Қазақстанның топырақтық-климаттық жағдайы негізгісі бүлдірген мен таңқурай болып табылатын түрлі жеміс-жидектерді өсіру үшін өте қолайлы. Бұл жеміс-жидектер адам тамақтануында аса маңызды мәнге ие, өйткені бұлардың құрамында адам тіршілігінде үлкен рөл атқаратын ағзаның өмірлік күш-қуатын, оның физикалық және ақыл‑ой жұмысының қабілетін және түрлі ауруларға қарсы күресін арттыратын дәрумендер бар. Жеміс‑жидектерден жақсы тосаптар, сілікпелер, мармеладтар мен табиғи шырындар дайындайды. Олар – кондитерлік және жеміс‑жидек өңдейтін өнеркәсіп үшін таптырмас шикізат, сондықтан да жеміс‑жидектерді өсіру мен өткізу табысты бизнес болып табылады.
Бүлдірген
Бүлдірген – жан біткеннің бәрі жақсы көретін, жер талғамай өсе беретін, аса дәмді жидектердің бірі. Биіктігі 30-35 см. Жапырақтары үш бірдей, ірі, ашық‑көк, қабырғалы, қою жұрындалған болып табылады. Бүлдіргеннің нәрлілігі (калориялылығы) бар жоғы 100 г-да 36,9 ккалды құрайды, бұның өзі оның нағыз диеталық өнім екенін білдіреді. Бүлдірген тек тәтті жидек пен керемет десерт қана емес, сонымен бірге таптырмас емдік нәрсе. Ол адам тәбетін жақсартады, ас қорытуға жағымды әсер етеді, терлеткіш және зәр айдау қасиетіне ие. Ол ағзаның тұз алмасу үдерісін қалыпқа келтіреді, шөлді басады, қан түзіліміне жәрдемдеседі. Бүлдіргенді жыл бойы өсіру – шағын бизнес үшін аса тиімді идеялардың бірі.
Қазақстанда ең көп таралған бүлдірген сорттары: «Елизавета патшайым», «Зенга Зенгана», «Симфония», «Русановка», «Қайнаркөз», «Эверест» және «Фестивалдық». Бұлардың барлығы жақсы өнімділігімен және зиянкестерге қарсы мықтылығымен ерекшеленеді. Есте сақтайтын нәрсе, бүлдіргеннен жақсы өнім алу – 50% жағдайда ғана оның сортына, ал қалғаны – өсімдіктің күтіміне байланысты болады.
Таңқурай
Таңқурайды халық тамаша дәмі мен жемісінің нәзік, тәтті хош исі үшін жақсы көреді әрі ерекше бағалайды. Оның гүлдері ақ, болар-болмас сезілетін жағымды хош иісті болып келеді. Жапырақшаларында гүл тостағаншасының жеке жапырағы шамалы ғана, көптеген аталық және аналық сабақтардан тұрады. Таңқурайдың жаппай гүлдеуі мамырдың аяғы мен маусымның басына қарай (көктемнің шығуы мен жидектің өнген ортасына байланысты) басталады және бұл науқан екі‑үш аптаға созылады. Таңқурайдың жемістері ауа райына байланысты әртүрлі уақыттарда піседі.
Біздің елімізде негізінен таңқурайдың қызылжемісті сорты көп тараған. Олардың арасында маусым кезінде 2 мәрте – жазда және күзде жеміс беретін ремонтантты сорттар да бар. Сондай‑ақ, соңғы жылдары қаражемісті «Кумберленд» таңқурайы мен сарыжемісті таңқурайды өсіретіндер де көбейе бастады.
Бүлдірген мен таңқурайды өсіру әдістемесі мен технологиясы
Бүлдіргенді отырғызудың ең қолайлы мезгілі – жаз. Бүлдірген тегіс жерде жақсы өседі. Оны бұлтты күні немесе түні бойы бейімделуі үшін кешкі уақытта отырғызу керек. Ол үшін 3-4 жапырақшасы бар, жүрекшесі мен тамыр жүйесі жақсы дамыған көшеттер (розеткалар) отырғызылады. Бір түптен 15-ке жуық жақсы дамыған розеткалар алынады. Отырғызғаннан кейін бүлдірген розеткаларын бірден аздап суару керек. Дұрыс отырғызылған көшет қысқа қарай жақсы түп болып қалыптасады, бұның өзі оның жақсы қыстап шығуына әсер етеді. Келесі жылы (жазда) осы түптерден өнімді жемістер – бірінші жылы жеміс беретін бүлдірген алынады.
