Кондиционерлерді орнату

кондиционер орнату Қалаға арналған бизнес жоспарлар

Аймақтарда бұл бизнес түрі жақсы дами бастады. Климаттық техниканы сатумен айналысатын көптеген сауда компаниялары олардың монтажымен айналысқысы келмейді. Ал бұл өз кезегінде жеке кәсіпкерлердің бұл бизнес түрімен айналысуына жақсы мүмкіндік тудырады деген сөз.

Тапсырыстардың көп бөлігі көктем мезгілінде басталып, жаз бойы  болады. Бұл бизнес түрімен айналысуды көктем айларында бастаған жөн. Аймақтарда адамдардың көбісі алғашқы кондиционерін сатып алуда, ал астанада адамдар бұрынғы кондиционерлерін заманауи, қазіргі эстетикалық тұрғыдан дұрысырақ сплит-жүйелерге ауыстырып жатыр.

Кондиционерлерді орнатудың екі нарығы бар: ол ұжымдық және жеке тапсырыс берушілер. Ұжымдық клиенттер көп жағдайда кешенді қызмет көрсететін компанияларға жүгінеді, өйткені оларға кондиционерді бір жерден алып, басқа жерден орнату тиімсіз.  Сондықтан да кондиционерді орнату бизнесімен айналысамын десеңіз, онда жеке клиенттермен жұмыс жасауыңыз керек.

Ғимарат. Бұл бизнес түрі үшін арнайы бір орынды жалға алудың қажеті жоқ, өйткені сіз клиенттеріңізге өзіңіз барасыз. Ал тапсырыстарды үйде отбасыңыздың бір мүшесі  қабылдай алады.

Құрал-жабдықтар. Сізге керегі – монтаждауға арналған құрал-саймандар мен материалдар. Құрал-саймандардың бірінші тобы – бұл электр құралдары: перфоратор, штробкескіш, алмаз дискілерінің жиынтығы. Екінші тобы – тоңазытқыш құралы және тоңазытқыш контурын жұмысқа қосуға арналған жабдықтар. Үшінші тобы — құбырлық құралдар: құбыркескіш, вальцовкалар, шабровкалар. Төртінші тобы – жалғауға арналған жабдықтар.

Технология. Кондиционерді орнату үшін не істеу керек? Алдымен кондиционердің ішкі және сыртқы блоктарын орналастыратын жерді таңдау қажет. Кондиционерді бос қабырғаға орналастырған жөн, сонда ауа бөлме ішінде біркелкі таралады.

Келесі кезең – кондиционердің ішкі және сыртқы блоктарын байланыстырушы құбырлар үшін қабырғаға тесік жасау. Кейде коммуникацияларды қабырға ішіне жібере алмаған жағдайда, оларды арнайы пластик қорапқа салып, қабырғаға жапсырып қояды.

Кондиционерді орнатуға байланысты тағы бір айта кететін жайт – жиналып қалған суды шығаруға арналған дренаж жабдығы. Дренажды шланг басқа коммуникациялармен бірге монтажды қорапқа салынып, сыртқа шығарылады. Сонымен қатар, кондиционерді орнату үшін оған бөлек тоқ сұққыш жабдық керек және де электрқалқанға жеке автомат жасаған дұрыс.

Сервистік қызмет қосымша табыс түсіре алады. Сервистік қызмет көрсету келісім-шартын бірнеше жылға жасауға болады, себебі кондиционерді, әдетте, жылына екі рет тексереді.

Біраз уақыт өткеннен кейін, бизнес табыс әкеле бастаған кезде кондиционерлерді сатумен айналысуға да болады. Не болмаса инженерлік жүйелер күтімімен айналысуға болады. Мұндай бизнес өте табысты, кәсіпкер тапсырыстарды жыл бойы ала алады. Кондиционерлерді орнату бизнесі компанияның одан әрі басқа да салаларда дамуы мен өсуіне мүмкіндік береді.

Маркетинг және өткізу. Жарнамаға ерекше көңіл бөлу керек. Алғашқы кезеңде жеке клиенттермен жұмыс жасайтындықтан жарнама оларды тарту үшін қолданылады. Сіздің кондиционерлер сататын, алайда орнату жағынан қызмет көрсетпейтін дүкендермен келіскеніңіз тиімді болады. Белгілі бір көлемдегі төлем үшін дүкендердің тапсырыстарды сізге беріп тұруы жөнінде келісіп алған да жөн. Сауда нүктелері қаншалықты көп болса, тапсырыстардың саны да соғұрлым артады. Баспада шыққан жарнама аз да болса өз көмегін тигізеді. Аймақтарда кейбір компаниялар өздерін теледидар арқылы жарнамалайды. Сонымен қатар Интернет арқылы, жеке интернет-сайт немесе блог ашып, клиенттерді тартуға да болады. Жарнамалық мәтін жазу барысында бәсекелестерде жоқ қызмет түрін жазуыңызға болады. «Арзан және тез» деген сөздер клиенттерді жалықтырды, сондықтан жарнаманың мәтінін құрастыру барысында оған үлкен мән беріңіз.

Болжамды есептеулер.

1. Шығыстар:

  • Монтажға арналған құрал-саймандар– 200 000 теңгеден жоғары.
  • Жарнама – 3 000 теңге.
  • Басқа да қажетті материалдар – 40 000-50 000 теңге.

Барлығы: 250 000 теңге.

2. Табыс:

Бір кондиционерді орнату (монтаж) 15 000 теңгеден жоғары, жұмыс көлемі мен қабатқа байланысты. Уақыт бойынша 2-3 сағат алады, яғни күніне 2-3 кондиционер орнатуға болады. Күн сайын 30 000-45 000 теңге таба аласыз. Бір айдан кейін-ақ сіз шығыстарыңызды ақтайсыз.

Оцените автора
Пікір қалдырыңыз