Өсімдіктер өмір сүру үшін оларға ең алдымен коректену қажет. Олар өздерінің коректік заттарын топырақтан алады. Сөз жоқ, бақша топырағында коректік заттардың негізгі көзі болады. Бірақ оны үнемі толықтырып отыру қажет. Ол үшін ең алдымен топыраққа органикалық, содан кейін минералды тыңайтқыштарды себу қажет.
Коректенудің басты элементтеріне азот, фосфор және калий жатады. Ал өсімдіктерге аз мөлшерде магний, натрий, марганец, кальций, темір, сонымен қатар бор, мыс, мырыш, молибден сияқты микроэлементтер қажет. Осылардың барлығы далалық, бақшалық және қыртысты жерлерде кездеседі, алайда олардың мөлшері органикалық материалдарда айтарлықтай көп. Органикалық заттардың 30 – 40% көбі қосымша себілген тыңайтқыштарға жататын шымтезекте, қарашірікте, шіріген жапырақтарда кездеседі.
Тыңайтқыш түрлері мен дайындау технологияcы. Органикалық тыңайтқыштардың тобына төмендегілер жатады:
- өсімдік тектес;
- құрғақ жануарлар тектес;
- балық эмульсиясы негізінде;
- жануарлардың көңі мен тезегі;
- табиғи (синтетикалық емес) минералдар;
- балдырлар негізінде;
- компосттар.
Казіргі таңда көптеген бақшашылар минералды тыңайтқыштардан бас тартып немесе оларды қолдануды азайтып, органикалық жер игеруге көшуге тырысуда. Мұндағы басты мақсат – ақшаны үнемдеумен қатар, экологиялық таза өнім алу.
Сондықтан біз арзан, айтарлықтай қол жетімді, бірақ көп жағдайда қолданыла бермейтін және ең бастысы дұрыс дайындалған жағдайда компост пен көңнен еш кем емес тыңайтқыштар туралы айтамыз.
Сабан мен пішен. Бұл тыңайтқыштарға қалаған кезде қол жеткізу бақшашылар үшін соншалық қиын болмаса да, оның құндылықтары туралы көп жағдайда ұмытып кетеді. Сабан мен пішен әртүрлі пайдалы қасиеттерге ие, мысалы олардың бірі ретінде суды сіңіру мен ұстап тұру қасиетін айтсақ болады. Сабанның бір бөлігі судың үш бөлігін сіңіре алады. Микроағзалардың өсімдік қалдықтарын, әсіресе сабанды қайта өңдеуі кезінде өсімдіктерге ауруларға қарсы төзімділік қасиет беретін ерекше зат экотол өңделініп шығады. Сабанды топыраққа себуден бұрын оны дұрыс дайындау қажет.
Түбі жоқ ағаш жәшікке бір қап сабан салып, оған 8 литрнесеп ерітіндісін құяды (50 -60 г. ерітінді 10 литр суға). Осылайша үш қапты жинап салады. Басқа ерітінді үшін шамамен1 кг. шіріп тұрған көңді немесе компостты алады да 10 литрсумен араластырып, дайын болған ерітіндіні сабан салынған жәшікке толғанша құяды. Бұл субстратты микроағзалармен тезірек толтырып, оның қозғалу механизмін жылдамырақ жүзеге асыру үшін керек.
Бұл операция әдетте қыркүйек айында жасалынады да, сабан осы түрінде қысқа қалады. Бір жылдан кейін сабан толығымен шіриді. Алынған субстрат арасында жартылай шіріген сабан қалдықтары бар, борпылдақ, қара-қоңыр түсті болады. Көктемде оны барлық өсімдіктерді отырғызу кезінде компост сияқты қолданады.
Ағаш үгінділері. Көптеген бақшашылар ағаш үгінділеріне айтарлықтай мән бермейді, немесе оны дұрыс қолданбайды. Көп жағдайда бақшашының өсімдік түбіне жас ағаш үгіндісін көп мөлшерде сеуіп, одан мол өнім күтетінін байқауға болады. Нәтижесі – қураған, сарғайған өнім. Ағаш үгінділері шіру кезінде азотты көп мөлшерде сіңіреді. Негізінен, шіри бастаған ағаш үгіндісін пайдаланған дұрыс. Олардың әр қапшығын азотты тыңайтқыш қоспасымен кезек-кезек араластыра отырып, бір үйме қылып жинайды. Қоспаны құстардың көңімен араластыруға да болады. Ағаш үгінділерін компостпен араластырудың қажеті жоқ, себебі олар 2-3 жылға дейін шірімей қоюы мүмкін. Қара шірікке айналған ағаш үгінділерін таңқурайдың, қарақаттың, қарлығанның түбіне (қалыңдығын 5 см етіп) пайдаланады. Нәтижесінде олардың маңына утаспа мен қияқ сияқты арамшөптер өспейтін болады.
Жапырақтар. Көптеген тәжірибелі бақшашылар жеміс ағаштары мен бұталарынан түскен жапырақтарды жинауға болмайтынын айтады. Бұл дұрыс. Бірақ қар астында қалған жеміс ағаштарының жапырақтарында зиянды жәндіктер қыстайды, сондықтан да жапырақтарды жинап алып, өртемей, керісінше шірінді түрінде басқа өсімдіктер үшін қолданған дұрыс.
Жиналған жапырақтарды бір төбе қылып үйеді де, оның үстіне құстардың көңінен дайындалған ерітіндінің (1:15) 30-40 литрін құяды. Тыңайтқышты күздің жаңбырлары шайып кетеді деп үрейленуге болмайды, себебі, біріншіден, жапырақтың бір бөлігі судың бес бөлігін ұстай алады, ал екіншіден оның көлемі көп болғандықтан су күз соңынан бастап қыстың басына дейін барлық үйіндіні жерге дейін шайып кетуі мүмкін емес. Ал көктемгі су тасқыны тек тыңайтқышты жапырақтар үймесіне теңдей бөледі.
Егер тыңайтқышты көктемнен бастап жасаса, күзге дейін жапырақтар толығымен шіриді, сондықтан олардың құрамында қыстап қалған зиянды жәндіктер қалып қояды деген қауіп болмайды.
Сату. Сіз жеміс-жидек, көкөніс және басқа да өсімдіктер өсіретін адамдарға органикалық тыңайтқыш сататыныңыз туралы ақпарат бере аласыз.
Болжамды есептеулер. Сізде бақша құрал-жабдықтары (күрек, тырма және т.б.) мен тыңайтқыш сақтайтын орын (қора) болса, онда қаржылық шығыстар болмайды. Дайын тыңайтқыштың бағасын сіз өзіңіз тұратын аймақтың ерекшелігіне байланысты белгілейсіз.