Шаян өсіру

шаян өсіру Ауылға арналған бизнес жоспарлар

Өзен шаяны  — жер шарының барлық түкпірінде үлкен сұранысқа ие бағалы омыртқасыз жануар. Өзен шаяны немесе crawdad, кішкентай омарды еске түсіретін тұщы су шаяны тәрізді болады. Олар желбір арқылы тыныс алады, су тоғандарында кездеседі, негізінен жыртқыштардан қорғаныс болатын, тұщы суы бар жылғалар мен ағындарда кездеседі.

Өзен шаяндарын өсіру 16%-ға дейін ақуызы мен 0,5%-ға дейін майы бар жоғары сапалы диеталық және дәмді ет алуға мүмкіндік береді. Шаяндар сорпа, тұздық және салаттар әзірлеу үшін пайдаланылады. Пісірілген мойындары мысалы балық тағамдарына гарнир ретінде беріледі.

Шаяндардың түрлері.  Қазақстанда өзен шаяндарының екі түрі кездеседі: еуропалық және қиыр шығыстық. Аса танымал және кәсіптік мәнге ие түрлері еуропа шаяндары болып табылады. Соңғыларының өз кезегінде екі түрі кездеседі: кеңашалы және ұзынашалы. Кеңашалы секілді түрді жемісті етіп өсіруге болады, өте кең әрі күшті етті қысқыштарымен ерекшеленеді, оның кең етті көкеттері (иірім) бар, оны аспаздық және консервілеу ісінде «шаян мойыны» деп атайды.

Бағу. Бақша маңындағы учаскеде шаяндарды өсіру үшін жасанды тоғанды пайдалануға болады. Тоған құрылысының технологиясы арнайы білім мен дайындықты талап етпейді. Шаяндар таза, тұрмыстық немесе өнеркәсіптік қалдықтармен ластанбаған тоғандарды ұнатады, олардың тереңдігі әдетте 2-5 м., бірақ жекелеген жағдайларда  8-15 м.-ге дейін жетуі мүмкін.

Жасанды тоған құрылысы туралы қосымша ақпаратты сіз мына сілтеме бойынша ала аласыз.

Жем. Өзен шаяндары табиғи жолмен тоғандарда тіршілік ететін, өз кезегінде ұсақ балдырлармен (фитопланктонмен) қоректенетін, ұсақ омыртқасыз жәндіктерді азық етеді (дафний, циклоп, коловраток және т.б). Шаяндарға да қосымша жем беру қажет. Шаяндарды кешқұрым азықтандырады, шаяндар жиналатын орындарға бұзылған ет пен балық қалдықтарын, түрлі көкөніс кесінділерін, нан қоқымын, түрлі суланған дәнді бидайларды, нанның жұмсақ жомдарын суға араласқан күйде немесе май шығару өндірісінен қалған қалдықтарды тастайды.

Табиғи жемдік базасы бар тоғандарда өзен шаяндарын өсіру бастапқы кезеңде шығындарды азайтады.

Көбейту. Шаяндарды көбейтудің екі түрлі шаруашылық тәсілдері бар – тоғандық және зауыттық. Бастапқы кезеңде тоғандық түрі тиімді болып есептеледі. Шаяндар тоғанға мына жолмен орналастырылады:  40-50 ұрғашысына  еркектерін  3:1 есебімен жібереді, өйткені шаянның еркегі бірнеше ұрғашысын ұрықтандыра алады. Олардың көбеюі көктем түскенде басталады. Шаяндардың шағылысуынан кейін құрттары жарып шыға бастайды, олар табиғи жағдайда өсіп дамиды. Бұл тәсіл ең қарапайым және бақша маңындағы учаскеге орналастырылған тоғандарда өзен шаяндарын өсіру үшін ыңғайлы. Бұл ретте иесінің рөлі су тоғанында тек қажетті жағдайларды жасау (оттегі режимі, судың кермектігі, рН), өзен шаяндарының сәйкес экологиясын сақтау, сондай‑ақ жемдік база жетіспесе, оларды қосымша жеммен қамтамасыз ету болып табылады.

Сату. Бизнес ұйымдасқан маркетинг болғанда ғана сұранысқа ие және табысты болады. Шаян бизнесінің бастапқы кезеңі үшін әлеуетті сатып алушыны іздеу мақсатында сіз тұратын қаланың барлық мейрамханаларына хабарласып шығу қажет. Егер жоспарлағандай сұраныс байқалмаса, онда базарлардағы балық сатушыларына өнімді өткізу керек. Тұрақты өткізу кезінде жас шаяндар мен тауар шаяндарын  өсіру және сату айтарлықтай табыс әкеледі.

Болжамды есептеулер.

1. Шығыстар шаяндарды өсіргенде болмайды десек те болады. Жемге шығыстар қажет емес, өйткені шаяндар табиғи жолмен қоректенеді. Сіздің тоғаныңыз толығымен өзен шаяндарын асырауға дайын болғанда  олар тіршілік ететін басқа тоғандардан тағы алуыңызға болады, сосын орнына әкеліп, карантиннен кейін жаңа тоғанға салуыңызға болады, осылайша шығын үнемделеді.

Егер Сіз тұратын жерде өзен шаяндары мекен ететін тоғандар болмаса,  оны сатып ала аласыз. Тірі шаяндардың орташа бағасы бір келісі үшін  900-1 100 теңге, бұл  6-12 талды құрайды. Бастапқы кезеңде  10 кг аласыз * 900 теңге = 9 000 теңге,  бұл 60-120 талды құрайды.

2. Табыс. Бір ұрғашысы бір жылда 60-тан 900-ге дейін уылдырық беретінін ескерсек, 50 (ұрғашы) * 400 (бір ұрғашысына келетін орташа уылдырық саны) = 20 000 уылдырық, оның  20 000 уылдырығынан 1000 кг шаян алуға болады,1000 кг * 900 теңге = жылына 900 000 теңге.

Оцените автора
Пікір қалдырыңыз