Шағын жылыжайдан табыс табуға болады ма?

шағын жылыжайдағы қызанақ көшеті Ауылға арналған бизнес жоспарлар

Шағын жылыжай шаруашылығын ұйымдастырып, дақылдың түр-түрін өсіру — үй іргесінде іске асыруға болатын табысты бизнес, қай жағынан алып қарағанда да пайдасы мол.

шағын жылыжай табысты бизнес көзі

Осыдан 20 күн бұрын Алма әріптесіміз екеуіміз Сабалақ саяжайына барып, шағын жылыжайдың жұмысымен таныстық. Біз барғанда жылыжайда Ержан бауырымыз Гауһар есімді келіншегімен және мектеп жасындағы 2 баласымен жұмыс жасап жатыр екен. Олар қызанақ өсіруге кәсібиленген. Бұдан бөлек қызанақты күн жылығанда ашық топырақта да егеді.

Ержан кәсіпкер ретінде шағын жылыжайды салу үшін 2018 жылы «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығынан 6% жылдық мөлшерлемемен 1,9 млн. теңге жеңілдетілген несие алған. Микроқаржылық ұйымның несиелендіру талаптары кәсібін бастағандарға қолайлы екенін айта кету керек.

жылыжайдағы қызанақ пен көшеттер

Өз күштерімен темірден және пленкадан жылажай тұрғызған. Жылыжайдың көлемі — 3 сотка немесе 30 м * 10 м. Осы шағын жылыжайда 350-ге жуық түп қызанақ өсіреді. Бір түптен орташа 6 кг қызанақ алады десек, осы шағын жылыжайдан 2 тоннадай қызанақ теріп, ерте жазда, мамыр айында алғашқылардың бірі болып базарға шығарады. Бұл кезде қызанақтың бағасы әлі де болса қымбат. Жылыжайда дақыл өсіру арқылы 2 ай ұтады және өнімдері бәсекеге төтеп береді. Бұл өнімді жинап болғанша ашық топырақта еккен қызанақтар да пісіп қалады.

Сонымен бірге, жылыжайда қызанақтары көтерілем дегенше, бос жерлерге 10 мың түп көшет егіп, сатады. Көшеттері өте сапалы, тамырлары жақсы дамыған. Голландиялық тұқым, қаушақтары үлкен, топырағы шеңгелдің шырындысы. Өткізу бағасы да жоғары. Тұрақты клиенттері бар.

Жылыжайдың жылыту жүйесі болғанымен қыс мезгілінде жұмыс істемейді. Ол уақытта Ержан мал бордақылайды. Ал, Гауһар күз мезгіленде бақшадаға жеміс-жидектерден тосап, қайнатпалар жасап, банкіге қызанақ, қиярлар басады.

Бұл еңбек адамдарының игі істерін көріп рухтанасын, сүйсінесін, көпке үлгі. Мемлекетке қол жаймай, өз күштерімен еңбек етіп жатқан жандарға барлық мадақ пен құрмет.

Сәлем!
Мен "Basta!" жобасының жетекшісімін. Каир университеті Сауда факультетінің түлегімін. Қазір Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасында жұмыс жасаймын.
Бос уақытымда инкубатор жасаумен шұғылданамын.

Оцените автора
Пікір қалдырыңыз

  1. Биржан

    Аллах сәтін берсін істеріне

    Ответить