Көксөк пен татымдылар (дәмдеуіштер) өсіру

дәмдеуіштер Ауылға арналған бизнес жоспарлар

Көксөк пен татымды дақылдардың барлығы дерлік бақшада өседі. Мерекелік дастарханды көксөк себілген салаттар мен ыстық тағамсыз елестету мүмкін емес. Барлық дерлік тағамдарға хош иісті аскөк, ақжелкен, дәмі ауыз қуыратын ақжелкен, базилик және тағамдарға ерекше ұқсамайтын реңк пен ерекшелік беретін т.б. шөптер қосады. Жақсы мейрамханаларда нағыз тамақ талғағыштар әзірленген тағамның дәмін шын мәнінде бағалай алуы үшін жылыжайлық жағдайда көксөктер өсіреді.

Кез келген жақсы дүкендерден қыс немесе жаз, көктем не күз екендігіне қарамастан, жылдың кез келген мерзімінде көксөк сатып алуға болады. Бірақ, әрине, шөптер қыста бағалырақ саналады. Аскөк, көк пияз, ақжелкен, қымыздық бағалары бірден көтеріледі, бірақ бұл адамдарды еш алаңдатпайды, өйткені жаздың дәмін сезіп, дәрумендердің күшті мөлшерін алу қажет. Ағза үшін пайдалы, әртүрлі дәрумендер мен аминқышқылдарға толы көксөк барлық микробтар үшін нағыз жоюшы.

Көксөк өсіру технологиясы. Көксөк және татымды шөптер өсіру маусымдық іс емес, мұнымен жазда да, қыста да айналысса болады. Жазғы күндері көксөкті өсіру жаңа бастаған бағбан үшін де қиынға соқпас, ең бастысы уақытылы суарып, өнімді жинап алу.

Пәтерлерде қысқы кезеңде көкөніс, көксөк дақылдарын өсіруге қатысты арнайы ереже бар: бөлме биік, кең, әрі жарық болған сайын өсімдіктер де, әсіресе, қысқы кезеңде жабық тұрғынжайдағы барлық келеңсіздіктерді оңай еңсереді.

Қыста үйдегі жағдайда көксөкті таңдаулы қара топырақ толтырылған жәшікте өсіруге болады, топырақ кез келген гүл сататын дүкенде сатылады, бір қуанатыны онда шөптер пен арамшөптер болмайды. Сіздің басты міндетіңіз – жәшіктерді көбірек жасау. Көксөк жарық пен жылуды ұнатады, сондықтан да оған жылыжайлық жағдай жасау керек. Бұл үшін топырақ толтырылған жәшікті батареяға қойып, күндізгі жарық лампасын үстіне орналастыру жеткілікті.

Өнімді сату. Бизнес маркетинг пен өткізу нарығы жөнге қойылғанда ғана сұранысқа ие болып, табыс әкеле бастайды. Осылайша сіз аз шығындала отырып, жақсы пайда таба аласыз. Сізден көксөк алуға кез келген қоғамдық тамақтану мекемесі, кез келген азық‑түлік дүкені келіседі. Сондықтан да, сіздің өнімді көбірек алуға деген қызығушылығыңыз жоғары болады.  Көксөк ұрығы мамандандырылған дүкендерде сатылады және олар қымбат тұрмайды. Жазғы кезеңде сіздің өнімді бірнеше рет алуға мүмкіндігіңіз болады, ал қыста көксөк қымбат тұрады.

Табыс көлемі сатуға шығарылған өнімнің мөлшеріне байланысты.  Бизнестің көптеген салалары үшін дағдылы заңдылық бұл істе де өз күшінде болады– неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы.

Болжамды есептеулер.

1.Шығыстар:

  • ұрығы (20 қалташа) – 900 теңге.
  • минералды тыңайтқыштар (1 тал) – 250 теңге.
  • жәшік 20 тал 150 теңгеден – 3000 теңге.

Барлығы : 4 150 теңге.

2.Табыс:

Көксөктің төмендегі сорттары мен түрлерін сату – бәден, жасылша, базилик, сүйментамыр, иссоп, жыланбалық, шытыр-салат, майоран, эстрагон, желкек, бабажапырақ, күнзе, жаужапырақ, жалбыз, сәлбен, тасшөп, зире, жебіршөп, гүлшетен, рута, нигелла, фенхель.

Көксөкті жазғы уақытта сату: 1 бума – 200-300 теңге, барлығы 20 бума болса  = 4 000-6 000 теңге.

Көксөкті қысқы уақытта сату: 1 бумасы – 400 теңге, барлығы  20 бума болса = 8 000 теңге.

Оцените автора
Пікір қалдырыңыз