Түйе өсіру

Ауылға арналған бизнес жоспарлар

Түйе – сүтқоректі жануар. Бұл әлемнің құрғақ өңірлерінде – шөлдерде, жартылай шөл, далаларда өмір сүруге бейімделген  ірі жануар.  Қазақстанда түйенің байырғы тұқымы болып табылатын қазақтың қосөркеш түйесі бактриан немесе  қолға үйренген жануар ретінде белгілі бірөркешті дромадер кең тараған.

Үлкен түйенің салмағы – 500-800 кг, өнімге қабілетті жасы 2-3 жастан басталады. Түйелер 20 жылға дейін өмір сүреді. Бұл сүтқоректілер қатал әрі сусыз жерлерде өмір сүруге жақсы бейімделген. Қалың терісі күндізгі қапырықтан және түнгі суықтан қорғануға арналған. Әрбір түрі даму мен дене бітімінің өзіндік ерекшеліктеріне ие. Ересек түйелердің (ересек даму кезеңінде) таза салмағы орта есеппен 600-630 кгқұрайды, аналық түйе – 450-500 кг, 53% сойыстық шығым, ал жүн қырқымы бір ересек түйеден орта есеппен5 кг.

Өсіру. Түйе жазда өре, қыста қора секілді ең кең орында өмір сүреді. Ең бастысы қолданылатын орын таза, түйелер ылғалға өте сезімтал болғандықтан сыз өтпейтін болуы керек. Сауу, су беру, түйе жүнін қырқу автоматтандырылған болса, одан әрі түйе асырау айтарлықтай жеңілдей түседі.

Жемнің негізгі түрлері. Жыл бойы түйелер өрісте, жердегі шөппен азықтанады, түйе тікенектер мен жантақтардан басқа да түрлі өсімдіктерді жейді,  ал қыста оларды пішенмен қоректендіреді. Қатты жемді қорыту түйе үшін сөз емес. Түйені қыста тәулігіне бір рет, жазда екі рет суарады. Олар 10 минут ішінде 13 шелек су ішеді.

Көбейту. Түйені көбейту – мал шаруашылығында экономикалық ең тиімді сала. Түйелерде екі жылда бір рет бір бота туады.

Екі өркешті түйенің буаздығы (бактриана), ал боталарды сүтпен емізу ұзақтығы 6 ай,  көбею кезеңінің басталуы  3-5 жас.

Бірөркешті түйе (дромедар), оның буаздық уақыты 12-14 айды құрайды, ботасын емізу ұзақтығы 5-6 ай, аталығының көбеюге жетілуі – 4-6 жас, ұрғашыларынікі – 3 жас.

Түйенің 100 аналығынан орта есеппен 34-37 бас төл алуға болады. Түйе өсуді 7 жаста тоқтатады. Түйе күніне 3-4 литрсүт береді. Салқын күндері боталарды аналықтарынан бөлек жылы қораларда ұстайды және қоректендіру үшін оларға тәулігіне 6–7 рет жібереді.

Өнімді сату. Түйелерді өсіруден алынатын өнімдерді (шұбат, жүн, ет, май, ірімшік, тері) Қазақстан нарығында сатып өткізуге болады. Түйе сүтінің майлылығы 6,5% дейін жетеді. Ол ерекше дәмге ие сүт қана емес, сонымен қатар ұзақ сақталады, бактерицидті және емдік қасиетке ие болып табылады. Оны авитаминозда, туберкулезде, қант диабетінде, қан аздықта, созылмалы гастритте, колитте және басқа да бірқатар ауруларда пайдалану ұсынылады. Түйе сүті сиырдікіне қарағанда қаралау, майлылау әрі тәттілеу, ақуыздар мен С витамині мол, емдік қасиеттерге ие.

Егер тұқымына (бактриан, дромедар және олардың тармағы), жасына, өрістің жағдайына орай алып қарайтын болсақ,  олар  күніне 18 литрге дейін сүт береді, яғни жылына  2 000‑нан 4 000 литрге дейін, олай болса бұл күй талғамайтын жануарды өсірудің табысты екенін естен шығаруға болмайды. Түйені асырауға арналған барлық шығыстар тек жүнді сатумен ғана ақталады. Бірақ, жүннен басқа түйе 300–400 кг ет, оның ішінде 150 кг түйе майын, үлкен тері береді,  жүні (өте жылы әрі емдік қасиеті бар) және басқа жануарларға қарағанда бірнеше қатпардан тұратын ерекше терісі тағы бар. Бұл ерекше үнемді сала.

Болжамды есептеулер.

Шығыстар:

  • түйе сатып алу – 2 түрі x 150 000 = 300 000 теңге.
  • пішен – 2500 теңге тоннасы үшін x 2 т = 5 000 теңге.

Барлығы: 305 000 теңге.

Табыс:

Мысал ретінде түйенің бір түрін алып қарайық.

  • Түтіп дайындаудағы мамық 5 кгжүн x 2 түйе =10 кг, 100 г= 300 теңге x 10 кг = 30 000 теңге.
  • Түйе сүтін сату, күніне 4 литр x 250 теңге = 1 000 теңге x 30 күн = 30 000 теңге айына.
Оцените автора
Пікір қалдырыңыз