Ауа-райының кенеттен бұзылуы біршама ыңғайсыздық тудырады. Алдын ала берілген болжамдарды көргенмен, кейде олар да дәл келмей жатады. Сөйтіп адамдар жұмыстан, кинотеатрдан, қонақтан қайтып келе жатқан кезде аспан күркіреп, жаңбыр себелеуі немесе тіпті құйып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайдың болуын ескеріп, жауыннан қорғайтын жамылғыны сатып алып, өзімен бірге алып жүруді әдетке айналдырға жөн. Әрине, кейде жаңбырдың астында қалмау мақсатында адамдар өзімен бірге қолшатыр алып, ылғал өткізбейтін киім киіп жатады. Алайда, ауа-райын алдын-ала үнемі ешкім де болжай алмайтындықтан, адамдар қолайсыз жағдайға тап болуы әбден мүмкін. Сондықтан жаңбырлы мезгілдерде «күн райы» арқасында көшедегі адамдарға жауыннан қорғайтын жамылғы ұсынып, сауда жасауға әбден болады. Дұрыс ұйымдастырған жағдайда бұл қомақты табыс әкелетін бизнеске айналады.
Құрал-жабдықтар. Сізге керегі – тігін машинасы ғана.
Технология. Жамылғыларды матадан емес, ылғал мен су өткізбейтін жасанды материалдардан жасайды. Мысалы, қол шатыр полиэстерден жасалады. Жаңбырдан қорғайтын жамылғы тігуде материалдардың жұмсақ, үстінен су жылдам ағып кететін түрлерін қолдану керек. Олардың кәдімгі плащтарға қарағанда бір ерекшелігі – жаңбырдан 100% қорғауы. «Арнайы киім» болғандықтан олар тек жаңбырдан қорғану үшін ғана киюге жарамды болып келеді.
Мұндай жамылғылардың біреуін бес минутта кәдімгі полиэтиленнен тігіп шығуға болады.2 метрполиэтилен етеді. Алдымен қарапайым ғана үлгісін жасап алу керек: ұзындығы180 см., ал ені150 см. болатын ұшбұрыш. Кесіп, төрт рет бүктеп, кимоно үлгісін салыңыз. Одан кейін шеңберлі сызық бойынша екі нүктені қосыңыз, жеңі мен мойнын кесіңіз. Одан кейін ортасынан кесіңіз. Екі жағын тігіп, қисық бейкамен бекітіңіз.
Екі жағынан40 см.-лік екі шаршы кесіп, капюшон жасаңыз. Бұрыштарын кесіп, қисық бейкамен тігіңіз. Капюшонды тігу үшін плащтың мойын жағына келтіріңіз. Мойын ұзындығы капюшонның төменгі бұрышы ұзындығымен келісіп тұруы керек. Әдемілік үшін қисық бейкамен жеңдерін, жамылғының астын, шеттері мен капюшонды әсемдеңіз. Пластиктен жасалған түйме ілгек полиэтиленде тығыз тұруы үшін астына түссіз түйме қадап қойыңыз. Түймелер дайын болған соң жамылғы да дайын.
Өнімді өткізу. Мұндай жауыннан қорғайтын жамылғыларды көшеде, автобус аялдамаларында, ғимараттардың алдында, адамдар көп жиналатын басқа да орындарда (базар, стадион, кинотеатр) сатуға болады.
Болжамды есептеулер:
- тігін машинасы (болмаса) – 13 000 теңгеден жоғары.
- полиэстер –1 м. 150 теңге.
Бір жауыннан қорғайтын жамылғы үшін 2 м. полиэстер x 150 теңге/м. = 300 теңге + басқа да керекті материалдар (жіптер), жауыннан қорғайтын жамылғының өз бағасы шамамен 350 теңге. Ал сауда бағасын 500-600 теңге деп белгілеуге болады.