Қызылорда қаласында қалауға арналған тор тоқылады

Қалауға арналған тор кладочная сетка БИЗДІКІ
Наурыз мерекесін 5 күн армансыз тойладық, қыдырдық. Биыл күн ерте жылуына байланысты құрылыс науқаны да ерте басталғалы тұр. Енді үй салғысы, есік алдына стяжка құйғысы келгендер жұмыстарды жоспарлап жатқан болар.
Қалауға арналған тор кладочная сетка
Қызылорда қаласында жергілікті кәсіпкер Исатай Нұржанов қалауға арналған тор (кладочная сетка) және бетон едендерін тартпалау кезінде қолданылатын тор (армированная сетка для стяжки) жасау кәсібін қолға алған.

Цехта 4 құрылғы жұмыс жасап тұр, 8 адам жұмыспен қамтылған.

https://www.youtube.com/watch?v=VWmSACh61Vg
Цехтың жұмыс жасап тұрғанына екі жыл болды, нарықта өз орнын алды. Өнімдері сұранысқа ие. Торларды цехта барып сатып алуға болады. Базардағы бағадан біршама арзан. Жеке өлшеммен тапсырыстарды да қабылдайды. Көп мөлшерде алғандарға жеңілдік бар.

Дара кәсіпкер «Әділханова», Қызылорда қаласы, Саяхат мөлтек ауданы-1, 130-квартал, тел.: 87479775530 (Исатай Нұржанов).

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдайық!

Сәлем!
Мен "Basta!" жобасының жетекшісімін. Каир университеті Сауда факультетінің түлегімін. Қазір Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасында жұмыс жасаймын.
Бос уақытымда инкубатор жасаумен шұғылданамын.

Оцените автора
Пікір қалдырыңыз