Тігуге арналған барлық заттары бар, айылбас, мулине, канва, схемалармен жабдықталған галантерея дүкені – кез келген қолөнершінің арманы. Қолөнершілерге арналған дүкен ашу бизнес үшін өте жақсы идея. Дағдарыс пен дағдарыстан кейінгі кезеңдерде мұндай тігуге арналған бұйымдар сататын дүкендер аса танымал және өте қажет.
Суық қысқы кештерде өз қолыңызбен тоқылған жемпір сізді және сіздің жақындарыңызға өте жақсы киім болады, сондай-ақ қолөнершілерге отбасы бюджетін үнемдеуге көмектеседі.
Ғимарат. Сату бөлімін ашу үшін алдымен ғимаратты жалға алуды қарастыру керек. Таңдау кезінде оның орналасу жеріне назар аударыңыз. Оның орталық аудандарда орналасуы маңызды емес, бастысы маңынан адамдар көп өтетіндей болуы керек. Мысалы, маңында көптеген тұрғын үй кешендері мен балалар мекемелері, оқу орындар орналасқан тыныш аудан болуы мүмкін. Бастапқы кезеңде жалпы алаңы 25-30 м² болатын ғимаратты, уақыт өткен соң көлемі үлкен аумақты жалға алуыңызға болады.
Құрал-жабдықтар. Сіздің тауарларыңызды сату үшін арнайы құралдар-жабдықтар қажет емес, тек сату орындары — сауда дүңгіршегі, стеллаждар қажет, қымбаттарын алу міндетті емес, пайдаланған, бірақ жақсы жағдайдағы, мысалы, 3 стеляж сатып алатын болсаңыз, оның құны шамамен 25 000-35 000 теңгені құрайды.
Содан кейін сізге сату үшін тауарлар алу керек. Алдымен жақын маңдағы сіздікіндей барлық дүкендерді аралап шығыңыз, нарықты зерттеңіз. Сөйтіп барып қана ассортимент құрып, көршіңізде жоқ тауарларды таңдауға тырысыңыз.
Содан соң міндетті түрде тиімді жарнама жасау қажет. Жарнаманы жергілікті газеттерге беру, хабарландырулар тарату клиенттерді тартуға көмектеседі.
Қызметкерлер. Қызметкерлерсіз жұмыс істеу мүмкін емес, сізге кем дегенде ауысып жұмыс істейтін екі сатушы қажет. Алғашқы уақытта сатушының бірі ретінде өзіңіз бола аласыз, ал екіншісін отбасы мүшелері арасынан таңдауға болады.
Өнімді өткізу. Бизнес маркетинг пен өткізу нарығының дұрыс жұмыс істеуі кезінде ғана пайда әкелетін болады. Алғашқы кезде жарнаманың маңызы, әрине, өте зор. Бірақ басты жарнама және табыс кепілі сіздің көрсететін қызметіңіз бен тауарларыңыздың сапасы болып табылады. Ассортимент дайындау кезінде тауар сапасына назар аударыңыз.
Болжамды есептеулер.
1. Шығыстар:
Шығыстар бөлігіне мыналар жатады:
- ғимаратты жалға алу – орта есеппен 50 000 – 55 000 теңге;
- сауда құрал-жабдықтарын сатып алу – орта есеппен 45 000 – 50 000 теңге;
- тауар сатып алу (айылбас, тігуге арналған фурнитура, журналдар) – орта есеппен 80 000 – 120 000 теңге.
Тауарды көтерме бағамен сататындардан немесе тікелей өндірушілерден сатып алыңыз.
Барлығы: 180 000 – 225 000 теңге.
2. Табыс:
Тауарды сату мен табыс табу кезінде тауардың өзіндік құны мен сату бағасы арасындағы айырмашылықты барынша азайтқан жөн. Қалыпты әрі қолжетімді бағалар тауар айналымын жылдамдатады, ал бұл өз кезегінде сізге қомақты табыс әкелетін болады.
Мысалы, ресейлік айылбастың жергілікті көтерме саудагерлердегі өзіндің құны орта есеппен 110-220 теңге болса, оның сатылым бағасы – 350-450 теңге. Мұндай баға сізді де, сіздің клиенттеріңізді де қанағаттандырады, сәйкесінше клиенттердің тұрақты сұранысын қалыптастырады, ал бұл өз кезегінде сіздің табысыңызды қамтамасыз етеді. Көлемді ақшалай салымдарды қажет етпейтінін ескерсек, қолөнершілерге арналған тауарларды сату бизнесі табысты және тиімді болып табылады.