Жалпы ақпарат. Ірі қара мал өсіру – ауылдық жерде өз бизнесіңізді бастауға жақсы мүмкіндік. Ірі қара өсірумен айналысу үшін бұл бизнестің барлық қыр-сырын жақсылап зерттеп алу керек.
Ауылшаруашылық бизнесте аталған саланың бірнеше бағыты бар: ет тұқымдастарын өсіру, сүт тұқымдастарын өсіру, ет-сүт тұқымдастарын өсіру, (аралас әдіс) сатуға арналған жас төлдерді өсіру. Аталған бизнес түрін бастағанда оның негізгі бағытын анықтау керек. (ол болашақ ферманың орны мен жағдайына байланысты). Бұдан кейін ферманың құрылысынан бастау керек. Ескі қараусыз қалған ферманың жабдығы жарайды. Алайда жақын маңда ондай ферма болмаса, (сиырға арналған орын) онда біраз еңбектеніп, белгіленген мақсатқа арналған ғимарат салуға рұқсат алу керек.
Сүт өнімдерін әзірлеу — ауылдық жердегі табыс көзі. Бұл кәсіппен таныс болам десеңіз, мына сілтемеге өтіңіз.
Тұқым түрлері. Қазақстанда кең тараған сүтті сиырдың түрі – далалық қызыл сиыр. Олар төзімділігі мен түрлі ауа-райына, табиғи климаттық жағдайларға шыдамдылығы арқасында кеңінен танымал. Дұрыс тамақтандырған жағдайда далалық қызыл сиырдың бұзауы тез өседі, орта есеппен тәулігіне 600-900 грамм қосып, 6 айда 160-180 кг салмақта болады. Далалық қызыл сиырды Қазақстанның оңтүстігінде далалық қуаң аймақтарда өсірген дұрыс.
Сиырдың ең көп тараған етті тұқымды түрі – қазақы ақбас сиырлар. Бұл тұқым түрі аптап ыстық пен аязға төзімділігімен, майды тез жинауымен ерекшеленеді. Бұл ірі қара көлемі жағынан үлкен емес, терең әрі кең төсті, дене бітімі жағынан жинақы, мықты сүйекті, жақсы дамыған бұлшық етті, кең денелі. Еттің дәмдік қасиеттері сапалы, ағылшын етті тұқым түрлерінен еш кем емес.
Күту. Сиырлар жайылымдық-сиыр тұратын орында, жайылымдық немесе сиыр тұратын орында күтіледі.
Сиырды жаздық жайылымда бағу пайдалы сүт алуға мүмкіндік береді, мал денсаулығына жағымды әсер етеді, денеде өмірлік маңызды заттардың қорын қалыптастыруға жағдай жасайды. Жайылымдық бағуға малды біртіндеп, яғни бірнеше күн ішінде үйрету керек. Жайылымның ыңғайлы уақыты – таң сәріде және кешке. Күндіз ыстық күндері жануарды шатыры бар жел соғып тұратын биіктеу жерде орналасқан ашық қорада ұстау керек.
Сиырды қысқы қарауға көшіру үшін мал орнын жақсылап дайындау қажет. Тесіктерді бітеп, терезе мен есіктерді мықтап жабылатындай түзулеу керек. Есікті қосымша жылы қаптамамен немесе сабан матрацпен қаптайды. Әсіресе, төбені жақсылап бітеп алу керек. Сиыр тұратын орында оттықтар, қалқалар, тіреулер жөнделіп, дизенфекциялануы тиіс. Терезелер қораны желдету үшін ашылатындай болғаны дұрыс. Оларды мал басының деңгейінен биік шеткі жақа немесе артына орналастыру керек.
Мал тұратын орындардағы кір түрлі дене және басқа да ауруларды тудыруға, сүттің ластануына әкеп соқтырады. Сондықтан да, мал орнын күнде жинау, малды жуу, мал астына төсейтін құрылғыларды тазалықта ұстау – ірі қараның мықты денсаулығы мен жоғары сапалы сүт беруінің басты кепілі.
