Мүйізді ірі қара мал және оның Қазақстанда кең таралған асыл тұқымдары

Ауылға арналған бизнес жоспарлар

Ірі қара – сүт қоректілер класына жататын аша тұяқты, күйіс қайыратын жануарлар. Мұның жабайы және қолға үйретілген түрлері бар. Қолдағы ірі қара жабайы турдан тараған, ол біздің дәуірімізге дейін мыңдаған жылдар бойы Еуропа, Азия, Африкаға кең тараған. Турды қолға үйрету мұнан 8 мың жыл бұрын алдымен Үндістанда, одан кейін Азия мен Жерорта теңізі, Орталық Еуропада басталған.

Ірі қара мал өсіру – ауылдық жерде өз бизнесіңізді бастауға жақсы мүмкіндік. Осы туралы толығырақ білуді қаласаңыз, осы тұсқа кірсеңіз болды.

Ірі қараны буйволмен шағылыстырғанда ұрпақ бермейді. Ірі қараны қодаспен, зубрмен, бизонмен шағылыстырудан алынған еркек мал ұрпақ бермейді де, ұрғашысы ұрпақ береді, зубр мен бизонды шағылыстырудан алынған ұрпақтан да төл алуға болады.

Ірі қараның дене бітімі олардың беретін өніміне (сүт, ет) байланысты. Сүтті малдың тұрқы ұзын, сүйегі, терісі жұқа, түгі жылтыр, құрсағы үлкен, басы мен мойыны ұзын, желіні үлкен болады. Етті ірі қараның тұрқы төртбақ, кеудесі кең, омыраулы, аяғы қысқа, мойыны мен басы қысқалау, желіні кішкене, сүтті малға қарағанда бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі қалың әрі босаң, әрі шелді келеді. Ірі қараның бәрінің де түгінің ұзындығы мен қалыңдығы бірдей, денесін тегіс жабады, тек шабы мен желін айналасының түгі сирек жұқа болады. Ірі қараның қарны төрт бөлімді.

Сиыры 20-35 жыл, бұқасы 15-20 жыл тіршілік етеді. Сиырдан 9-12 жыл жақсы өнім алынады, бұдан кейін тісі тозып, еті, сүті кемиді. Ірі қараның етке 1,5-2 жасында бордақылап не жайып семіртіп өткізген жөн. Асыл тұқымды сиырдантөлді 5-10 жыл алу керек. Ірі қараның 5 жасқа дейін, кейбір кеш жетілетін тұқымдар ғана 6-7 жылға дейін өседі. Ұрғашы ірі қараның жыныс қабілеті 7-10 айлығында, еркегі 8-10 айлығында жетіледі.

Дегенмен шағылысқа қашарды 18-22, бұқаны 14-18 айлығында қосады. Бұзаулағаннан алғашқы күйлеуіне дейінгі мерзім шамамен үш аптаға созылады, күйті 19-22 күнге, буаздығы орта есеппен 285 күнге созылады. Сиыр әдетте бір бұзау табады, егіз бұзау табатыны (2%-ке жуық) сирек, ал бірден 6-7 бұзау табатыны да кездеседі. Бұл егіздердің көпшілігі ұрпақ бермейді. Тұқымына байланысты жаңа туған бұзаудың салмағы 18-45 кег, кейде 60 кг; ұрғашысына қарағанда еркек бұзаудың салмағы 1-3 кг артық болады. Ересек сиырдың салмағы 250-600 кг, ең таңдаулысы 1000 кг; бұқасы 300-900 кг; ең таңдаулысы 1600 кг-нан асады.

Ірі қараны сүт және ет үшін өсіреді. Бұдан бөлек одан одан тері алады. Теріден былғары, қасапхана қалдықтарынан қан ұнын, ет-сүйек, сүйек ұны, эндокрин препараттарын, стеарин, желім, сабын т.б. дайындалады.

