Аяқ киім жөндеу

аяқ-киім жөндеу Қалаға арналған бизнес жоспарлар

Аяқ киім  – көп уақытқа шыдамайтын, жөндеуді үнемі қажет ететін зат. Біріміз үшін ол мәселе болса, енді біріміз үшін табыс көзі. Аяқ киім жөндеу – табысты бизнес, көбіміз аяқ киімді бір мезгіл ғана киіп, лақтырмаймыз, керісінше бірнеше рет жөндетеміз. Егер сіз аяқ киім жөндей алсаңыз, не оны үйренуге және өзіңіз үшін жұмыс істеуге ниетті болсаңыз (үйрену үшін етікшінің шеберханасына жұмысқа тұруыңызға болады) ең бастысы, табысты бизнеспен айналысамын десеңіз, онда осы салаға бағытталғаныңыз дұрыс.

Ғимарат. Тұрғын үйдің бірінші қабатынан орын алуыңызға болады. Қала орталығында шеберхана ашудың қажеті жоқ, алайда мүмкіндік болып жатса, олай істеуге де болады. Бизнесін жаңадан бастап келе жатқан етікші кез келген шағын ауданда жұмыс істеп ақша таба алады. Жақын маңда орналасқан үйлердің тұрғындары міндетті түрде сізге келетін болады. Қосымша жұмысқа отбасы мүшелерін тартқан жөн.

Аяқ киім жөндеу шеберханасының қызметтері мынадай: өкшелерді жөндеу мен ауыстыру, аяқ киімдік кездеме бедерін қою, табан жөндеу, қонышты жөндеу, мүйістерді сақтандыру, супинатор мен ұлтарақтарды, фурнитураларды ауыстыру, аяқ киімді кәсіби тазалау. Ұсынатын қызмет түрлеріне байланысты отандық не шетелдік құрал-жабдықтар жиынтығы қажет.

Аяқ киім жөндеуге арналған құралдар: кескіш, қосымша құралдар, сонымен қатар, кіші механизация саймандары.

  • Пышақтар. Аяқ киім жөндеуге арналған бірнеше пышақ түрлері бар, олар мыналар: аяқ киім материалдары мен олардан жасалған жартылай фабрикаттарды өңдеуге, аяқ киімді ашуға арналған пышақтар, оқыстан кесуден сақтайтын сақтандырғышы бар пышақтар, іріктеп алуға арналған пышақтар – ол қалыңдықты кесу мен тері сыздығын түсіру үшін, кранц  жасау үшін арналған,  өкшені кесуге арналған пышақ.
  • Аяқ киім бөлшектерін капрон не зығыр жіппен  жалғау үшін біздер керек. Біздердің екі түрі бар: түзу және қисық.
  • Түрпілер. Жөндеу барысында екі түрлі түрпі қолданылады: қисық және түзу. Қисық түрпілер аяқ киімнің ішкі жағын өңдеуге  арналған (шпильканың түбін кесу мен шегелерге), ал түзуі – аяқ киім өкшесі мен табанын өңдеуге арналған.
  • Егеулер. Аяқ киім жөндеуде жалпақ (табан мен кездеме бедері бетінен шпилькаларды егеу үшін) және ұшбұрышты (құрал-сайманды ұштауға арналған) егеулер пайдаланылады.
  • Сонымен қатар, аяқ киім жөндеу үшін балталар, дөңгелекшелер, шеге шығарғыштар, клещтер, тістеуіктер керек.

Аяқ киім жөндеу шеберханасына арналған жабдықтар шеберхана көлеміне, қызметкерлер санына, станоктар мен автоматтардың, қажетті жиһаздың бар-жоқтығына байланысты. Аяқ киім шеберханасына қажетті негізгі құрал-жабдықтар: етік орындығы, үстел,  стеллаж.

  • Етік штуцері – құрал-жабдықтардың ішіндегі негізгі элементтердің бірі. Бұл – үлкен негізге бекітілген болат труба. Трубаның үстіне (шпилька не бұрандада) аяқ киім негізіне салынатын металл штуцер орналастырылады. Штуцер аяқ киім негізіне тығыз орнығу керек.
  • Шеберханаға қажетті жабдықтарға мыналар да жатады: қайрақ шеңбер және сым ерошка. Қайрақ шеңбер диаметрі 150-200 мм болатын ағаш барабаннан жасалады. Ол кесу құралын ұштау үшін қолданылады. Ерошка сымы жапсырылатын бетті (тері, резеңке, теріволон)  көтеру үшін қолданылады. Ол қатты болат сымнан жасалады. Сонымен қатар, жөндеу барысында табан жабыстыруға арналған баспалар, өкшелерді орнататын құралдар қажет.

Болжамды есептеулер.

1. Шығыстар:

  • орын жалға алу – 10 м² x 1000 = 10 000 теңге.
  • шикізат пен фурнитура сатып алу — 10 000 теңге.
  • құрал-саймандар алу– 10 000 теңге.
  • құрал-жабдықтар алу– 25 000 теңге.

Жарнамаға шығындалудың қажеті жоқ, жергілікті газеттерге жарнама тегін орналастырылады. Сонымен қатар, үйлердің кіреберісіндегі қабырғаларға, автобус аялдамаларына хабарландырулар ілсеңіз болады. Ал ең бастысы – сапалы қызмет көрсете білу.

Барлығы: 55 000 теңге.

2. Табыс:

Бір жөндеу шамамен 500-600 теңге. Сізде  күніне кемінде 3-4 тапсырыс болса x 500 теңге x 30 күн = айына кемінде 60 000 теңге табыс таба аласыз.

Оцените автора
Пікір қалдырыңыз