Монша мен сауна үшін сыпыртқы дайындау

сыпыртқы Ауылға арналған бизнес жоспарлар

Қайың сыпыртқылары  – бұл моншаға барудағы қажетті аксессуар. Біздің ешқайсымыз да нағыз моншаны сыпыртқысыз елестете алмаймыз. Моншада ең болмағанда бір мәрте болғандардың әрқайсысы жақсы сыпыртқымен буға қыздырыну нағыз рахат екенін біледі. Монша сыпыртқысы  бұл – көп мөлшерде тер шығарушы, зат алмасуды күшейтуші, дене массажы, зиянды микроорганизмдерді теріден шығарушы.

Бұндай бизнесті ұйымдастыру үшін, ең біріншіден қайың сыпыртқылары қажет. Қалалық жерлерде олар аз өседі, сондықтан үлкен қайың сыпыртқыларын дайындау үшін орманға барған жөн.

Жабдықтары. Сыпыртқы дайындау үшін сізге секатор, пышақ пен жіп секілді бірқатар жеңіл-желпі құралдар-жабдықтар қажет.

Технология. Сыпыртқыларды мамыр айының соңы мен маусым айының басында дайындау қажет. Сыпыртқыны жолдың бойында емес, орманда, жиектерде, ағаш отырғызылған орындарда ғана дайындауға болады. бірақ ешқашанда алуға болмайды! Жол бойында көліктер көп жүреді, соның салдарынан пайдаланылған газдың құрамындағы ауыр металлдар ағаштың жапырақтарына жинақталып қалады. Жауынның немесе шықтың бірде-бір тамшысы жоқ құрғақ бұтақтарды ғана кесуге болады, себебі жаңбыр астында кесілген бұтақтар және олардың ылғалды жапырақтары кептіру барысында бұзылып, жапырақтары ұшып кетуі мүмкін. Сыпыртқы жасау үшін ең қолайлысы – жерге жақын өсетін (бірақ қатты төмен емес) 2-3 жылдық бұтақтар. Қайың сыпыртқысы үшін су жағасында өсетін қайыңды таңдаған жөн. Бұтақтары жас, бірде бір рет гүлдемеген қайыңдар жоғары бағаланады. Оның жапырақтары да нәзік әрі жұмсақ. Сонымен қатар, бұтақтар жіңішке, ұзын, майысқақ, тік, салбыраған болуы керек. Негізі ағаштың басына емес жанына қарай өскен өскіндерді кесу керек; бір ағаштан ғана емес әр ағаштан кесу қажет. Содан кейін дайындалған бұтақтарды бір‑екі күн тобарсыту керек. Бұдан кейін бұтақтарды ұзындығы бойынша сұрыптайды және сыпыртқы етіп байлай бастайды. Буға қыздырынушының бойы мен монша биіктігіне қарай ұзындығы 400-600 мм.-лік сыпыртқы таңдалып алынады. Сыпыртқыны жапырақтарының жалтыраған жағы (күңгірт жағы емес) сыртқа қарап тұратындай етіп байлау керек. Алдымен жуанырақ бұтақтарды, содан кейін жіңішкелерін қаттайды. Сонда оның ұстағышы да дөңгеленген болады. Ұстағыштың жуандығын буға қыздырынушы брезент қолқап киіп, сыпыртқыны қолына алғанда ол ыңғайлы және нығыз тұратындай етіп жасау керек. Сыпыртқыны кендір немесе мақта‑мата жіппен байлаған жөн. Сыпыртқыны сыммен байлауға болмайды, өйткені қолқапсыз пайдалану кезінде ыстық моншада сым қатты қызып, қолды күйдіріп жіберуі мүмкін.

Сыпыртқыны кептіру. Сыпыртқыны күнге кептіруге болмайды. Кептірудің ең қарапайым тәсілі – сыпыртқыны жұп‑жұбымен байлап шатырға іліп қою. Егер шатыр болмаса, онда балконның көлеңкелі жеріне кептіру қажет. Жабық лоджада сыпыртқы буланып кетеді. Нәтижесінде жапырақтары бұралып, соның салдарынан тез түсуі мүмкін.

Сыпыртқыларды сақтау. Сыпыртқылар кепкен соң, оларды қаңырсып кетпеуі үшін жалпақ желпуішке ұқсайтындай етіп жатқызып сақтау керек. Сыпыртқыларды көлеңкеде сақтау керек. Бірақ сақтаудың тәсілдері де әртүрлі болады. Сыпыртқыларды кептірудің бір тәсілі мынадай. Жас сыпыртқыларды еденге жатқызады. Басында бір-біріне жақын етіп орналастырады. Күн сайын жапырақтары құрғағанша оларды аударып тұрады. Сосын сыпыртқыларды бір-біріне барынша тығыз қояды. Белгілі бір уақыт өткен сайын қатты кепкендерін төменге, ылғалдауларын үстіне  ауыстырып тұрады.  Біртіндеп сыпыртқылар жаншылып, желпуіш түріне келе бастайды. Сыпыртқыларды жұп‑жұбымен жіпке іліп сақтайды.

Сату. Ауылдық жерлерде сыпыртқыларды елдің барлығы дерлік жасай алады,  сондықтан оны сату үшін қалаға баруға тура келеді. Қалада қала моншалары жұмыс істейді және оларды сыпыртқылармен ұдайы қамтамасыз етіп отыру керек. Барлық жақын арада орналасқан моншалар мен сауналарға қоңырау шалып шығыңыз, олар Сізбен сыпыртқы сатып алу бойынша келісім-шарт жасап қалуы әбден мүмкін.

Көптеген қалаларда халықтың белгілі бір бөлігі моншалары бар жер үйлерде тұрады. Бұндай аудандарға жарнама іліп қоюға болады. Сыпыртқыларды мамандандырылған дүкендерге және базарларға сатуға болады. Мүмкін сіз өзіңіздің барлық өніміңізді бірден сатып алатын және әрқашан Сізбен жұмыс істейтін саудагер тауып аласыз.

Болжамды есептеулер.

1. Шығыстар:

Құрылғылары – 1 000 теңге.

2. Табыс:

Сыпыртқы сату 1 тал – 250 теңге.  20 тал дайындасаңыз, сіз 5 000 теңге мөлшерінде пайда табасыз.

Оцените автора
Пікір қалдырыңыз