Ұлттық тағамдарды дайындау

ұлттық тағамдар Ауылға арналған бизнес жоспарлар

Қазақтың ұлттық тағамдары өзіндік жұмсақтығы мен тіл үйірер дәмімен ерекшеленеді. Қазақ тағамдарының негізін мал шаруашылығы өнімдері – ет пен сүт, десерттер, пісірілген нан өнімдері мен сусындар құрайды.

Қазақтың ұлттық тағам өнімдерін дайындауда суға пісіру әдісі ерекше орын алады. Азықты дайындау мен ұзақ уақыт сақтау аса маңызды болып табылады. Мал сойғанда, еттің көп бөлігін керегіне жұмсаған, ол үшін тұздаған, кептірген, ыстаған. Деликатес тағамдарды, негізінен, жылқы етінен жасайды – қазы, шұжық, жал, жая, қарта және т.б. Нан көбінесе шелпек түрінде пісіріледі, пісірілген өнімдер ішінде ең танымалы – бауырсақ. Жалпы, ұлттық тағамдарды дайындау мен сату – табысты бизнес.

Дайындау әдісі. Қазақтың ұлттық тағамдары десерттерінің бірі мыналар – жент, талқан, балқаймақ және т.б.

Жент – қазақ шоколады. Оны дайындау үшін, яғни1 кг. жентке 500 гр тары, 400 гр ірімшік, 200 гр қант, 50 гр ас қасық мейіз, 200 гр сары май керек. Ірімшік пен тарыны келіде ұсатады. Қоспаға қант пен мейіз қосып араластырады, оған ерітілген сары май құяды, қатқанша суытады. Дайын жентті қызған өткір пышақпен кеседі.

Талқанды сары маймен қосып дайындау үшін 100 гр. тары, 100 гр. сары май керек. Талқанды пісірілген әрі тазартылған, келіде ұсатылып, елеуіштен өткізілген тары, бидай мен жүгері дәндерінен әзірлейді. Дайын талқанды сары маймен сіңгенше араластыру керек. Сонымен қатар талқанды қаймақпен, сүтпен, сорпамен, сумен, шикі жұмыртқамен араластыруға болады.

Балқаймақ. Терең табаға немесе қазанға қаймақ құйып, бетінде майы пайда болғанша араластырып, қайнатамыз. Қаймақты қайнатқан кезде бал не қант қосуға болады. Одан кейін қаймаққа ұн қосып, жақсылап араластырып, тағы 10 минут қайнатамыз. Ыстық күйінде дастарханға қоямыз.

Дайындау технологиясы. Қазақтың ұлттық тағамдары өзіндік жұмсақтығы мен тіл үйірер дәмімен ерекшеленеді. Ол дәмдеуіштерді ажырата біледі, жай отта суға ұзақ пісіруді талап етеді, соның нәтижесінде өнім ерекше жұмсақтық пен дәмге ие болады.

Сұйық тамақтар негізінен, ет сорпасында және тұтас қышқыл сүтте түрлі өнімдердің қосылуымен  дайындалады. Сұйық тамаққа қой еті, сиыр еті, жылқы еті, түйе еті, сонымен қатар аталған  малдардың сүйектері кеңінен қолданылады. Жылқының сүйектері ғана сұйық тамаққа қолданылмайды, себебі ол  сорпаға жағымсыз иіс пен дәм беруі мүмкін. Балық сұйық тағамдарға аз көлемде, негізінен суық сорпаларға ғана қолданылады. Ал сорпаның гарниріне үй кеспесі, салма, т.б. пайдаланылады. Қазақша сұйық тағамдарды дайындаудың ерекшелігі – сары май немесе маргаринге тарыны пісіру. Мұндай тәсіл тарының тез пісуіне жәрдемдесіп, дәмін келтіреді.

Екінші тағамдарды еттің алуан түрінен (қой, сиыр, жылқы, түйе, қарақұйрық, құс еті) дайындайды. Етке көкөністер, тары, ұн өнімдері араластырылады, не таза еттің өзінен кәуаптар жасайды. Кейбір екінші тағамдарды балық пен көкөністерден дайындайды.

Оларды дайындау барысында ұнның жоғарғы сортын пайдалану керек. Ұн тағамдарын дайындағанда, ұнға сүт, қаймақ, қатық, май, жұмыртқа, қант, су, хош иісті және бояғыш заттар қосылады.

Жылқы етінен өнімдерді дайындаған кезде (қазы, шұжық, жал, жая, қарта) мұздатылған немесе салқындатылған ет, майсыз тік ішек,  жуан ішек, тері асты майы мен іш май, құйрық май, ас тұзы, құмшекер, қара бұрыш, ішектер қолданылады.

Сату. Өз сату нүктелеріңіз арқылы сатуға болады. Тағы бір тиімді әдіс – мейрамханалар мен дәмханалармен келісім-шартқа отыру.

Болжамды есептеулер.

1. Шығыстар:

Жент үшін — 1 кг. талқан (ұсақталған тары) = 400 теңге, 200 гр қант, 500 гр сары май = 500 теңге, дәміне қарай мейіз қосуға болады.

Балқаймақ үшін (1 литр) қаймақ, бидай ұны, бал мен қант, дәміне қарай тұз, шамамен 700 теңге.

Барлығы: 1 600 теңге.

2. Табыс:

1 кг жент = 1 200 теңге, аптасына10 кг сатылса, 10 кг* 1 000 теңге = 12 000 теңге.

1 кг балқаймақ = 1 000 теңге, аптасына10 кг сатылса, онда 10 кг х 1 000 теңге = 10 000 теңге.

Оцените автора
Пікір қалдырыңыз