Қызылорда қаласы аумағындағы ауыл шаруашылығы жерлерін беру жөніндегі конкурс

Қызылорда қаласы аумағындағы ауыл шаруашылығы жерлерін беру жөніндегі конкурс БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ

Қызылорда қаласы аумағындағы ауыл шаруашылығы жерлерінен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жарияланды.

Ұсынылатын құжаттар:

  1. мемлекеттік емес заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
  2. жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты, тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
  3. өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
  4. конкурстық ұсыныс.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер Қызылорда қаласы, Мұстафа Шоқай көшесі, № 147 мекен-жайында Қызылорда қаласының жер қатынастары бөлімі 2022 жылдың 5 наурызы сағ.: 09:00-ден – 31 наурыз сағ.: 13.00-ге дейін қабылдайды.
Байланыс телефоны: (8 7242) 24-42-42, 24-78-30.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

Конкурстың өткізілетін орны мен уақыты: Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында, Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата көшесі, №123 ғимарат, 3 қабат, 2022 жылғы 1 сәуір, сағ.: 10.00-де.

Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі

Қызылорда қаласы аумағындағы ауыл шаруашылығы жерлерін беру жөніндегі конкурс
Оцените автора
Пікір қалдырыңыз