Салық төлеушінің паспорты деген не, ол кімге керек

Салық төлеушінің паспорты Бизнесхақ

2021 жылдың 20 желтоқсанында Салық кодексіне енгізілген толықтыруларға сәйкес салық төлеушінің паспорты деген түсінік пайда болды. Салық төлеушінің паспорты – кәсіпкерлердің салықтық құпия болып табылмайтын және салық органы қалыптастыратын штрих-кодта қамтылатын ақпараттық картасы.

Салық төлеушінің паспорты 2022 жылдың 1 наурызынан қоғамдық тамақтандыру және сауда салаларында қызмет ететін кәсіпкерлер үшін енгізіледі. Олар тікелей бақылау-касса машиналары тұрған және халыққа хабар беру үшін жалпыға бірдей қолжетімді орындарда орналастыру қажет.

Паспорт налогоплательщика: что это такое и где получить

Салық төлеушінің паспортында мынадай мәліметтер қамтылады:

  1. сәйкестендіру нөмірі;
  2. дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның атауы;
  3. дара кәсіпкердің, заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты;
  4. салық төлеушінің мәртебесі – әрекет ететін, әрекет етпейтін, салықтық есептілікті ұсынуды тоқтатқан;
  5. тiркеу есебiне қойылған күн, тiркеу есебiнен шығарылған күн;
  6. бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі, бақылау-касса машинасын пайдалану орны;
  7. алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияның болуы немесе болмауы.

Салық төлеуші паспортының мәліметтерін салық органы айына бір рет есепті айдан кейiнгi екінші айдың 15-інен кешiктiрілмейтін мерзімде қалыптастырады.

Паспорттар Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми интернет-ресурсында жарияланады.

Сонымен, паспорт деген ол салық органдары қалыптастыратын QR-коды.

Кодты алу үшін:

  1. Мемлекеттік кірістер комитетінің порталына (kgd.gov.kz) кіріп, «Ақпараттық қорлар» айдарына өтіп, «QR-кодын қалыптастыру» қызметін таңдайсыз.
    Салық төлеушінің паспорты QR-kod
  2. Ашылған парақшада қызмет көрсету тілін таңдап, «QR-кодын алу» батырмасын басасыз.
    Салық төлеушінің паспорты код алу
  3. Сосын телефон номерін енгізіп, «Кодты жолдау» батырмасын басасыз.

Салық төлеушінің паспорты телефон

 

Сауда және қоғамдық тамақтандыру салаларындағы кәсіпкерлер QR-кодтарын және олардың жаңартылған нұсқаларын уақытылы ай сайын жүктеп алып,  тікелей бақылау-касса машиналары тұрған және тұтынушыларға көрінетін жерлерге орналастыру қажет.

Мақала пайдалы болды деп үміт етемін. Онда пікір қалдырыңыз, мақаланы бағалаңыз және әлеуметтік желілерде достарыңызбен бөлісіңіз.

Сәлем!
Мен "Basta!" жобасының жетекшісімін. Каир университеті Сауда факультетінің түлегімін. Қазір Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасында жұмыс жасаймын.
Бос уақытымда инкубатор жасаумен шұғылданамын.

Оцените автора
Пікір қалдырыңыз