Компьютерлік қызмет

Компьютерлік қызмет Қалаға арналған бизнес жоспарлар

Сіз клиенттеріңізге ұсына алатын компьютерлік қызмет көрсетудің өте кең спектрі бар, мәселен, компьютерлік сервис, компьютерлік техникаға абоненттік қызмет көрсету, компьютерлерді жөндеу.

Бизнесті өркендету мақсатында клиенттеріңіздің көңілін оларға антивирустық бағдарламаларды тегін сыйлау арқылы аулауыңызға болады. Мысалы, бәсекелестерге қарағанда телефон арқылы тегін кеңестер беру сіздің бір ерекшелігіңіз бола алады. Тұтынушылардың қалауы бойынша оқыту шараларын да ұйымдастыруға болады.

Көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейту мақсатында кәсіби компьютерлік қызмет көрсетумен қатар, компьютерлерді жедел жөндеу, компьютерлік жүйелерді салу мен іске қосу, программалық қамтамасыз етуді жасау және оларды орнатуды жүзеге асыруға болады.

Клиенттерге жасалған жағдайлар:

  • Әр клиентпен тәулігіне 24 сағат жұмыс жасау;
  • Кез келген компьютерлік қызмет көрсетуді ұсыну.
  • 1 сағат ішінде белгіленген жерге барып, компьютер жөндеу.
  • Телефон арқылы тегін кеңестер беру.
  • Тәжірибелі мамандар.

Мұндай проблемаларды жылдам әрі сапалы шешуді тек тәжірибесі мен арнайы құрал-жабдығы бар мамандар орындай алады.

Ғимарат. Бастапқы кезеңде сіз бұл бизнес түрін үйде отырып-ақ жүзеге асыра аласыз, арнайы орынды жалға алудың қажеті жоқ. Уақыт өте келе бизнесіңіз жүре бастағанда, тұрақты клиенттер пайда болғанда, кеңсені жалға ала аласыз.

Көрсетілетін қызмет түрлерінің шарттары. Маманның келуі үшін клиент төлемейді, ол тегін баратын болады. Әдетте алдын-ала телефон арқылы болған әңгіме барысында негізгі проблеманың басы ашылады. Бұл көлік және қосымша басқа шығыстарды қысқартып, клиенттерді тартуға көмектеседі, шақырылған маманның сапалы қызмет көрсетуі үшін дәл сол жағдайға қажет құрал-жабдықтарды ала баруына септігін тигізеді. Мұндай қызмет көрсету үшін сіздің түрлі құрал-жабдықтарыңыз болу керек. Егер шақырылған жерге келіп, өзімен бірге әкеле алмайтын үлкен көлемді арнайы жабдықтарсыз компьютерді жөндеу мүмкін болмай жатса, онда маман керекті құжаттарды толтырып, оны заманауи құрал-саймандармен жабдықталған компьютерлік орталыққа жеткізіп салады. Егер жедел жөндеу барысында белгілі бір бөлшек ауыстырылса, онда клиент ол затқа 1 жылға кепілдік алады. Сонымен қатар, оған жинақтаушы жеңілдіктер жүйесі ұсынылады.

Сіз көрсете алатын қызмет түрлері:

  • компьютерлерді үйге келіп жөндеу;
  • компьютерлік көмек;
  • бағдарламаларды іске қосу, ретке келтіру;
  • компьютерлерді ретке келтіру;
  • Windows XP, Vista, 2000 қайта қою;
  • вирустарды емдеу мен жою;
  • LAN және WI-FI жүйелерін іске қосу мен реттеу;
  • компьютерлерді жинау;
  • кеңсеге құлып салу;
  • ноутбуктарды жөндеу мен апгрейд;
  • мекемеге абоненттік қызмет көрсету;
  • кез-келген перифериялы жабдықпен жұмыс және басқа да компьютерлік қызмет көрсетулер.

Болжамды есептеулер.

1. Шығыстар:

Құрал-жабдықтар жиынтығы – 6 000 теңге.

2. Табыс:

  • операциялық жүйе орнату – 3 000 – 4 000 теңге.
  • бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату (қызмет) – 1 000 – 1 500 теңге.
Оцените автора
Пікір қалдырыңыз