Бұлардың өнімі тұқымының ерекшелігіне, азықтандыру және күтіп бағу дәрежесіне байланысты. Сүтті сиыр тұқымының орташа өнімі жылына 3500-4000 кг, сүтінің майлылығы 3,6-4%. Озат шаруашылықтарда бұл көрсеткіш 6000 кг. Бір сауын маусымында 20 мың кг сүт беретін (голланд сиыры) сиырлар болады. Тәулігіне сүтті ең көп беретін (82,2 кг) – ярославль сиыры, ал сүтті бірқалыпты үнемі көп беретіні (13 бұзаулағанда 120-247 кг) – кострома сиыры.

Сүт өнімдерін әзірлеу — ауылдық жердегі табыс көзі. Бұл кәсіппен таныс болам десеңіз, мына сілтемеге өтіңіз.

Етті сиыр тұқымдары сауын маусымында 1000-1500 кг сүт береді. Сиырдың сауын маусымы 280-320 күнге, суалту мерзімі 1,5-2 айға созылады.Тұңғыш бұзаулағанда ересек сиыр сүтінің 70-80%-ін ғана береді. Тез жетілетін тұқымның сиырлары төртінші бұзаулағанда сүтті көп береді, ал кеш жетілетін тұқымда сүті толысуы бесінші, алтыншы, кейде жетінші бұзаулауға созылады.

Арнаулы етті ірі қара тұқымының ет өнімі жай сиырға қарағанда көп, сүт малына қарағанда тез семіреді, ет сапасы да жоғары болады. Әсіресе жас малдың еті өте құнды. 1,5-2 жасар малдың салмағы 400-500 кг.

Ірі қара мал қазіргі кезде дүние жүзінде ең көп тараған ауыл шаруашылығы малдарының бірі. Дүние жүзінде мүйізді ірі қараның 1000 астам тұқымынан тараған басы 1,3 миллиардқа жетеді. Бүгінгі күні ірі қара малдан түрлі өнімдерді сатудан пайда табуға мүмкіндік береді. Өндірілетін сүттің барлығын дерлік, ал еттің 35%-ын осы ірі қара малы береді. Мал шаруашылығында үш бағыт бар: ет, сүт және ет-сүтті.

Ірі қараның әр түрлі аймақтың топырақ, ауа жағдайына бейімделген көптеген тұқымдары бар. Қазақстанда сүтті тұқымнан қара ала сиыр, гольштин-фриз қара ала сиыры, қырдың қызыл сиыры, әулиеата; етті тұқымынан қазақтың ақ бас сиыры, абердин-ангус, әулиекөл, санта-гертруда, шароле, қалмақ, обрак, галловей, лимузин, волын сиырлары; сүтті-етті тұқымнан алатау, симменталь, швиц өсіріледі.

СҮТТІ СИЫРЛАР

Қара ала сиыр

қара ала сиырОл бұрынғы КСРО республикаларындағы жергілікті сиырлармен голланд қара ала малымен селекциялық будандастыру нәтижесінде шықты. Кәдімгі шаруа қожалықтарында осы тұқымның сиырлары майлылығы 4%-ға дейін 3000-3500 кг сүт береді. Олардан асыл тұқымды мал шаруашылықтары 8000 кг-ға дейін сүт алады. Қара ала сиырдан туған бұзаулардың салмағы 37 кг дейін, ал бұқашықтардың салмағы 42 кг дейін болады. Олар қоректенгенді жақсы көреді, сондықтан олардың күнделікті салмағы күніне 600-800 грамм шамасында қосып отырады. Төлдерді қарқынды түрде қоректендіріп отырса, олар күніне 1000 граммға дейін қоса алады. Бір жарым жасқа жетпей, 15 айға дейін тез өсіп келе жатқандар қазірдің өзінде 420 кг-нан асады. Ең ірілерінің салмағы 480 кг-ға дейін жетеді. Аймақтық тұқым түріне қарамастан, қара ала бұқалардың салмағы 900 кг-нан кем болатыны аз, ал кейде тоннадан асады. Ересек сиыр да өте ірі болып келеді, оның массасы жарты тоннадан 650 кг-ға дейін жетеді. Мұндай малдарды сойғаннан кейінгі түсім 50-60%-ды құрайды.

