Бройлер тауықтарын өсіру

бройлер өсіру Ауылға арналған бизнес жоспарлар

Бройлер  –  қарқынды өсуімен, тез пісетіндігімен, жем шығынының төмендігімен ерекшеленетін жұмсақ, дәмді ет беретін етті балапан. Бройлерді таза салмағы 1,5-2 кг. жеткенде, 6-9 апталық кезінде сояды. Бройлер еті – 22,5 пайызға дейін ақуыздан (ақуызы 92 % алмастыруға келмейтін аминоқышқылдан) тұратын диеталық өнім.

Бройлер өсірудегі тауық тұқымдары 

Корнуэльдік тауықтар төбелескіш ескі ағылшын тұқымдарын малайлық және төбелескіш азиль тұқымымен будандастыру арқылы Ангияда шығарылған.

Етті-жұмыртқалы плимутрок тауық тұқымы АҚШ-тан шыққан. Оның қауырсын түсі бойынша жолақ ала, қара, қуқыл-сұрғылт, ақ және басқа да бірнеше түрлері бар. Бұлар бройлер өсіру үшін қолданылатын ең басты екі тұқым болып табылады. Сонымен қатар кучиндік мерейтойлық, панциревтік, род-айланд, нью-гемпшир,бірінші мамырлық және т.б. түрлері де бар.

Бройлер үй тауықтарын асырау. Тауықтарға арналған  лайықты қора – олардың денсаулығы мен өнімділігінің жақсы болуы үшін ең басты алғышарт. Тауыққора тауықтар еркін қозғалуы үшін кең (қолайсыз ауа райы кезінде, қыс мезгілінде тауықтар үнемі қорада болатындықтан), қолайсыз ауа райы ықпалынан қорғау үшін шатыры, қабырғалары мен едені жетерліктей ылғал мен жылу өткізбейтін, сонымен қатар жарық, жақсы желденетін және оңай тазаланатын болуы керек.

Бройлер үй тауықтарына жем беруТауық – қысқа ас қорыту жолы бар тамақ талғамайтын құс. Ол ең алдымен, азотты заттарға бай концентрацияланған дәндер, жануарлардың ақуызы және т.б жемдерді қажет етеді. Құнарландырылған жемдер тауықтардың тамақтануының үштен екісін, ал қалған бөлігін тамақ қалдықтары мен минералды заттар құрағаны жөн. Жұмыртқалау кезінде тауық кальцийді көп мөлшерде қажет етеді. Егер оның қорегінде кальций аз болса немесе сіңімді болмаса тауықтар сылақты, ең жаманы жұмыртқаны шоқи бастайды. Жұмыртқаламайтын кезеңде ересек тауықтар үшін дән мен үй шаруасының қалдықтары іспетті қорек жеткілікті. Ал жұмыртқалау кезінде жұмыртқа шығаратын тауықтарға арналған құрама жем қажет. Жаз мезгілінде тауықтарды сыртқа шығару үшін арнайы алаң қарастыған жөн, ал қыстыгүні жоңышқа, қалақай ұндарымен, тамырлы жемістермен қоректендірген дұрыс. Қыс мезгілінде жасыл жемнің орнына  тауықтар дұрыс қоректену үшін тамырлы түйнекті жемістерді азығына (картоп, қызылша, сәбіз және т.б.) қосу керек. Жұмыртқалау кезінде тауықтарға дәннің бір бөлігін  өскін түрінде беру қажет.

Бройлер балапандарын өсіру. Бройлерді өсіру үшін көп жағдайда бройлерлі құс фабрикаларынан немесе құс өсіру станцияларынан балапанның етті түрін таңдап алу қажет. Балапандарды 1 тәулік пен 3 тәулік аралығындағы жас шамасында алу қажет. Балапан өсірудің  өнімді әрі тиімді жүйесі – торда ұстау. Торлық жүйеде бройлерлер салмақты жылдам жинайды және кеңістіктің тар болуы себебінен жемді аз жейді.

Торды қолдан дайындауға да болады: еден мен алдыңғы есік ретінде шыбықтардан жасалған торды пайдалануға болады. Әр балапанға ұзындығы кемінде3 см. болатын жемдеу орны беріледі. Міндетті түрде жемдеу орнында жем үнемі болуын қадағалап отыру қажет. Ең дұрысы дәндер қоспасымен толтырылатын цилиндр тәрізді аспалы жемдеу ыдыстарын пайдалану. Сонымен қатар әр балапанға1,5 см. есебімен су ішетін ыдыс қажет.

Балапандар қатайғаннан кейін оларды құс қораға ауыстырады. Балапандардың дұрыс өсуі мен дамуын қамтамасыз ету үшін тауыққораның бірқалыпты температурасын ұстап тұру қажет. Интенсивті жемдеп, дұрыс күтіп-баптаса  бұл тауық өсіру әдісі 48-70 күнде1,5 кг. салмақ мөлшерінде құс етін алуға мүмкіндік береді.

Бройлерлерге жем ретінде құрамында барлық дәрумендер мен минералды заттары бар арнайы құрғақ қоспалар берген дұрыс. Балапан-бройлерлерді толық рационды құрама жеммен қоректендіреді, сонымен қатар, жем мен су тәулік бойы үзілмей берілуі тиіс. Жас шамасына байланысты құрама жемнің үш түрін мына тізбек түрінде пайдаланады:  алғашқы (1-4 күн), негізгі (5-30) және мәрелік (31-56 күн).

Өткізу нарығы. Бұл өндірістен пайда тек өткізу нарығын дұрыс жолға қойғанда ғана түседі. Сондықтан, қай сауда нүктелерінде бұл өнімді өткізуге болатынын анықтаңызӨткізудің тағы бір жолы – мейрамхана, дәмхана басшыларымен көтерме бағамен жеткізу туралы келісу.

Болжамды есептеулер.

Шығыстар:

  • балапандарды сатып алу – 30 дана x 300 теңге = 9 000 теңге.
  • жем сатып алу  5-30 күнге  -40 кг x 67 теңге = 2 680 теңге; 31-56 күнге =40 кг x 72 теңге = 2 880 теңге = 5 560 теңге.
  • Барлығы: 14 560 теңге.

Табыс:

Бір балапанның етін сату = 1 000 теңге x 30 балапан = 30 000 теңге.

Оцените автора
Пікір қалдырыңыз