Біз, әрине, аю, қоянды үнемі сатып ала береміз, бірақ адамдар қолдан жасалған ойыншықтың жалғыз үлгісін иемденгісі келетіні туралы жиі ойланады. Қолдан жасалған заманауи ойыншықтар кішкентай балалардың жүрегінен маңызды орын ала алатыны сөзсіз.
Ғимарат. Ғимарат шағын болуы мүмкін. Ғимаратты жалға алмай жұмыс істеуге де болады, бірақ клиентпен қалай және қай жерде келісетініңізді, жұмыс істеу орнын алдын ала шешіп алу қажет. Шағын, бірақ жақсы жабдықталған ателье бизнестің тиімділігін арттырады және қосымша модельдерді арнайы тапсырыссыз сатуға мүмкіндік береді.
Құрал-жабдықтар. Тігін машинасы және шағын үстел.
Технология. Жұмсақ ойыншықтарды тігу үшін төмендегі заттар қажет:
- мата, тері, былғары, тағы басқа жұмсақ материал қалдықтары;
- фурнитура – түймелер, ілгектер, моншақтар немесе жұмсақ ойыншықтың көздерін, мұрнын жасау үшін қолданылатын арнайы фурнитуралар;
- инелер, өлшемі жұмсақ ойыншықтың көлеміне байланысты: ойыншық неғұрлым көлемді болса, ине де соғұрлым үлкен болуы тиіс;
- тігін қайшысы мен оймақ;
- біз, кемпірауыз, сым, картон – ойыншық каркасын жасауға және фурнитураны монтаждауға арналады;
- арнайы бор, сызғыш, метр, ойыншықтың пішінін дұрыс жасау үшін көшірме қағаз;
- үтік, тігудің алдында әр бөлшекті жақсылап үтіктеу үшін;
- тігін машинасы мен жіптер;
- қосымша материалдар, мысалы, мақта, синтепон, поролон.
Жұмсақ ойыншықтарды дайындау әдістері:
1) пішуден тігуге дейін барлығын қолмен жасау;
2) маманданған журналдар мен сайттардың кеңестері мен дайын үлгілерінің көмегіне жүгініп, бар нәрселерден ойыншық тігу;
3) жұмсақ ойыншықтар тігу үшін дүкеннен арнайы материалдар жиынтығын сатып алу – онда мата, дайын үлгілер, ойыншық ішін толтыратын арнайы материалдар, фурнитура мен тігуге қатысты нұсқаулар, кейде құралдар да болады.
Тоқылған ойыншықтар. Егер сіз тоқи алсаңыз, ойыншықтарды қиналмай жасауға болады. Ол үшін ши мен жіп қана қажет. Бұларды арнайы мамандандырылған дүкендерден сатып алуға болады.
Қызметкерлер. Егер сіз тіге алмасаңыз немесе тоқи алмасаңыз, онда кәсіпорныңызға жұмысшылар жалдауға тура келеді. Ол үшін газетке немесе интернетке жарнама беру керек. Жұмысшылар тапсырыстарды үйінде орындап, дайын ойыншықтарды сізге әкеліп тұрады.
Өткізу нарығы. Тұрақты сұраныс жағдайында қолдан жұмсақ ойыншық жасау, мысалы, туристерге кәдесый ретінде, шынайы отбасылық бизнеске айналып кетуі әбден мүмкін. Дайын өнімдерді жеке дүкендерге немесе шағын балалар дүкеніне сатуға беруге болады.
Болжамды есептеулер.
1. Шығыстар:
- мата – 2 000-3 500 теңге (матаға байланысты ).
- фурнитура – 1 000-1 500 теңге.
- тігін машинасы (болмаса) – 14 000 теңге.
- қосымша материалдар, жіптер – 2 500-3 000 теңге.
- 1 ойыншыққа төлем– 1 500 теңге х 5 дана = 7 500 теңге айына.
Барлығы: 29 500 теңге.
2. Табыс: 1 ойыншықты сату 3 500 — 6 000 теңге (аймаққа байланысты), күніне 4 ойыншық x 3 500 теңге x 24 жұмыс күні = айына 336 000 теңге.