Шөп – жануар тектілердің негізгі азығы. Ірі қара мал, қой мен жылқы үшін белгілі бір мерзім аралығында күнделікті пайдаланатын басты азық. Малға берілетін ең жақсы шөп – жайлау мен даланың түрлі шөптері. Алайда қазіргі уақытта шөпті көпжылдық дәнді және бұршақ дақылды шөптерден (сулыбас, жоңышқа, костер, клевер) дайындайды. Бұршақ дақылды шөптертің кальциі, дәнді дақылдылардың – фосфоры көп, сондықтан шөптің екі түрі де малға пайдалы. Әсіресе дәнді дақылды шөп жалпы азық көлемінің 70-75%-ын құрауы керек. Жоғары сапалы шөптің ылғалдығы 15%-ды құрап, жасыл түсті және жағымды иісті болады.
Жақсы шөп қыс мезгілінде дәрумендер, минералды заттар мен протеин көзі болып табылады. Шөптің құнарлылығы өсімдіктің ботаникалық құрамына, оны жинаудың мезгілі мен әдісіне, кептіру ұзақтығына байланысты.
Шөп дайындау мезгілі
Шөпті жинау мен әзірлеу уақыты климаттық аймақ пен ауа-райы жағдайына байланысты. Алайда жинау мезгілінің объективті көрсеткіштері де бар: қауыздану немесе бұршақ ашу, т.б. Дәл осы кезеңде өсімдіктердің құнарлы заттары көп мөлшерде болады. Бұдан кешірек мезгілде жинағанда құрғақ өнімді көбірек алуға болады. Бірақ бұл көлем уақыт өткен сайын өсімдік құрамында көбейе беретін талшықтар есесінен алынады.
Технология
Шөп дайындаудың әдеттегі және дәстүрлі әдістері бойынша шөпті шауып алып, ауа-райының қолайлы кезінде бірнеше сағатқа жайып алады. Одан кейін шөпті тырмалап үйеді де қажетті қалыпқа дейін кептіргеннен соң бір жерге түк етіп жинайды.
Шөптің құнарлы заттарын жоғалтуы механикалық және химиялық болып бөлінеді.
Құнарлы заттарды механикалық түрде жоғалту дегеніміз – шөпті жинау және қопсыту барысында өсімдіктің өзінің бағалы бөліктері болып табылатын гүлдері мен жапырақтарының сынуы. Әсіресе гүлдері мен жапырақтары жалпы салмағының 50%-ын құрайтын бұршақ дақылды өсімдіктерді жинау барысында жалпы шөп көлемін жоғалту қомақты мөлшерде болады. Механикалық түрде шөп көлемін жоғалтуды азайту үшін шабылған шөпті көп қозғай бермеу керек.
Ал химиялық түрде шөп көлемінен айырылу жаңа шабылған шөп жасушаларында зат алмасудың, яғни биохимиялық үдерістің тоқтамауы әсерінен болатындығы түсіндіріледі. Құрғату неғұрлым тезірек жүзеге асса, соғұрлым аққуыз, көмірсутегі, майлар, дәрумендер ыдырау үдерісін тезірек тоқтатып, құнарлы заттар барынша жоғалмайды.
Жоңышқаны кептіру айтарлықтай қиын, өйткені оның сабағы қалың. Сондықтан оны жинау кезінде арнайы сабақты жалпайтып тастайын шөп машиналары қолданылады. Осылайша ол тез кебеді, алайда сабақтарын жалпайту кезінде өсімдіктің ылғалдылығы, онымен бірге құнарлы заттары жоғалады. Дәнді дақылды шөптерді жалпайтпайды, өйткені олардың сабақтары жіңішке, яғни тез кебетін. Арнайы желдету арқылы шөпті аз уақыт ішінде кептіруді жүзеге асыруға болады.
Тығыздалған шөпті дайындау үшін оның ылғалдылығы 30-35% болғанға дейін кептіріп, мая етіп тырмалап жинайды.
Дәруменді шөп жас малдар мен асыл тұқымды жануарлар азығына қолданылады. Оны жасанды әдіспен құрғатады, күн көзі астында көп ұстамайды, өйткені ультрафиолет толқындары салдарынан каротині ыдырайды.
Сақтау
Құрғақ шөпті қорада, шатыр астында сақтайды. Кейбіреулер арнайы шөп сақтайтын төбесі жабық орын жасайды. Ол үшін жерге ұзындығы 7-7,5 метрлік бағана тұрғызылады. Әр бағананың қасына тағы бір 1 метрлік бағананы орнатады. Қысқа бағаналарға тақтайлар қойылып, үстіне шөп жиналады. Ішінен қысқышпен нығыздалған 60×100 см. қайрақпен байланысқан рама төбе болып табылады. Раманы бағаналарға кигізіп қояды да, шатыр жасайды. Шөп жиналғаннан соң белгілі бір биіктікте шатырды бекітеді.
Болжамды есептеулер
Шығыстар:
- кішкентай ағаш шалғы = 700 – 1 200 теңге.
- үлкен ағаш шалғы = 1 500 – 2 500 теңге.
- орақ = 400 – 700 теңге.
- мотошалғы, электрлік және бензиндік = 7 500 – 50 000 теңге.
- тырмалар = 500 – 1 000 теңге.
- 1 метр жіп = 5 – 10 теңге.
Табыс:
- Шөп 1м2 = 14 –22 кг.
- 1 кгшөп = 8 теңге.
- 1 тонна шөп = 8 000 теңге.