Ас мұзы өндірісі

ас мұзын өндіру Қалаға арналған бизнес жоспарлар

Мұз өндіру мен оны бөлшектеп сатуға негізделген бизнес өте табысты болып табылады. Бұл кәсіпті бастау үшін көп шығындалудың да қажеті жоқ. Көптеген қалаларда бұл сала бойынша бәсекелестер де жоқтың қасы.

Ғимарат. Бұл бизнес түрін жүзеге асыру үшін 50 м² орынды жалға алу керек. Мұндай жерді жалға алу 60 000 — 75 000 теңге тұрады.

Құрал-жабдықтар. Мұзды өндіру үшін арнайы мұзгенератор болуы тиіс. Оның бағасы 230 000-240 000 теңгені құрап отыр. Ол тәулігіне42 кг. мұз өндіреді, яғни 92 дана мұз сатылымға дайын деген сөз.

Белгілі бір уақыттан кейін бизнесіңіздің жақсы дамуына байланысты бірнеше мұзгенераторын сатып алу керек болады. Сонымен қатар, мұзды өндіру мен сату үшін мұзды сақтауға арналған тоңазытқыш камералары (оның бағасы 110 000 теңге), автомобильге арналған кішкентай тоңазытқыштар (оның құны 30 000-35 000 теңге), қосқабатты қағаз пакеттер қажет  (бағасы 9-10 теңге).

Қызметкерлер. Алғашқы кезде барлық жұмысты өзіңіз-ақ атқара аласыз.  Бизнесіңіз пайда әкеле бастаған уақытта екі қызметкер алуға болады. Олар: өндіріске жауап беретін маман және тауарды межеленген жерге жеткізіп салатын жүргізуші.

Сату. Өнімді сатуды жылдамдату үшін БАҚ-қа жарнама беруге, сонымен қатар, хабарландырулар басып шығарып, оларды таратуға болады. Тауарды өткізудің ең тиімді жолы — сусын дилерлері мен өндірушілермен бірлесе отырып, промоакциялар ұйымдастыру.

Негізгі клиенттер қатарына ірі супермаркеттер мен желілік дүкендерді жатқызуға болады. Олар мұзды сусындармен бірге сатады. Ал кішігірім дүкендерді алатын болсақ, мұз балмұздақ салынған мұздатқыштарға салынып сатылса болады. Мұзды жақсы тұтынатын топтардың бірі–мерекелік шараларды өткізетін компаниялар.

Сонымен қатар мейрамхана, кафе, бар, т.б. тамақтанатын орындар сіздің клиентіңіз бола алады.

Болжамды есептеулер.

1. Шығыстар:

  • кеңсені жалға алу  – 70 000 теңге.
  • мұз генераторы – 240 000 теңге.
  • тоңазытқыш камерасы – 110 000 теңге.
  • көлікке арналған тоңазытқыш – 35 000 теңге.
  • қағаз пакеттер – 20 000 теңге.

Барлығы: 475 000 теңге.

Алғашқы кезеңде сіз тұрақты өткізу орнын тауып алсаңыз, тоңазытқыш камераның қажеті де болмайды, яғни мұзды бірден сатасыз. Онда шығыстар 365 000 теңгені құрайтын болады.

2. Табыс:

Мұздың бір данасы 90 теңге тұрады. Күніне 92 данасы сатылса, айына  248 000 теңге табуға болады.

Бизнестің пайдасын бірнеше айдан соң-ақ көре аласыз.

Оцените автора
Пікір қалдырыңыз