Қазіргі кезде үй-жайды перде сияқты маңызды құрамды бөліксіз елестету мүмкін емес. Олар өзіндік әдемілігі арқасында декордың өте функционалды және пайдалы элементтері болып табылады. Сонымен, қонақтарға арналған бөлмедегі перделер өзінің сыртқы сұлулығымен ерекшеленіп қана қоймай, дыбыс бәсеңдету, көше шаңы мен ас үй ысынан және күн сәулесінен қорғау мақсатында қолданылады. Перделер интерьердің артықшылықтары мен стилін айқындап, қонақтардың назарын аударып тұратын немесе керісінше, бөлмедегі басқа да қалған заттармен сәйкестенетін элемент ретінде қарастырылады.
Тапсырысқа перде тігу бизнесі қомақты бастапқы салымды, ғимарат пен құрал-саймандарды жалға алуды қажет етпейтіндігімен тиімді. Егер сіз тіге білсеңіз, онда өз еңбегіңізбен ақша табуыңызға болады.
Перде түрлері:
- классикалық перделер
- француздық перделер
- аустриялық перделер
- римдік перделер
- жапондық перделер
- орама перделер
- плиссе перделері
- бамбук перделері
- ламбрекен
- маркиз
Ғимарат. Бастапқы кезеңде бұл бизнеспен сіз үйде отырып айналыса аласыз. Алайда, барлық келушілер кез келген уақытта кіре алатын, шағын перде тігу ательесін ашсаңыз пайдалы болады. Барлығы сіздің бастапқы капиталынызға байланысты екенін атап өтуіміз керек. Егер ателье ашуға ақшаңыз болмаса, онда, әрине, алғашында перделерді үйде тігуге әбден болады. Ал сіздің бизнесіңіз жақсы табыс әкелген кезде, ателье ашып аласыз.
Құрал-саймандар. Тігін машинасы, маталар, жіптер, аксессуарлар.
Технология. Пердеге мата мен фасонды таңдамас бұрын бірнеше негізгі ережелерді білу керек. Біріншіден, перделер түсі мен стилі бойынша берілген ғимарат интерьеріне сәйкес болуын қадағалау қажет. Болашақта перденің қандай болып шығатынын көз алдыңызға нақты елестете алу өте маңызды, содан соң, қағаз бетіне қарындашпен эскиз жасауға болады. Перде тігуге мамандандырылған журналдар мен интернет сайттарынан дайын үлгілерді табуға болады.
Сәйкес модельді таңдап, қажетті матаны сатып алған соң перделерді тіге беруге болады. Маталармен жұмысты бастамас бұрын оны жақсылап сулап алу керек және дұрыстап үтіктеу қажет. Себебі кейбір маталар өндіріс кезінде өзгеріске ұшырауы әбден мүмкін.
Пердені пішу кезінде матаның беткі жағын жоғары қарату қажет. Содан соң перденің төменгі шегін анықтап, матаның жанама бөлігіне перпендикуляр сызық жүргізу арқылы оны біркелкі ету керек. Матаны осы сызық бойынша кеседі. Содан соң перденің ұзындығын белгілеп, жанама бөлікке перпендикуляр сызық бойынша матаны кесеміз. Перденің екінші бөлігін матаның суреттерін келтіріп алғаннан соң аналогиялық түрде үлгілеу керек. Перденің екі бөлігі дайын болған кезде оларды астынан тігеді, ал үстіңгі шетіне перденің карнизге бекуі үшін арнайы лента жасалады. Содан кейін дайын пердені кесте, шілтер, қылқалам, әшекейлі тоқыма баулар арқылы сәндеуге болады.
Перде тігу кезінде үш негізгі өлшем қолданылады, олар стильді және фасонды таңдау кезінде шешуші рөл атқарады. Перделер үш ұзындықта болады – А, В, С. А ұзындығы терезе алдына дейін болады, В ұзындығы одан15 смтөмен, С ұзындығы – еденге дейін.
Қызметкерлер. Бастапқыда қызметкерлер көмегінсіз жұмыс істеген жөн. Сіз бірнеше эксклюзивті перделер жасап, оларды өз ательеңізге іліп қоюыңызға болады. Сатушы ретінде жанұя мүшелерін тартыңыз.
Өнімді өткізу. Перде тігу бизнесіне байланысты БАҚ-тағы жарнамалар тиімді саналады, парақтарды тарату арқылы немесе «ұзынқұлақ» механизмі көмегімен жарнама жасау қолайлы болып табылады. Жарнама негізгі және қосымша клиенттерді тартады.
Болжамды есептеулер.
1. Шығыстар:
- материал сатып алу, орта есеппен, метріне 250-1500 теңге, (матаның түрі мен сапасына байланысты), жалпы сомасы 30 000 теңгеге материалдың әр түрін сатып алуға болады.
- ғимаратты жалға алу –10 м²* 1 500 теңге = айына 15 000 теңге.
- аксессуарлар, қосымша материалдар – 10 000-15 000 теңге.
- тігін машинасы, (болмаса ) – 13 000-15 000 теңге.
Қорытынды: 68 000-75 000 теңге.
2. Табыс:
Пердені тігу күрделілігіне байланысты 3 000-8 000 теңге тұрады. Бір күнде 5-6 перде тігуге болады x 3 000 тенге = 15 000 тенге x 24 жұмыс күні = айына 360 000 теңге.