Қазіргі балалар болашақ мамандығы жайында ерте ойлана бастайды. Негізінде, балалардың болашақ мамандығын таңдауда үлкендер үлкен әсер етеді, алайда бұл мамандықты дұрыс таңдаудың кепілі емес.
Көп жағдайда адамдар мамандықты таңдауда қателеседі. Ол түрлі себептерге байланысты: баланың мінезі мен мүмкіндігі ескерілмейді, таңдау эмоциялық қызығушылық не сән бойынша жасалады, туысқандар отбасында қалыптасқан дәстүрді үзбеуге кеңес береді, т.б. Өкінішке қарай, қатені түсіну кеш болып жатады.
Аталған бизнес түрін қолға алу үшін лицензия мен түрлі рұқсат қағаздардың ешқандай қажеті жоқ.
Ғимарат. Сізге жалпы көлемі 50-60 м² құрайтын, мүмкіндігінше үш жеке бөлмеден тұратын кеңсені жалға алуға болады. Кеңсенің қолжетімді ауданда, орталыққа және аялдамаға жақын жерде орналасқаны дұрыс. Репетиторлықпен клиенттің өз үйінде де айналысуға болады.
Алғашқы кезеңде қажетті құрал-жабдықтар:
- 1 компьютер – 70 000 теңге.
- 1 принтер – 20 000 теңге.
- Факс – 20 000 теңге.
- Интернетке қосылу – 25 000 теңге.
- Модем – 10 000 теңге.
- 25 орындық – 25 x 2 000 = 50 000 теңге.
- 10 үстел – 10 x 8 000 = 80 000 теңге.
- 2 оқу тақтасы –2 x 15 000 = 30 000 теңге.
- Телевизор – 30 000 теңге.
- DVD-қондырғысы – 15 000 теңге.
Технология. Жеткіншектерге мамандық таңдау үшін үш көмектесу сатысынан тұратын тренинг орталығы құрылады.
Біріншіден, танысу бөлімі. Бүгінде мамандықтар өте көп және олардың саны күннен күнге өсіп келеді. Көп жағдайда өздерін жетістікке жеткізетін мамандықтар туралы түлектер біле бермейді, не болмаса белгілі бір мамандық жөнінде олардың түсінігі бұлыңғыр болады. Бұл кезеңде мамандықтардың атын тізіп қана шықпай, оларға деген сұраныс, жұмыс шарттары, жалақысы, осы салада танымал болған адамдардың мысалдарын түсіндіріп кету маңызды.
Екіншіден, ең негізгі кезең – психологпен кеңесу. Мамандық таңдау барысында адамның мінез-құлқы, қабілеті, басқа да қасиеттері психологтың көмегімен анықталуы керек. Бұл кезеңде аталған және басқа да бала бойындағы қасиеттерді психолог анықтап қана қоймай, балаға өзін көрсете алатын және өз жұмысынан ләззат алатын бірнеше мамандықты ұсынады.
Аталған бизнес идеяның үшінші кезеңі – клиентке екі кезең нәтижесінде таңдаған мамандығы бойынша біраз жұмыс жасауға мүмкіндік беру. Сіздің орталығыңыз клиенттердің өндірістік тәжірибеден өтуі бойынша түрлі фирмалармен келісім-шартқа тұра алады. Тәжірибеден өту кезінде адам жұмыстың артықшылығы мен кемшілігін өз көзімен көре алады. Бұл баланың өз мақсатына жету үшін қай бағытта жұмыс жасау керектігін, қай ЖОО түсу қажеттігін анықтауға үлкен септігін тигізеді.
Қызметкерлер. Сіздің орталығыңызға еңбек шарты бойынша жұмысқа тұратын білікті мамандар қажет. Мамандарды таңдау көрсетілетін қызмет түрлеріне байланысты.
Болжамды есептеулер.
1. Шығыстар:
- кеңсені жалға алу – 90 000-100 000 теңге.
- құрал-жабдықтар, коммуникациялар – 350 000 теңге.
- кеңсе заттары – 30 000 теңге.
- оқытушыларға төленетін жалақы, пайданың 35%-ы (аталған есеп-қисап бойынша) – 264 600 теңге.
Барлығы: 704 000 теңге.
2. Табыс. 9.00-ден 21.00-ге дейінгі жұмыс күнінің қоры 12 сағатты құрайды. Бір сабаққа 2 сағат бөлінсе, күніне 6 сабақтан өткізуге болады. 30 күнде 6 x 30 = 180 сабақ өте алады. Айына 2 топқа 8 сабақ бөлінсе, сіз 11 пән бойынша сабақ жүргізе аласыз. (180/8*2). 30% жеке дара өтсе, қалғандары топтарға арналсын.
Осылайша, әр адамнан сағатына 500 теңге алсаңыз, онда 2 сағат үшін 1 000 теңге аласыз. Бір топта 5 адам болса, 1000 x 5 = 5 000 теңге, оның ішінде 35%-ын оқытушыларға бересіз, яғни 1 750 теңгесі. Жеке сабақтар сағатына 2 000 теңге болса, 2 сағатта 4 000 теңге аласыз. Жеке сабақ үшін оқытушыға 50%, яғни 2 000 теңге бересіз.
Егер орталықта айына кішігірім топтарға арналған 126 сабақ өтетін болса, онда 126 x 1 000 x 5 = 630 000 теңге табуға болады. Ал жеке сабақтардан 54 x 4 000 x 1 = 216 000 теңге табыс табуға болады.
Осылайша, жалпы табыс 756 000 теңгені құрайды.