Гольштин-фриз қара ала сиыры

Гольштин-фриз тұқымын гольштин-фриз сиырықалыптастыру Американы игерген жылдары басталды. 18-19 ғасырда Канада мен АҚШ-та Фрисляндия провинциясынан қара ала тұқымды Голланд малы әкелінді. Атының екінші бөлігінің қойылуы Германияның солтүстігінде Еуропалық Шлезвинг-Гольштейн портына жіберілуіне байланысты болды. Бұл тұқымның желіні үлкен тостаған пішіндес немесе астау тәрізді, 9000 кг. артық сүт береді және күніне екі рет саууға болады. Сиырлардың тірі салмағы шамамен 700 килограмм, ал бұқаның салмағы 1000 кг-нан асады. Бойының биіктігі – 140-145 см.

Қырдың қызыл сиыры

қырдың қызыл сиырыҚырдың қызыл сиыры Қазақстанда саны жағынан екінші орын алады. Негізінен Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында өсіріледі. Сүт беруі – 2000 кг-ден 4500 кг. дейін, майлылығы 3,6-3,8%.

Әулиета тұқымы

әулиеата сиыры

Әулиета тұқымы жергілікті қазақ және қырғыз сиырын голланд малымен будандастыру жолымен алынған. Қазақстанның оңтүстігіңде кеңінен тараған. Басқа тұқымдармен салыстырғанда, ыстық ауа райы мен бірқатар ауруларға (приплазмоз, тейлериоз және т.б.) төзімді келеді. Түсі негізінен қара ала. Алты айлықтары 160-170 килограммға дейін жетеді. Сүт беруі – 2500-3000 кг, сүтінің майлылыгы – 3,9-4,1%.

СҮТТІ-ЕТТІ БАҒЫТТАҒЫ СИЫРЛАР

Алатау тұқымы

алатау сиырыАлатау сиыры – 20-ғасырдың ортасында Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында Швейцариядан әкелінген бұқаларды қырғыз-қазақ сиырларымен будандастыру арқылы өмірге келген. Олардың салмағы аз болады, бұқалары 900 кг-ға дейін, ал сиырлары бес жүзге дейін жетеді. Олардың сүйегі мықты, сыртқы түрі үйлесімді, бұлшық еттері дамыған. Сүті маңызына байланысты ерекшеленеді, әдетте, 4 тоннаға дейін сүт алуға болады, сүтінің майлылығы 4 пайызға дейін жетуі мүмкін. Мұндай майлылық салмағы 600 кг-ға дейінгі сиырларда болады. Жылына 10 тонна сүт беретін жағдайлар да тіркелді. Сонымен қатар Алатау тұқымы жақсы ет те береді. Сиырлардың салмағы 600 кг-ға дейін, бұқалардың салмағы сегіз жүзден 1 тоннаға дейін жетеді. Пішілген жас бұқалар көп салмақ жинай алады. Сойылған малдың жартысынан астамы сапалы ет, бордақылаудан кейін 60 пайыздан асады.

Симменталь тұқымы

симменталь сиырыСиырдың бұл түрі 5-ғасырда Швейцарияда өсірілді, шыққан жері белгісіз, тек әртүрлі жорамалдар бар. Бұл тұқымды бұқаларды қолда баққанда күніне 900-1100 грамм салмақ қосады және тірідей салмағын бір тоннаға оңай толтырады. Сауын кезінде сүт өнімділігі 4-тен 5,5 мың кг-ға дейін, майлылығы 4%-ды құрайды.

Швиц тұқымы

швиц сиырыБұл сиырлар 14-ғасырда Швейцарияда өсірілді. Сүтті-етті сиырлардың тірі салмағы 600 кг дейін, ал етті түрінде – 700 кг-ға дейін. Бұқалардың салмағы 1200 кг-ға дейін жетеді. Сауын сиырлардың салмағы – орта есеппен 4500 кг, ұзақ уақыт
сүт беруімен ерекшеленеді.