Таңқурай – көпжылдық тамыр жүйелерінен және біржылдық пен екіжылдық өркендер түріндегі жерүсті бөлігінен тұратын бұта. Таңқурайды бақшада жеке‑жеке, мәселен қоршау бойына 2-3 қатарға отырғызған жөн. Қоршау маңында ол желден қорғанады, ол жерге қар ерте түседі әрі қыстыгүні жидек қардың қалың қабатымен көмкеріледі. Таңқурайды отырғызу жоспарланған учаскеде көктемгі жинақталған су болмауы керек, өйткені ол артық дымқылдықты көтере алмайды.
Таңқурайды күзде де, көктемде де отырғызуға болады. Көктемде оны үсік түсу қаупі басым болған жағдайда және қысқы қар жабыны жұқа болғанда отырғызады. Оны қатарлап отырғызған жөн, қатарлар арасы 1,5-2 мжәне қоршауға1,5 мжетпеуі (учаске шетіне қарай) керек. Егер отырғызу барысында тыңайытқыш толық мөлшерде себілсе, онда отырғызылғаннан кейінгі 2 жылда таңқурай тыңайтқышты қажет етпейді.
Таңқурайды өсірудің екі түрі тараған – жеке бұталарды сақтай отырып және шұбыртып отырғызу. Бұтаны қалыптастыру барысында әрбір отырғызылатын орынға екінші жылдың аяғына қарай мықты 8-10 өскінді қалдырып отырады, қалған осал өскіндер мерзім сайын алынып тасталынады. Таңқурайды шұбыртып орналастыру өсімдік жолақтарын құрудан басталады. Ол үшін жолақтардың сыртындағы барлық өскіндерді үнемі алып тастап отыру керек, ал жолақтың ішінде тек артық осал өскіндерді алады. Өсімдікті шұбыртып өсіру әдісі өте жоғары жеміс алуға септігін тигізеді, ал лентаның өзі жанды дуалдың қызметін атқара алады. Таңқурай бір жерде 15-20 жылға дейін өсе алады, бірақ аса жемісті кезеңі 10-12 жылдан аспайды.
Жемістерді тек таңертең міндетті түрде жеміс тергішпен және шыныаяқпен жидектің өзіне қол тигізбей алу қажет, әйтпесе ол тез бұзылатын әрі нашар сақталатын болады, жидекті теріп алғаннан кейін бірден 1-2 сағат бойы 2-3°С температурада сақтап қою керек.
Өткізу нарығы
Бүлдірген мен таңқурайды жаңа пісіп, терілген күйде сатуға немесе өңдеуге өткізуге болады. Бұл үшін БАҚ‑тарға хабарландырулар беруге болады. Сонымен бірге жеміс‑жидектерді сататын өз нүктелеріңізді де ашуға болады. Көршілеріңіз бен таныстарыңызға өзіңіздің бүлдірген мен таңқурай өсірумен айналысып жатқаныңызды хабарлап, оларға жемістер мен көшеттерді сататындығыңызды ескертіп жүргеніңіздің де пайдасы тиеді. Жергілікті мекемелерге, қоғамдық тамақтану, аспаздық орындарына, сауда орталықтарына және т.б. өткізу жолдарын қарастырып көру керек.
Болжамды есептеулер.
Шығыстар:
Бүлдірген отырғызу үшін 1 түп = 30 теңге. Сізде 100 000 м2 учаске бар деп есептейік, ол үшін Сізге 150 түп керек, яғни 150 * 30 теңге = 4500 теңге.
Таңқурай үшін көшеттер = 300 теңге (сортына байланысты). Мәселен, егер шарбақты жағалай отырғызсаңыз (15 м), 10 көшет қажет болады, яғни 10 * 300 теңге = 3 000 теңге.
Табыс:
- 1 м2 алаңнан орта есеппен 15-16 кг. бүлдірген алуға болады, яғни 10 м2 *15 кг. =150 кг. * 400-500 теңге (1 кг. бүлдірген бағасы) = 60 000 теңге.
- 1 м. жердегі таңқурайдан 4-6 кг. жеміс алуға болады. Мәселен, Сізде15 м. жер бар делік *4 кг. =60 кг* 500-600 теңге (1 кг. таңқурай құны) = 30 000 теңге.