларға арналған сабын болғаны дұрыс, оның қатты иісі жоқ әрі қымбат емес);
— майлар: миндаль, кедр, бүрген. Бастысы — иісі қатты шықпау керек;
— эфир майлары (лимон, лаванда, шай ағашы және т.б.);
— толықтырушылар (кептірілген гүлдердің жапырақтары);
— сабын массасын араластыру үшін су;
— булау үшін ыдыс;
— формалар (мүмкіндігінше шыныдан болмауы керек).
Процесс.
1) Сабынды майда үккіштен өткізіңіз. Көптеген сабын жасаушылар сабынды алдын ала күннің астына немесе ыстық батарея үстіне қойып алуды жөн көреді. Өйткені үккіштен өткізу кезінде сабын шаңы көп шығады
2) Майлардан 1 қасықтан (егер май біреу болса, 2-3 қасық) және глицериннен 1 қасық алыңыз. Барлығын араластырыңыз. Ыдысты буға қойыңыз.
3) Майды қыздырыңыз. Сабынды салыңыз. Мүмкіндігінше барлығын бірге емес, кішкентайдан. Май тезірек еруі үшін ыстық су құйып отырыңыз.
4) Сабын сұйық қамырға ұқсай бастағанда, бірнеше тамшы эфир майларын құйыңыз. Эфир майының әр тамшысынан кейін жақсылап араластырыңыз.
5) Толықтырғыш қосып, араластырыңыз. Кейбіреулер толықтырғыш ретінде ұнтақталған кофені қолдануды дұрыс деп есептейді, бұдан сезімтал тері үшін ерекше жұмсақ әрі табиғи скраб шығады. Көбісі үккіштен өткізілген тропик жемістерін қолданады, мысалы: банан.
6) Сабынды формаларға құйып шығыңыз. Суыған кезде мұздатқышқа қойыңыз. Дайын сабынды бүтіндей алу үшін форманы ыстық су құйылған ыдысқа қойыңыз, бірақ көп уақытқа емес, әйтпесе сабын ери бастайды.
7) Кептіріңіз (1-2 күн).
Өткізу нарығы. Бизнестің қарқынды даму үшін жолға қойылған маркетинг пен жақсы жарнама қажет. Сәтті үлгілердің барлығын суретке түсіріңіз, портфолио жасап қойыңыз, әрбір суреттің қасына өнімнің құрамын жазыңыз, әйтпесе сіздің қызық әрі ерекше өнім ұсынып отырғаныңызды түсіндіру қиын болады. Алғашқы клиенттеріңіз ретінде таныстарыңыз, аулада қыдырып жүретін балалары бар аналар мен бірге жұмыс істейтіндер болады. Сіздің өнімдеріңізді косметика және парфюмерия дүкендері, сұлулық салондары және т.б. сатып алуға әрқашан дайын.
Өнімді мерекелер алдында жарнамалаған дұрыс болады. Табиғи қайың иісі бар шырша түріндегі сабын немесе гүл түріндегі соған лайықты иісі бар сабын – бұл қайталанбас әрі арзан сыйлық. Сіз алдын ала бірнеше сабын жасап, кеңселік мекемелерге барып өнімді ұсынып, тапсырыс алуыңызға болады. Сыртқы қорапшасын ойластыруды ұмытпаңыз.
Болжамды есептеулер.
1 Шығыстар. Шығындарға сабынды дайындау үшін қажетті қоспаларды сатып алу кіреді. 8-10 бөлік сабын жасауға орташа есеппен, 3000-5000 тенге кетеді. Барлық қажетті қоспаларды кез-келген дәріханадан сатып алуға болады.
2 Табыс. Бірінші кезекте өнімге кеткен шығынды есептеп, өз өніміңіздің құнын анықтаңыз. Мысалы, өнім құрамында табиғи заттардың болуын, қолдан жасалғанын ескере отырып, бір сабынның құны 700 теңге немесе оданда жоғары болуы мүмкін. Өзіндік құны бірнеше есе арзан болғандықтан қолдан жасалған сабынды дайындау бизнесінің кірісі мол болатыны айқын.