ЕТ ӨНІМІН БЕРЕТІН СИЫРЛАР:

Қазақтың ақбас сиыры

қазақтың ақ бас сиырыҚазақстан аумағында және Ресейдің оңтүстік шығыс бөлігінде өсірілген. Дене тұрқы мен түсі жағынан герефорд сиырына ұқсас. Бордақыланған бұқашықтардың салмағы 900 кг дейін жетеді, ал сойғандағы еті 60 пен 80 пайыз аралығында. Сиырлары сүттілігімен ерекшеленеді, 1500 кг дейін сүт алуға болады. Майлылығы жоғары, 2000 кг-нан астам сүт алынған жағдайлар да
кездеседі.

Абердин-ангус тұқымы.

абердин-ангус сиырыБұл тұқым Шотландияның солтүстік шығыс бөлігінде жергілікті малмен будандастыру арқылы алынған. Бұқаларының тірідей салмағы 950 кг дейін жетеді. Бордақыдағы бұқашықтардың тәулігіне қосатын орташа салмағы 1 кг. Сүйектері жіңішке, сондықтан да тұтас етінің салмағынан 17%-дан аспайды.

Әулиекөл тұқымы

әулиекөл сиырыӘулиекөлдің етті тұқымы нағыз қазақ бренді болып табылады, бүгінгі күні ол Қазақстанда өсірудің жергілікті жағдайларына толығымен бейімделген. Әулиекөл тұқымы республиканың Қостанай облысында «Москалевский» МАЗ-да 1992 жылы бекітілді. Әулиекөл тұқымының әлеуеті зор, ол жақсы дамып, тұрақты табыс әкелуде. Әулиекөл тұқымы әлемге белгілі Абердин-ангус және Шароле етті тұқымдарымен Қазақтың ақ бас сиырын будандастыру арқылы пайда болған. Әулиекөл сиырлары мен бұқалары ақсұр түсті, бұзаулары да сұр түсті болады. Мал өсірушілер ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ет алуды мақсат етіп қойған. Әдетте, ет бөлек, май бөлек орналасса, Әулиекөл тұқымы май талшықтардың арасында орналасқан «мәрмәр» етті болады. Арнайы етті бағыттағы Әулиекөл тұқымы тез өсетінімен, сапалы ет берумен, жергілікті ауа райына бейімделуімен ерекшеленеді. Әулиекөл сиырларының негізгі тараған аймағы – солтүстік өңірлер мен Қазақстан Республикасының оңтүстік шығыс бөлігі.

Санта-гертруда тұқымы

сант-гертруда сиырыМалдың бұл түрі ашық және қою қызыл түсті болып келеді. Қарынның төменгі бөлігінде ақ дақтары болады. Бұқаларының жотасында дөңес болады. Санта-Гертруданың денесі ірі және әукесі үлкен, сондай-ақ құйрық жағы ұзынша келіп, аздап төмен түскен, көкірегі ойық келеді. Тұяқтары құрғақ әрі мықты, түсі қара. Құлақтары салбыраңқы, арқасы тік, мойнының терісі жұқа. Сиырлар қан сорғыш жәндіктердің шаққанынан сирек ауырады, олардың қан арқылы жұғатын паразиттік ауруларға иммунитеттері жоғары, бұл өте маңызды. Ыстық климатқа төзімді (отыз немесе одан да жоғары температураға). Сондай-ақ кез келген жергілікті жағдайларға төзімді. Ересек сиырлардың тірі салмағы: 560 кг-дан 620 килограмға дейін және ересек бұқалардың тірі салмағы: 830 кг-дан 1100 килограмға дейін.

Шароле тұқымы

шароле сиырыСиырдың бұл түрі 17-ғасырдан бастап Францияда өсіріле бастады. Бұқаларының тірілей салмағы 900-ден 1700 кг-ге дейін, сиырларының салмағы 700-1000 кг арасында болады. Бұзаулары туған кезінде 70 кг-ге дейін салмақ тартады.

