Сіздің балаңыздың жасы 8-ге жетті. Ол ержетіп, өз бетімен мектепке, басқа қосымша курстар мен үйірмелерге барып жүрген шығар. Бір қиындығы, курстар мен үйірмелер үйден алыс орналасқан, ал баланы өзіңіз апара алмайсыз.
Қаржылық дағдарыс кезінде бала бағушы жалдауды сіздің қалтаңыз көтермейді, оның үстіне ондай адамның қажеттілігі шамалы, себебі үй шаруасымен бала өзі айналыса алады. Осындай жағдайда не істеу керек?
Жақсы идея бар – ұлыңыз не қызыңызға такси-бала бағушы, яғни баланы керекті жеріне жеткізіп салатын машина жалдап алыңыз. Такси-бала бағушы баланы керекті курстар мен үйірмелерге немесе басқа да ата-анасы айтқан жерге жеткізіліп, қайта алып келетін болады.
Бизнес-идея көп шығындалуды қажет етпейді. Өйткені 8 жасар не одан да үлкен баланы алып жүру үшін арнайы орындықтың қажеті жоқ, сонымен қатар балаларды тасу барысында арнайы тәжірибенің болуы да міндетті емес.
Ғимарат. Аталған бизнес үшін арнайы кеңсенің қажеті жоқ. Сіз бұл бизнес түрімен үйде отырып-ақ айналыса аласыз.
Құрал-жабдықтар. Бұл бизнес түрін жүзеге асыру үшін арнайы жабдықтардың да аса қажеті жоқ. Сізге тек мыналар керек:
1) база жүргізу үшін бір компьютер;
2) тапсырыс алу үшін телефон аппараты.
Технология. Ата-аналар такси-бала бағушыға, яғни жүргізушіге (операторға) хабарласып, баланы қайда апарып тастау керектігін айтып, тапсырыс жасайды. Бала тез әрі қауіпсіз түрде межеленген жерге жеткізіледі. Ата-аналар бала бір нәрсеге ұрынып қала ма деп қауіптенбейді, яғни уайымдамайды.
Такси-бала бағушы жүргізушілік тәжірибесі мен жеке көлігі бар адам бола алады. Егер сіздің машинаңыз болмаса, онда машинасы бар адамдармен келісім-шартқа тұрып, такси-бала бағушы қызметін ұйымдастырумен айналыса аласыз, яғни үйде отырып тапсырыстар қабылдайсыз. Бастысы жүргізуші балалармен тіл табыса білуі керек, ал оператор мен жүргізуші мекен-жайды қателеспей жазып алса болды.
Жай ғана такси жалдап та алуға болады. Алайда баланың қалай жеткенін, кім апарып жатқанын, жалпы мекен-жай дұрыс жазылды ма – осыны біле алмайсыз, (ұялы телефоны істен шығып кетуі мүмкін), ал такси-бала бағушыны жалдасаңыз, ештеңеге алаңдамайтын боласыз.
Болжамды есептеулер.
1. Шығыстар:
- компьютер сатып алу – 60 000 теңге.
- есте сақтауға жеңіл «алтын» нөмір сатып алу — 23 000 теңге.
- жүргізушілермен келісім-шартқа тұру (заң қызметі үшін төлем) – 5 000 теңге.
- жарнама үшін төлем (газетке хабарландыру беру) – 750 теңге, аптасына бір рет (20 сөз) x 4 апта = 3 000 теңге.
- анықтама қызметіне тіркелу – айына 2 900 теңге. (Келісім-шарт кемінде 3 айға жасалады).
- Барлығы: 93 900 теңге.
2. Табыс:
Бұл сіздің қанша жүргізушімен келісім-шартқа тұрғандығыңызға байланысты.
Бір жол жүрістің минималды құны 500 теңге (аймаққа байланысты). Делдалдық қызмет үшін сіз өзіңіздің үлесіңізді белгілеп алыңыз, мысалы әр тапсырыстан 20 %.
Егер 1 жүргізуші 1 күнде 10 тапсырысты орындаса x 500 теңге = 5 000 теңге болады.