Науқастар мен қарт адамдарды күту

науқастар мен қарттарды күту Қалаға арналған бизнес жоспарлар

Бүгінгі күні адамдар арасында жұмыс істеп жүріп,  үнемі күтім мен қамқорлықты қажет ететін жақын адамдарына қарап қиналып жүргендер өте көп. Науқастар мен қарт адамдарға қарау олардың тыныштығын сақтау мен жақсы күтім көрсетуден тұрады. Отбасы қарт әрі науқас адамға өздері қарайды немесе үйге келіп тұратын адамдардың көмегін пайдаланады; әдетте мұндай күтім үйде жасалады. Науқас және қарт адамдарға көмек көрсету бойынша қызметтер қазіргі кезде жеткілікті түрде дамымаған. Сондықтан да мұндай істі ұйымдастыру өте жақсы бизнес болып табылады.

Басқа адамның көмегін қажет ететін, науқас қарт адамдарды күту үшін клиентпен жазбаша келісім-шарт жасасу керек, онда қызметті жүзеге асырудағы барлық мәселелер қаралуы тиіс.

Ғимарат. Бизнестің бұл түрі үшін арнайы ғимарат жалдаудың қажеті жоқ. Бұл қызмет толығымен клиенттің үйінде жүзеге асырылады. Ал мүмкіндік болып жатса, онда қарт адамдарға қамқорлық көрсететін шағын пансионат ашуға болады.

Құрал-жабдықтар. Бизнестің бұл түрін жүзеге асыру үшін арнайы құралдар қажет емес, керек болатындар нәрселер тек мыналар:

1) клиенттер базасын жүргізу үшін бір компьютер;

2) тапсырыс алу үшін телефон аппараты.

Бизнесті жүргізудің ерекшеліктері. Науқас және қарт адамдарды қарау мейірімділік пен мұқият қатынасты қажет етеді. Қарапайым жанашырлық таныту мен шын жүректен  әңгімелесу қарт адамдардың жалпы жағдайына оң әсер береді. Ауру әрі қарт адамдарды үйлерінде кәсіби түрде күту дегеніміз ‑ білікті көмек көрсету мен кәсіби қарау.

Ауруларды қарайтын қызметкерлердің міндетіне мыналар кіреді:

  • қамқорлықтағы кісінің денсаулық жағдайын қадағалау;
  • денсаулығындағы өзгерістер туралы дәрігерге хабарлау;
  • тиісті жүктелген міндеттерді орындау;
  • қамқорлықтағы кісінің жаттығумен айналысуын мұқият қадағалау және бос уақытын ұйымдастыру (кітап оқу, теледидар қарау), сондай‑ақ келісім-шартта қарастырылған басқа да қызмет түрлерін жасау.

Күтім талап етілетін адамның денсаулық жағдайына байланысты медбике немесе жай күтуші қызметтерін ұсынуға болады. Егер адамға ауруына байланысты мұқият қарау керек болса, онда қажет болғанда дәрі егетін, дәрілік препараттардың қабылдануын қадағалайтын және т.б. үшін медбике қажет. Егер жай ғана қарт адамды күту талап етілсе, онда тамағын әзірлеп беретін, қажет болса тамақтандырып, дәрі қабылдауын ғана қадағалайтын және т.б. үшін күтушінің қызметін ұсынуға болады.

Қызметкерлер. Клиент өзін жақсы жағдайда сезінуі үшін  қызметерлер құрамы адамгершілігі жоғары білікті мамандар тобынан тұруы тиіс.

Медбике мамандар санатына жатады. Медбике қызметін «Медбике ісі» мамандығы бойынша орта медициналық білімі бар тұлға жүзеге асыра алады, ол қамқорлықтағы кісінің медициналық күтімін уақытылы әрі сапалы жүзеге асырады. Күтуші – бұл қарапайым сауатты адам ғана емес, ең алдымен ауру адамдарды күту барысында олардың өздеріне, өз күштеріне сенімін арттыра білетін психолог. Адамдарды таңдау барысында ең басты және маңызды шарт – бұл еңбек өтілі мен жұмыс істеу ниеті.

Қызметкерлер арнайы білімге ие болудан бөлек, әрбір қамқорлықтағы кісіге мейірімді әрі сыйластық қатынас жасай білуі керек. Олар қарт және науқас адамдармен жеңіл тіл табысып кетуі тиіс, ал бұл өз кезегінде науқас және қарт адамды емдеу мен күтудің тиімділігін айтарлықтай арттырады.

Білген дұрыс! Сіз жұмысқа қабылданатын адамдармен жеке еңбек келісім-шартын жасасуыңыз керек.

Сату. Жарнама үшін жергілікті БАҚ‑ты, ғаламтор‑сілтемелерін, сайттарды, бағаналарға, ауруханалар мен емханаларға  жарнама жапсыруды пайдалануға болады.

Болжамды есептеулер.

1. Шығыстар:

Компьютер сатып алу – 60 000 теңге.

Қызметкерлерге еңбекақы төлеудің үш жолы бар:

1) бекітілген ай сайынғы жалақы;

2) ай сайынғы аз мөлшердегі жалақы + тапсырыс берушіден түсетін пайданың белгілі бір бөлігі;

3) тек тапсырыс берушіден түскен пайдадан белгілі бір пайызын төлеу, мәселен, сізге 30 %, қызметкерге  70 %, өйткені негізгі жұмысты қызметкер атқарады, ал сіз үйлестіру қызметін атқарып тұрсыз.

Мәселен, егер Сізде 5 клиент бар делік х 50 000 теңге (бекітілген жалақы) = ай сайын 250 000 теңге. Бастапқы кезеңде, өз «атыңызды» шығарып алғанша 5 адам жеткілікті болады.

2. Табыс:

  • Күтуші қызметі 1 сағаты – 300-500 теңге х 11 сағат (ертеңгі 8-ден кешкі  7-ге дейін) = 3 300 теңге күніне, ал бір айдың 24 жұмыс күнінде х 3 300 теңге = 79 200 теңге.
  • Медбике қызметі қымбат және сағаты  500 теңге болуы мүмкін х 11 сағат (ертеңгі 8-ден  кешкі 7-ге дейін) = 5 500 теңге күніне х 24 жұмыс күні = 132 000 теңге айына.

Барлығы: айына 211 200 теңге.

Оцените автора
Пікір қалдырыңыз

  1. Меруерт

    Тусинбедим, негизи мен кутимдм калай жасау керектигин издеген блолатынмын.

    Ответить