Мал бағу

мал бағу Ауылға арналған бизнес жоспарлар

Ауылдық жердегі ең маңызды мамандық – мал бағушы. Алайда жыл сайын осы мамандықты иеленушілер сиреп барады. Сондықтан да үй жануарлары асырауды табысты бизнес көзіне айналдыруға болады.

Технология. Қазақстанда жайылымдық кезең мамыр айында басталады. Жайылымдық кезең 207 күннен бастап,  243 күнге дейін жалғасуы мүмкін. Жайылымдарды таңдау кезінде топырақтың құнарлылығы мен рельеф сапасын, сонымен қатар жақын маңда судың бар-жоқтығын ескеру керек. Топырақ тозуын болдырмай, жайылымдағы шөппен қоректену белгілі бір уақытқа созылуы керек, шөп бетінің желінуіне байланысты жайылым жерлерді ауыстырып отыру керек.

Мал бағу барысында шөптің сапасына да үлкен мән беру керек. Шөп түбірімен жұлынатын, қызыл түсті, дәмді болса, құнарлы болып есептеледі.   Жайылымда қалған жылқы тезегіне қарап шөптің сапасын анықтауға болады. Егер ол қара түсті, үлкен, тұтас, бірақ қатты емес болса, онда жайылымдағы шөптің сапасы жақсы. Орманды жерлердегі шөп нашар, ал биік жерлердегі шөп жақсы болып есептеледі.

Мал бағудың екі негізгі әдісі бар: жүйесіз (реттелмеген), жүйелі (реттелген).

Реттелмеген мал бағу. Мал үшін жайылым кеңістігі шектелмейді. Олар тек жас шөпті жейді, сондықтан шөп тез арада таусылып отырады. Жаздың екінші жартысында мал ескі шөпте бағылуы тиіс, өйткені жас шөп болмай қалады. Ескі шөптің құнарлылығы аз болады, жайылым өз сапасын жоғалтады, бір жағында гүлдеп, бір жағында шөп өсіп, ала болып жатады, сондықтан малға қосымша азық береді.

Реттелген мал бағу. Мұндай жағдайда өнім мен шөп азайып қалмау мақсатында мал бағатын учаскелер алмастырылып отырады. Шөп бір рет қана қолданыста болуы керек (яғни шөп екінші мәрте шыққанда мал жайылымда болмау керек). Көктемде жайылымнан кейін шөп ұзындығы 5-6 см болғанда, шөп тәулігіне 1-1,5 см өседі, сондықтан малды 10 күннен кейін, ал жаздың екінші жартысында 15 күннен кейін ғана жайылымға жіберу керек. Жануарларды жайылымда 6 күннен артық ұстамау керек.

Жайылымды дұрыс ұйымдастыру үшін,1 гажерге қанша малды бағуға болатынын анықтау керек. Жайылымның көлемін анықтау үшін ондағы өнім көлемін, малдың тәуліктік азығын, жайылым уақытын білу керек.

Үй құстарын, мысалы, қаздарды асыраған кезде олардың қоректенуді жақсы көретінін ескеру керек. Егер қазға жасыл азық қана жем етіп берілсе, оның2 кгжеп қаз толықтай тояды. Сонымен қатар қаз еркін жайылғанды ұнатады. Оларды жаю үшін су жайылған және кебу жайылымдарды, астық жиналғаннан кейінгі жерлерді, шөп отырғызылған учаскелерді таңдау керек. Жасыл астық тұқымдас өсімдіктер ішінен қаздар шалғындық мятлигін, өрмелеуші пырлерді, қара бидай мен сұлыны, түрлі шөптер ішінен – мыңжапырақты, бұршақ дақылдылар ішінен – жоңышқа мен люцернді жақсы көреді. Құсты жаю барысында оны сумен міндетті түрде қамтамасыз етіп отыру керек. Сондықтан қаздар үшін суға жақын жайылымдар ең жақсы жайылымдар болып табылады. Қаздар су айдындарында да жақсы қоректенуі мүмкін. Олардың дене сезгіштігі жақсы дамыған, сондықтан судағы азықты олар көру қабілетінің арқасында емес, тұмсығы арқылы сезеді.

Қызметкерлер. Бір ғана қажетті маман ол – бағушы.

Бағушы, біріншіден, жануарларды қорғап, оларға жағдай жасау үшін керек. Екіншіден, табын өте үлкен болған кезде оны дұрыс ұйымдастыра білу үшін қажет. Ауылшарушылық малдары мен құстарды қалалық саяжайларда, көшелер мен аула ішіндегі аймақтарда, адамдардың демалу және суға түсу орындарында жаюға тыйым салынған.

Болжамды есептеулер.

Шығындар:

Малшының күні бойғы су мен тамағына кететін шығын.

Табыс:

  • Бір сиырдан айына 200 теңге және одан да көбірек пайда табуға болады.  Егер табында 100 бас болса, онда 100 бас * 200 теңге = айына 20 000 теңге болады.
  • Бір жылқы үшін айына 500 теңге не одан да көбірек пайда табуға болады. Егер табында 50 бас болса, онда 50 бас * 500 теңге = айына 25 000 теңге болады.
  • Бір қой үшін айына 100 теңге не одан да көбірек пайда табуға болады. Егер табында 100 бас болса, 100 бас  * 100 теңге = айына 10 000 теңге болады.
  • Бір қаз үшін айына 50 теңге, ал егер 100 қаз болса, онда 100 бас * 50 теңге = айына 5 000 теңге пайда табуға болады.
Оцените автора
Пікір қалдырыңыз

  1. KazLIFE

    Бай болу үшін кәсіп керек! Кәсіпкер болу не керек?

    Ответить
    1. Basta автор

      Сіздің сұрағыңызға жауапты мына жерден оқи аласыз http://wp.me/p1vOdN-1q

      Ответить