Aiymfood — талпыныс пен еңбекқорлықтың үлгісі

БИЗДІКІ

Алдағы жылы Қызылорда қаласында Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығын ашып, 2022 жылы кәсіпкер-әйелдердің санын 20 мың адамға дейін жеткізу жоспарлануда. Шағын кәсіпкерлікте нәзік жандардың орны ерекше. Олар нарыққа бейімделіп, үй жағдайында әртүрлі кәсіппен айналысуда. Тігін тігеді, тәтті тағамдар әзірлейді.

Қазақтың ұлттық тағамдары өзіндік жұмсақтығы мен тіл үйірер дәмімен ерекшеленеді. Оларды негізінен мал шаруашылығы өнімдері – ет пен сүт, десерттер, пісірілген нан өнімдері мен сусындар құрайды.

Ұлттық тағамдарды дайындау мен сату – табысты шағын бизнес. Оларды әзірлеудің бизнес бағдарымен танысқыңыз келсе осы СІЛТЕМЕГЕ басыңыз.

aiymfood тефтели

Мереке қарсаңында мекемелерді аралап, өз қолымын әзірленген түрлі ұлттық тағамдар мен жартылай дайын фабрикат өнімдерін ұсынып жүрген келіншекті кездестірдім. Бұл сый-кәделер алуға жұмыстан қолы босамаған қызметкерлерге ынғайлы. Кәсіпкер келіншектің аты Айжан екен. Ол өнімдерінен негізінен азық-түлік дүкендеріне өткізеді екен. Қалғанын осылай мекемелерде немесе инстаграм парақшасы арқылы сатады екен. Тұрақты тұтынушылары бар. Сататын өнімдерінің арасында құрт, жент, фаршталған бұрыш, котлет, тефтели, вареники бар. Қазақ шоколады болып кеткен жентінің дәмі тіл үйіреді.

Айжан бюджеттік мекемеде жұмыс жасайды, бала күтіміне байланысты демалыста осы кәсіппен айналысуда. Отбасына осындай шағын кәсіппен қосымша табыс келтіруде.

Сіздердің де қолдарыңыз босамай жатса, Айжан қарындасымызға тапсырыс берсеңіздер болады.
Инстаграмдағы парақшасы: @aiymfood , телефоны: 87082343618 .

Сәлем!
Мен "Basta!" жобасының жетекшісімін. Каир университеті Сауда факультетінің түлегімін. Қазір Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасында жұмыс жасаймын.
Бос уақытымда инкубатор жасаумен шұғылданамын.

Оцените автора
Пікір қалдырыңыз