Ұстахана ісі

ұстахана ісі Қалаға арналған бизнес жоспарлар

Ежелгі кезден-ақ темір ұсталары ең күшті және сыйлы адамдар болып саналған.  Қазіргі кезде ұстахана ісі –  бизнестің үйде отырып айналысатын табысты түрі. Бүгінгі күні қаңылтырмен қаптау сәнге айналып отыр,  ал аса шеберлікпен жасалған торлар, үстелдер, фонарьлар мен орындықтарға деген сұраныс күннен күнге артып келеді.

Атап өтерлігі, темір ұстахана кәсібімен айналысу мен жеке ұстаханаға ие болу – машақаты мол, бірақ өте пайдалы бизнес. Сондай-ақ, өзіңіздің өміріңізді жеңілдету үшін біреудің бизнесін сатып алуға да болады.

Кәсіпкерлік қызметті бастамас бұрын санитарлық-эпидемиологиялық шешім алу керек.

Ғимарат. Ұстахана ісіндегі ең басты мәселе – оған лайықты орын табу. Мұндай жағдайда ең жақсысы қандайда бір цехтың 40-50 м² аумағын жалға алу, ал егер оның құрал-жабдықтары болса, тіптен жақсы. Өз цехыңызды салуға да болады, бірақ оған біраз уақыт кетіп, жүйкеңіз әбден тозады.

Құрал-жабдықтар. Ұста жұмысының маңызды элементі – оның құрал-жабдықтары. Әр ұстахананың кем дегенде 2 тірек құрал-сайманы болуы керек: үлкен және кіші қыстырғыш; түрлі ұратын құралдар: балғалар, кувалдалар; заттарды өңдейтін, керек емес бөліктерді кесетін құралдар, сондай-ақ қыспақтар, қысқыштар, бекіткіштер және т.б. Мұндай құрал-жабдықтардың барлығын сатып алу үшін қомақты капиталды қажет етеді, бірақ әрдайым бұрын қолданылған құралдарды сатып алуға болады, бастысы оның сапасы мен тозу деңгейін мұқият тексеру керек.

Ең бастысы ұстахананың бұрышында, өзіңіз түсініп отырғандай, ошақ тұрады. Қазіргі кездегі ошақтарда көмір, кокс, тіпті ағаштарды, сондай-ақ сұйық отындар мен газ отындарын пайдалануға болады.  Бірақ бәрібір де, жеке ұстахана үшін қатты отынға арналған шағын ошақтың болғаны дұрыс. Оған қоса, төменгі пропанды шағын ошақтар да бар, бірақ олар өте қымбат. Ошақтың жанында қалдықтарға арналған арнайы контейнерлер, отын, су,  дәнекерлеу үшін бос орын болуы тиіс.

Қызметкерлер. Ұстаханаға көп қызметкер қажет емес. Ең басты тұлға – жақсы ұста. Оған көмекші керек болады. Бастапқы кезде оның рөлін  отбасыңыздың мүшелері атқара алады, бұл өз кезегінде отбасылық бизнесті бастаудың ең жақсы бір тәсілі болып табылады. Жеке дара шығармашылық сөзсіз үлкен пайда әкеледі. Бұл үшін сізге кәсіби суретші қажет болады. Оны штатқа жұмысқа алу міндетті емес, онымен тапсырыстың түскеніне қарай эскиздерін сатып алу жөнінде  келісуге болады.

Өткізу. Сіздің клиенттеріңіз ретінде құрылыс мекемелері, коттедж, жеке меншік үй иелері, жеке балабақшалар, басқа да оқу орындары, қоғамдық тамақтану орындары, мемлекеттік ұйымдар бола алады.

Бірнеше үлгілер жасап, сіз өз блогыңызға жұмыстарыңыздың суреттерін, олардың бағаларын, байланыс телефоныңызды орналастыруыңызға болады.

Жергілікті газеттерге, телеарналар мен радио желілеріне жарнама берген де дұрыс болар еді.

Болжамды есептеулер.

1. Шығыстар:

Ресейлік «Мастер1» ұстаханалық құралын алуға болады – 825 000 теңге.

«Мастер-1» станогы бір кезектік жұмыс уақытында (смена) мықты темірден 600-700 әртүрлі классикалық көркемдік соғудың элементтерін жасауға мүмкіндік береді (18х18, 16х16, 14х14, 12х12, 10х10, 8х8 квадраттары, дөңгелектер, кесінділер және  кескінді құбырлар). Бұл айына күрделілігіне қарай 700 м²-ден 1200 м²-ге дейін соғылған бұйымдарды жинауға мүмкіндік береді.

Әрине, сіз станоктың басқа да түрін ала аласыз.

2. Табыс:

Қаңылтырмен қапталған элементі бар соғылған заттардың (қаз табан, қырлы және күмбезді найза) Қазақстандық сауда нарығындағы орташа бағасы 1м²  үшін 6 000 теңге. «Мастер-1» станогында  жасалған 1м² тордың өзіндік құны – 2 000 тенге. Нәтиже: 6 000 теңге — 2 000 теңге = 1м² үшін таза пайда  4000 теңге;100 м²тордан сіз 400 000 теңге пайда табасыз.

Оцените автора
Пікір қалдырыңыз