Терезе алдындағы бақша

Терезе алдындағы бақша Қалаға арналған бизнес жоспарлар

Жаңа піскен көкөністер – диеталық және аз калориялы азық‑түлік. Оларды үнемі пайдалану ас қорыту процесін жақсартады және қалыпқа келтіреді. Жаңа піскен көкөністердің құндылығы ең алдымен ағза үшін аса қажет С, Р және басқа да дәрумендердің болуына байланысты. Әсіресе, бұндай дәрумендерге, сондай‑ақ каротиндерге жас жапырақтар мен татымды‑дәмді көкөніс өсімдіктері бай. Бірақ, жаңа піскен көкөністер жеткілікті деңгейде тек жаз бен күз басында ғана пайдаланылады. Қыс пен көктемде және жаз басында көкөністерге яғни дәрумендерге деген қажеттілікті ішінара бөлмедегі «бақша» алмастыра алады. Тұрғын үйде көкөністер өсіру – бұл ерекше шығынды талап етпейтін, жыл бойы табыс әкелетін отбасылық бизнес үшін керемет идея. Бұл бизнестің тағы бір пайдасы балалардың әуестігі мен байқағыштығын дамытады, өсімдіктер өмірін жақсы білулеріне септігін тигізеді. Көкөніс өнімдері әдемі көрінеді және бөлме өсімдіктерінің басым бөлігімен жақсы үйлеседі.

Технология. Көкөніс өсімдіктерін бөлме жағдайында бірнеше тәсілдермен өсіруге болады: ұрықты тұрақты орынға себу арқылы, көшет отырғызу арқылы, әрі қарай аяғына дейін өсіру арқылы және т.б. Бұдан бөлек, бақша учаскесі үшін көкөніс дақылдары көшеттерін өсіруге де болады.

Көкөніс өсімдіктерінің түрлері. Бөлме жағдайында өсірілетін көкөніс өсімдіктерін бірнеше топқа топтастыруға болады:

  • жеміс беруші: қияр, қызанақ, ащы және тәтті бұрыш.
  • пиязды: түйінді пияз, жуан пияз.
  • қырыққабаттық: түсті қырыққабат, пекин қырыққабаты.
  • біржаздық жапырақты: салат жапырағы, жапырақты горчица, кресс салат шпинаты, аскөк, қияр шөбі.
  • татымды‑дәмді біржылдық: базилик кориандр, жебір.
  • тамыржемісті: салатты шашыратқы, ақжелкен, сельдерей, аспаздық қызылша, мангольд.
  • көпжылдық: рауғаш, қояншөп, қымыздық,  пияз-батун және  шнитт, сондай‑ақ татымды‑дәмді көпжылдықтар: эстрагон, бұрышты жалбыз,  қысқы жебір, фенхель, зере.

Көкөніс өсіруде орын, уақыт пен өсіру тәсілін таңдау олардың жарықсүйгіштігіне байланысты. Бұл ретте көкөніс өсімдіктерін  3 топқа бөледі:

1) жарықты көп мөлшерде қажет ететіндер – бұл ұрық егу арқылы өсірілетін барлық өсімдіктер (қияр, қызанақ, бұрыш, салат, пекин қырыққабаты), сондай‑ақ ашық топырақта өсетін көшеттер;

2) жарықты аз мөлшерде қажет ететіндер – қайта отырғызып,  әрі қарай аяғына дейін өсіретін көкөніс дақылдары;

3) жарықты қажет етпейтіндер – қараңғыда өсірілетіндер – қояншөп, рауғаш, салат  цикориясы.

Тұрғын үйдің бір жерінен қайталап, сатылап және нығыздағышты пайдалана отырып егу арқылы жыл бойына ұдайы көкөністер алуға болады. Біржаздық және қайта өсіретін өсімдіктерді бір орында бірінен кейін бірін егу арқылы немесе бір мезгілде, бірақ әртүрлі орындарда өсіруге болады. Оларды сол ыдысқа өнімді жинап алғаннан соң қайта егеді. Бұндай әдіс бір жерден 3-6 рет өнім алуға мүмкіндік береді. Салат жапырақтарын, қыша жапырақтарын, кресс-салат шпинатын, аскөкті және т.б. қайталап себе береді. Егу мен жинау арасындағы аралық қайталап себу күнін (15-40 күн шамасында)  анықтайды.

Барлық жарықсүйгіш көкөніс өсімдіктерін терезеге жақын жерге, терезе алдының ішкі және сыртқы жағына, балконға, дәліз бен лоджияға орналастырады. Көкөніс өсіру үшін тұрғын үйдің терезе алдындағы жарық алаңын пайдалану ұзақтығы 6-9 айды құрайды (қазан – мамыр – маусым), балкон мен лоджияда 5-6 ай (сәуір — қазан). Дәлізде көкөністерді ерте көктемде (сәуір-мамыр) және күзде (қазан, қараша) өсіреді.

Ең қиыны — күз бен қыстың қысқа әрі бұлтты күндері (қараша-ақпан) көптеген жарықсүйгіш көкөніс өсімдіктерін жарықтандыру. Бұл кезеңде жасанды жарықтандыру арқылы өсіруге болады.

Құрал-жабдықтар. Көкөністерді өсіру үшін аса қолайлысы – жәшік. Оларды қайың мен шырша ағашынан немесе қалыңдығы 1,5-2 см, биіктігі 12-15 см, ені  20 дан 35 см‑ге дейін  болатын тақтайшалардан жасайды. Жәшіктің ең қолайлы ұзындығы 40-50 см. Стационарлы жәшіктерді терезе алдына және  балконға ұзыннан ұзақ жасаған дұрыс. Су ағыны үшін жәшік түбіне диаметрі 1,5-2 см, арасы 15-20 см болатын екі тесік жасайды. Жәшіктің түбіне ол тұғырықта нығыз тұруы үшін көлденең тақтайшалар қағады. Тұғырықты жәшікке қарағанда 2-3 см кең әрі ұзын жасайды. Жәшікті балкон қоршауымен бекітеді, терезе алдына, үстелге, тіреуге қояды, контейнерге іледі.

Сату. Сіз өсірілген көкөністерді дүкендерге, мейрамханаларға, кафелерге немесе жергілікті базарларға өткізе аласыз. Сату нүктелеріне хабарласып, тұрақты клиент табуыңыз да әбден мүмкін.

Болжамды есептеулер. Шығыстарға ұрық сатып алу кіреді (1 қалташасы, өсімдік түріне қарай, 90 теңге және одан жоғары). Кәдімгі топырақты, оған минералды тыңайтқыш қосып пайдалануға болады (1 қалташасы шамамен 200 теңге), бұлай жасау шығыныңызды үнемдейді.

Сіздің бизнесіңіз жыл бойы табыс әкеледі, ал қысқы уақытта көкөністеріңіз ерекше сұранысқа ие болады. Мәселен, қарапайым аскөк ұрығының қалташасы 70-90 теңге тұрады, ал қыста бір бумасы 2-3 есеге қымбат болады, дәл осы қағида басқа да көкөністерге қатысты.

Оцените автора
Пікір қалдырыңыз