Маникюр мен педикюр бойынша үйде қызмет көрсету

Маникюр мен педикюр Қалаға арналған бизнес жоспарлар

Қазіргі заманда маникюр, педикюр, бет пен шаштың, дененің күтіміне мән бермейтін адамды таба алмаймыз. Үй жағдайында адамдардың өздерінің жақсы нәтижеге қол жеткізуі оңай емес. Сондықтан маманды үйге шақырған әлдеқайда тиімді. Мұндай үйде көрсетілетін қызмет түрлері үлкен сұранысқа ие. Аталған салада кызмет көрсету табысты бизнес болып табылады. Сонымен қатар, көп шығындалуды қажет етпейді. Маникюр, педикюр жасауды үйрену қиын емес, ол мезгілдік бизнес түрі де емес. Тек жаз айларында педикюрға деген сұраныс аздап артады.

Неден бастау керек? Арнайы курстарға барудан, қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды алудан бастау керек. Оқуға 1 — 2 апта уақыт керек. Оқыту орталықтарында қызметпен қамтамасыз етуді ұсынса, келісіңіз, сіз үшін ол үлкен тәжірибе, сонымен қатар, болашақ үйде қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін клиенттерді табу мүмкіндігі. Кепілдіктің бар-жоғына назар аударыңыз. Оқу курстарын аяқтау жөніндегі сертификат пен келісім-шарт болуы керек.

Жарнаманың орны ерекше. Сіз өзіңіз тұрып жатқан аймаққа хабарландырулар іле аласыз немесе тегін газетке жарнама беруге де болады. Алайда ең бастысы – сапалы қызмет көрсету.

Құрал-жабдықтар мен қажетті материалдар:

  • еуропалық маникюрді кесуге арналған аппарат (фреза);
  • акрил үшін қылқалам;
  • табиғи тырнақтарға арналған арашалар;
  • апельсин арашалары;
  • кутикулдарды кесетін қысқыштар;
  • маникюрға арналған күрекшелер;
  • педикюрға арналған щетка (табандарға);
  • қолға арналған кішкентай ванна;
  • аяқ массажына арналған кішкентай ванна;
  • жазуға арналған қылқалам.

Шығын материалдары:

  • өсірту үшін пішіндер мен типсылар (күңгірт және френч);
  • акрил (түссіз, қызғылт, ақ);
  • ликвид (акрил ұнтағымен араластыруға арналған сұйықтық);
  • кутикулды жұмсартатын сұйықтық;
  • кутикулға арналған май;
  • лактар;
  • лакты өшіретін сұйықтық;
  • мақталық дискілер;
  • қолға арналған крем;
  • ментолы бар аяққа арналған крем;
  • аяққа арналған скраб;
  • ваннаға арналған тұз;
  • жылтырақтар;
  • асқын тотық (перекись).

Құралдар іске жарамсыз болып қалғанда оларды ауыстыру керек.

Қызмет түрлері. Маман мынадай қызмет түрлерін көрсете алады:

  • лакты, лаксыз гигиеналық маникюр, декоративті элементтерді;
  • қолға арналған массаж;
  • аяққа арналған массаж.

Маникюр мен педикюрдің келесі түрлері бар: классикалық, европалық, аппараттық, SPA маникюр мен педикюр: массаж, пиллинг, маскалар, кутикуланы алып тастау, француз және жапон т.б.

Болжамды есептеулер.

1. Шығыстар:

  • арнайы курсқа бару  — 25 000 теңге + 30 000 теңге
  • құрал-саймандар мен материалдар шығыны = 55 000 теңге.

2. Табыс:

  • Тырнақты тазалау 4 000 теңге не одан жоғары, уақыт бойынша 2-2,5 сағат алады.
  • Маникюр –  1 000 теңгеден жоғары, уақыт бойынша 1 сағат.
  • Педикюр – 5 000 теңге және одан жоғары, уақыт бойынша 1,5-2 сағат.

Күніне 5-6 маникюр жасасаңыз, сіздің бір күндік табысыңыз 5 000-6 000 теңгені құрайды.

Оцените автора
Пікір қалдырыңыз