Қалмақ сиыры

қалмақ сиырыТұқымның пайда болуында ортақ пікір жоқ. Үндістан малдарымен немесе азиялық турлармен будандастырылған. Әдетте, жануарлардың түсі қызыл, әртүрлі реңкте, арқасы, басы ақ болуы да мүмкін. Бір жарым жасар бұқашықтар 450 кг-ге дейін салмақ жинайды, тірілей салмағы 66% құрайды, бұл ірі қара малдың басқа тұқымдарына қарағанда жоғары. Бұқаларының салмағы 800-900 кг дейін жетеді.

Обрак тұқымы

обрак сиырыОбрак тұқымы Францияда пайда болған. Әрі ет беретін, әрісүт беретін, сонымен қатар ауылшаруашылығы жұмыстарына да жарайтын әмбебап тұқым. Біздің заманымызда Обрак тұқымының ет беретініне басымдық беріледі. Ересек сиырдың биіктігі – 130 см. Салмағы – 550-750 кг. Ересек бұқаның салмағы – 850-1100 кг, бұқашықтардың туылған кездегі салмағы – 39 кг. 16-20
айлық сойыс малы 63%-ды құрайды. Сауын сиырлар жақсы сүт береді, тез көбейеді (келесі бұзаулаудың арасы – 362 күн).

Галловей сиыры

галловей сиырыШотландияның жергілікті жерінде өсірілген және бұрынғы КСРО аумағында таралды. Бордақыдағы бұқашықтардың тәулігіне қосатын орташа салмағы 800-1000 грамм, ал тірідей салмағы 900 килограмға дейін жетеді. Май жасушаларының көптігіне байланысты бұлшықет тіндерінің меншікті салмағы аз болып келеді. Етті ірі қара малдың кең таралған түрлері – Шароле мен Санта-гертруда.

Лимузин тұқымы

лимузин сиырыЛимузин сиыры Францияның Лимузен деген провинциясынан шыққан. Туған кездегі тірілей салмағы 40 кг-ге дейін тартады және күніне 1,3 кг-ге дейін салмақ қосады. Бұқалары 1200 кг-ге дейін, ал сиырлар 700 кг-ге дейін салмақ тартады. Бұл тұқымдағы сиырлар майда болып келеді, бұзаулары 20-дан 30 кг-ге дейін салмақта, ең жоғарысы 40 кг-ге дейін туылады. Бұл сойыс кезінде жас малдың етінің мол болуына мүмкіндік береді. Лимузиндердің тағы бір артықшылығы – тез өсетіндігі, тәулігіне орташа есеппен салмағы 1 кг-ден асады. Олардың жоғары қарқында тез өсуі жүйелі азықтандыруға байланысты, ол 12-14 айлық бұқалардың тірі салмағының 500 кг жетуіне мүмкіндік береді. Тайыншалары жай өседі, олардың күндік салмағы 800 граммнан аспайды, 15 айлық тайыншалар 400 кг салмақ жинайды.

Волын сиырлары

волын сиырыВолын сиырлары Украинада өсірілетін етті бағыттағы ірі қаралардың ішінде екінші орынды иеленеді. Бұл тұқымдағы сиырлардың ерекшелігі әртүрлі реңктегі қызыл түсті болуында және тоқал мүйізді болып келеді. Дене тұрқы ірі әрі мықты болып келеді. Бұқалардың тірілей салмағы – 950-1050, сиырлар – 500-550, бұзаулар туған кезде – 28-32 кг тартады. 15-18 айлық бұқашықтардың тірі салмағы 472-592 кг, тәулігіне орташа қосатын салмағы – 1000-1200 г., бір бас сиырдың 10 кг өсуіне 6,2-8,0 азық бірлігі қажет, сойыс салмағы – 60-66%, 1 кг сүйекке 5,1-6,1 кг сүйексіз ет шығады. Сиырлары сүтті келеді, көп жыл өмір сүреді, жеңіл бұзаулайды.

Оцените автора
Пікір қалдырыңыз