Жиһаз жөндеу шеберханасы

Жиһаз жөндеу Қалаға арналған бизнес жоспарлар

Жаңа жұмсақ жиһаз сатып алу үнемі ескісінің жағдайы туралы мәселені туындатады. Ескі жиһаздарды аз ғана ақшаға сатады, саяжайға апарады немесе мүлде лақтырып тастайды.

Алайда басқа балама нұсқа да бар. Ол – жұмсақ жиһазды қаптау және қайта жөндеу. Бұндай шешім жаңа жиһаз сатып ала алмайтын жанұя үшін өзекті. Ескі жұмсақ жиһазды қайта жөндеу интерьерді жаңалау мен отбасы шығынын азайту үшін ыңғайлы әрі тиімді шешім болып табылады.

Егер Сіз жиһаз жөндей алсаңыз немесе үйренуге дайын болсаңыз мұндай қызмет түрі кіші бизнесті ұйымдастыру үшін тамаша идея болып табылады. Жиһаз салонын ашу әркімнің қолынан келе бермейді. Ол ақшалай қаражат пен уақытты, шығын шығаруды қажет етеді. Ал өте қажетті болып табылатын жиһазды қаптау және қайта жөндеу бизнесін ашу үлкен қаражат қажет етпейді.

Ғимарат. Жұмсақ жиһазды қаптау мен қайта жөндеу жұмысын тапсырыс берушінің пәтерінде іске асыруға болады. Бірақ тапсырыстар көбейген кезде жеке шеберхана ашу туралы ойлануға тура келеді, ол үшін ғимаратты сатып алу немесе жалға алу қажет. Сонымен қатар, мұндай жағдайда жиһаздарды тасымалдау үшін жүк машинасы болуы тиіс, оны да сатып алуға немесе жалға алуға болады.

Құрал-жабдықтар.

  • электр дрелі – 4 000 теңге
  • электр сүргісі – 5 000 теңге
  • электр қыл арасы – 6 000 теңге
  • шаруашылық степлер – 7 000 теңге
  • тігін машинасы – 38 000 теңге
  • құралдар жиынтығы: балға, кемпірауыз – 10 000 теңге

Жоғарыда көрсетілген құрал-жабдықтарды, сонымен қатар, басқа да қажетті материалдарды дүкеннен немесе базардан сатып алуға болады.

Технология. Кәсіпкердің ең басты артықшылығы өнімді сапалы жасап, белгіленген мерзімде аяқтау болуы керек. Жиһаз қаптаудың екі түрі бар: біріншісі – жұмсақ жиһазды клиенттің матасымен қаптау, екіншісі – өзіңіздікімен қаптау. Екінші тәсіл үнемді әрі пайдалы екенін айта кету керек. Яғни сіз матаны арзан бағамен көп қып сатып алып, клиенттерге оны бөлшек сауда бағасымен есептеп, қосымша пайда таба алатын боласыз. Жұмсақ жиһазды қайта жөндеу дегеніміз – негізінен оның қаптамасы мен поролонын ауыстыру. Сонымен қатар, кейде жөндеуге келмейтін бөлшектерді ауыстыратын жағдайлар да болады. Жалпы диванның немесе креслоның арқасының биіктігін қысқарту сияқты жұмыстарды жасағаннан кейін жиһаз жаңа және заманға сай түрге ие болады.

Клиентке ұсынылатын қызмет түрлері – жұмсақ жиһазды қайта жөндеу, корпусты жиһазды жөндеу, орындық жөндеу, қаптама тігу, механизмдерді жөндеу және оларды ауыстыру.

Қызметкерлер. Жұмыс үшін жөндей алатын екі шебер қажет. Жұмысшылармен жеке еңбек келісім-шартына отыру қажет.

Өткізу нарғы. Тапсырыс берушілерді тарту үшін жергілікті газеттерге, интернетке жарнама беру қажет. Жұмыстардың фото суреттерін орналастырып жеке сайт ашуға болады.

Болжамды есептеулер.

1. Шығыстар:

Құрал-жабдықтар – 70 000 теңге.

Алғашқы уақытта жұмысты тапсырыс берушінікінде жасайтындықтан  ғимаратты жалға алудың қажеті жоқ. Ал тапсырыстарды үйде отырып–ақ қабылдайсыз.

Сізге мата, поролон, жіп және т.б. қажетті материалдар керек.  Олардың шығыны сапасы мен санына байланысты 15000-20000 теңге аралығында болады.

2. Табыс:

  • тапсырыс берушінің материалымен диван, кресло жөндеу (күрделілігіне байланысты) 3000-5000 теңге;
  • жиһаз кешенін толыққанды қайта жөндеу – 20 000-25 000 теңге;
  • механизмін жөндеу және ауыстыру – 500-2 000 теңге.

Егер жөндеу аса күрделі болмаса, күніне 2-3 тапсырыс алуға болады * 3000 = 6 000-9 000 теңге.

Оцените автора
Пікір қалдырыңыз