Жем. Жазда жайылымдағы шөп басты азық болады. Сиыр тәулігіне 60-70 кг. жақсы сапалы шөп жейді. Малды өсімдіктер гүлдегенге дейін жақсы өсіп тұрған шөпте жаю арқылы мол сауын алуға болады. Сыртқа жайылмайтын кезеңде негізгі азықты (тәулігіне 5-6 кг.) қатты жем құраса, сиыр құнарлы заттарға деген сұранысын толығымен қанағаттандыра алады. Қысқы уақытта шөп сиырлар үшін ең басты азық болып табылады. Сиырдың жағдайы және өнімділігі шөппен қаншалықты қамтамасыз етілуі мен берілген шөптің сапасына байланысты. Сиырларды азықтандыруда қызылша, қант қызылшасы, тарна, турнепс, сәбіз, картоп, алмұрт, асқабақ, жемдік қарбыз пайдаланылады. Бұларды сиырлар жақсы жейді, олардың тәбеті ашылып, тамақтың қорытылуы мен сіңуі жақсы қамтамасыз етіледі. Бұл өсімдіктер қосымша азық ретінде әсіресе, бұзаулаған сиырды алғашқы айларында сауу кезінде қолданылады.
Көбейту. ІҚМ жасы орташа есеппен 18-20 жылды құрайды. Сиырлар мен таналарды ұрықтандыру аңду кезінде жақсы жүзеге асады. Ол сиырдың бұзаулауынан кейін немесе тананың жыныстық жетілуі кезінде белгілі бір мерзімде қайталанып отырады. Аңдудың уақыты 18-20 сағат. Дені сау малда ұрықтанбайынша аңду кезеңі үш апта сайын болуы керек. Сиырдың буаздық мерзімі шамамен 285 күнге жалғасады.
Төлдеуге 2-3 апта қалғанда сиырдың төсі үлкейіп, іші төмендеп кетеді. Бұзаулау көбінесе қиындықсыз, әрі тез өтеді. Сиыр бұзауын міндетті түрде жалауы керек. Өйткені жаңа туған бұзауды жауып тұрған шу сұйықтығында гормондар бар. Ал олар толғақ қысу жолдарынан жолдасының түсуіне жәрдемдесіп, туудан кейінгі жатырдың өз қалпына келуіне септігін тигізеді.
Туғаннан кейін бұзауды қалың сабанды қабаты бар торға салады. Бұзау туған алғашқы күндері жақсы күтім талап етіледі. Күн сайын 2-3 рет тезегін шығарып, төсемесін ауыстырып, лас жерлерді жуады. Бұзауды жаңа сауылған сүтпен қоректендіру керек.
Сиыр жылына бір рет төлдейді. (Өте сирек жағдайда екі рет төлдеуі мүмкін). Бұзаудың салмағы түрі мен сиырдың қоректену жағдайына байланысты сиыр салмағының шамамен 7 %-ын құрайды, яғни 20-40 кг. ІҚМ өсуі мен дамуы 5 жылға созылады.
Сату. Өндіріс дұрыс жолға қойылғаннан кейін өнімді сату жағын да ойластыру керек. Сүт өндірісі болса, онда сүтті жаппай сатып алатын жергілікті сүт зауыттарына өткізе аласыз. Ал ет өндірісімен айналыссаңыз, онда жергілікті ет өндіретін комбинаттарға өткізіңіз. Екі жағдайда да сату жағынан ешқандай қиындық туындамау керек. Басты мақсат – дайын өнімдерді өткізуде баға белгілеу.
Болжамды есептеулер.
1. Шығыстар:
- бұзау сатып алу – 10 000 теңге * 5 бұзау = 50 000 теңге.
- сиыр сатып алу – біреуі 50 000 теңге.
- жем – 15 000 теңге.
Барлығы: 145 000 теңге.
2. Табыс:
1 кг сиыр еті — 600 теңге, 1 сиыр = 150 кг. x 600 теңге = 90 000 теңге.
Мүйізді ірі қара малдардың елімізде кең тараған асыл тұқымдарымен таныс болам десеңіз, мына сілтемеге өтіңіз.